(БҰРЫНҒЫ РЕДАКЦИЯ) «АВИАЦИЯЛЫҚ ПЕРСОНАЛДЫҢ ШЕТЕЛ МЕМЛЕКЕТТЕРІ БЕРГЕН КУ...

Авиациялық персоналдың шетел мемлекеттері берген куәліктерін тану ережесін бекіту туралы
Қазақстан Республикасы Көлік және коммуникация министрінің 2010 жылғы 28 қарашадағы № 546 бұйрығы

(2019.16.07. берілген өзгерістер мен толықтырулармен)

 

Осы редакция 2022 жылғы 7 желтоқсанда енгізілген өзгерістеріне дейін қолданылды

 

«Қазақстан Республикасының әуе кеңістігін пайдалану және авиация қызметі туралы» Қазақстан Республикасының 2010 жылғы 15 шілдедегі Заңының 55-бабының 2-тармағына сәйкес, авиациялық персоналдың шетел мемлекеттері берген куәліктерін тану мақсатында БҰЙЫРАМЫН:

1. Қоса беріліп отырған Авиациялық персоналдың шетел мемлекеттері берген куәліктерін тану ережесі бекітілсін.

2. Қазақстан Республикасы Көлік және коммуникация министрлігінің Азаматтық авиация комитеті белгіленген тәртіппен осы бұйрықты мемлекеттік тіркеу үшін Қазақстан Республикасы Әділет министрлігіне ұсынуды қамтамасыз етсін.

3. Осы бұйрықтың орындалуын бақылау Қазақстан Республикасының Көлік және коммуникация вице-министрі Е.С. Дүйсенбаевқа жүктелсін.

4. Осы бұйрық алғаш рет ресми жарияланған күнінен бастап он күнтізбелік күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.

 

 

 

ҚР Индустрия және инфрақұрылымдық даму министрінің 2019.16.07. № 510 бұйрығымен ереже жаңа редакцияда (2019 ж. 1 тамыздан бастап қолданысқа енгізілді) (бұр.ред.қара)

Қазақстан Республикасы

Көлік және коммуникация

министрінің 2010 жылғы

28 қарашадағы № 546

бұйрығымен бекітілген

 

 

Авиациялық персоналдың шетел мемлекеттері берген куәліктерін тану

 ережесі

 

1-тарау. Жалпы ережелер

 

1. Авиациялық персоналдың шетел мемлекеттері берген куәліктерін тану ережесі (бұдан әрі - Ереже) «Қазақстан Республикасының әуе кеңістігін пайдалану және авиация қызметі туралы» Қазақстан Республикасының Заңына, Халықаралық азаматтық авиация туралы Конвенцияның 1-қосымшасына сәйкес әзірленген (Чикаго, 1944 жылғы 7 желтоқсан).

2. Осы Ереже шет мемлекеттері берген авиациялық персоналдың куәліктерін тану тәртібін және шарттарын белгілейді.

Для того, чтобы получить доступ к документу, Вам нужно перейти по кнопке Войти и ввести логин и пароль.
Если у вас нет логина и пароля, зарегистрируйтесь.