«Қазақстан Республикасы Конституциялық Соты Аппаратының мемлекеттік саяси қызметшілеріне қызметтік куәлік беру қағидаларын және оның сипаттамасын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Конституциялық Сотының Аппараты басшысының 2024 жылғы 1 тамыздағы № 04-01/41 бұйрығы

Қазақстан Республикасы Конституциялық Соты Аппаратының мемлекеттік саяси қызметшілеріне қызметтік куәлік беру қағидаларын және оның сипаттамасын бекіту туралы
Қазақстан Республикасы Конституциялық Сотының Аппараты басшысының 2024 жылғы 1 тамыздағы № 04-01/41 бұйрығы

 

«Қазақстан Республикасының мемлекеттік қызметі туралы» Қазақстан Республикасы Заңының 30-бабының 4-тармағына және Қазақстан Республикасы Конституциялық Соты Төрағасының 2023 жылғы 6 қаңтардағы № 09-03/1 бұйрығымен бекітілген Қазақстан Республикасы Конституциялық Сотының Аппараты туралы ереженің 7-тармағына сәйкес БҰЙЫРАМЫН:

1. Мыналар:

1) осы бұйрыққа 1-қосымшаға сәйкес қоса беріліп отырған Қазақстан Республикасы Конституциялық Соты Аппаратының мемлекеттік саяси қызметшілеріне қызметтік куәлік беру қағидалары;

2) осы бұйрыққа 2-қосымшаға сәйкес қоса беріліп отырған Қазақстан Республикасы Конституциялық Соты Аппаратының мемлекеттік саяси қызметшілерінің қызметтік куәлігінің сипаттамасы бекітілсін.

2. Қазақстан Республикасы Конституциялық Соты Аппаратының Әкімшілік бөлімі Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тәртіппен:

1) осы бұйрықты Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркеуді және Қазақстан Республикасы Конституциялық Сотының интернет-ресурсында орналастыруды;

2) осы бұйрық мемлекеттік тіркелгеннен кейін тиісті ақпаратты Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес орталық және жергілікті мемлекеттік органдар мен мекемелердің ғимаратына кедергісіз кіруді қамтамасыз ету мақсатында мүдделі мемлекеттік органдарға жіберуді қамтамасыз етсін.

3. Осы бұйрықтың орындалуын бақылау Қазақстан Республикасы Конституциялық Соты Аппараты Әкімшілік бөлімінің меңгерушісіне жүктелсін.

4. Осы бұйрық алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.

 

 

Қазақстан Республикасы

Конституциялық Сотының Аппарат

басшысы

 

 

З. Утебаева

 

Қазақстан Республикасы

Конституциялық Соты

Аппараты Басшысының

2024 жылғы 1 тамыздағы

№ 04-01/41 бұйрығына

1-қосымша

 

 

Для того, чтобы получить доступ к документу, Вам нужно перейти по кнопке Войти и ввести логин и пароль.
Если у вас нет логина и пароля, зарегистрируйтесь.