(БҰРЫНҒЫ РЕДАКЦИЯ) «ҚАМТЫЛЫМСЫЗ КРЕДИТ (БЛАНКІЛІК КРЕДИТ) БЕРУ КРИТЕРИЙ...

Қамтылымсыз кредит (бланкілік кредит) беру критерийлерін белгілеу туралы
Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкі Басқармасының 2017 жылғы 28 қаңтардағы № 22 Қаулысы

 

Осы редакция 2018 жылғы 27 тамызда енгізілген өзгерістеріне дейін қолданылды

 

«Қазақстан Республикасындағы банктер және банк қызметі туралы» 1995 жылғы 31 тамыздағы Қазақстан Республикасының Заңына (бұдан әрі - Банктер туралы заң) сәйкес Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкінің Басқармасы ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:

1. Банктер туралы заңның 35-бабы 3-тармағының мақсаттары үшін бір мезгілде мынадай критерийлерге сәйкес келетін:

1) кредиттің мөлшері банктің Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 13919 тіркелген, «Пруденциялық нормативтердің және сақталуға міндетті өзге де нормалар мен белгілі бір күнге банк капиталының мөлшері лимиттерінің нормативтік мәндерін және есептеу әдістемесін және Банктің ашық валюталық позициясын есептеу қағидаларын және лимиттерін белгілеу туралы» Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкі Басқармасының 2016 жылғы 30 мамырдағы № 147 қаулысының (бұдан әрі - № 147 қаулы) талаптарына сәйкес есептелген меншікті капиталының өлшемінен 0,02 (нөль бүтін жүзден екі) пайызынан асатын;

2) тұрақсыздық айыбын қоспағанда, Қазақстан Республикасының заңнамасында көзделген қамтамасыз ету жиынтығында қарыз алушының берілген кредит бойынша міндеттемелерінің 50 (елу) пайызынан аз жабады не жоқ болатын кредит қамтылымсыз кредит (бланкілік кредит) болып танылатыны белгіленсін.

2. Осы қаулының 1-тармағында белгіленген критерийлерге сәйкес келетін, бас банктің күмәнді және үмітсіз активтерін сатып алатын бас банктің еншілес ұйымға берген кредит қамтылымсыз кредит (бланкілік кредит) болып танылмайды.

Для того, чтобы получить доступ к документу, Вам нужно перейти по кнопке Войти и ввести логин и пароль.
Если у вас нет логина и пароля, зарегистрируйтесь.