Дала өрттерiн, сондай-ақ мемлекеттiк өртке қарсы қызмет бөлімшелері жоқ елдi мекендерде өрттерді сөндiру қағидаларын бекiту туралы
Қазақстан Республикасы Ішкі істер министрінің 2015 жылғы 11 ақпандағы № 107 бұйрығы
(2025.14.09. берілген өзгерістермен)
ҚР Төтенше жағдайлар министрінің 2025.28.08. № 375 бұйрығымен кіріспе жаңа редакцияда (2025 ж. 14 қыркүйектен бастап қолданысқа енгізілді) (бұр.ред.қара)
Қазақстан Республикасының «Азаматтық қорғау туралы» Заңының 12-бабының 1-тармағының 64) тармақшасына сәйкес БҰЙЫРАМЫН:
1. Қоса берiлiп отырған Дала өрттерін, сондай-ақ мемлекеттік өртке қарсы қызмет бөлімшелері жоқ елді мекендердегі өрттерді сөндіру қағидалары бекітілсін.
2. Қазақстан Республикасы Ішкі істер министрлігінің Төтенше жағдайлар комитеті (В.В.Петров) заңнамада белгiленген тәртiпте:
1) осы бұйрықты Қазақстан Республикасы Әдiлет министрлiгiнде мемлекеттiк тiркеудi;
2) осы бұйрық мемлекеттiк тiркелген соң күнтiзбелiк он күн iшiнде оны мерзiмдi басылымдарда және «Әдiлет» ақпараттық-құқықтық жүйесiнде ресми жариялауға жiберудi;
3) осы бұйрықты Қазақстан Республикасы Iшкi iстер министрлiгiнiң интернет-ресурсына орналастыруды қамтамасыз етсiн.
3. Осы бұйрықтың орындалуын бақылау Қазақстан Республикасы Ішкі істер министрінің орынбасары В.К. Божкоға жүктелсін.
4. Осы бұйрық алғаш ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.