(БҰРЫНҒЫ РЕДАКЦИЯ) «МҰНАЙ МЕН ГАЗ САЛАСЫНДА ЕКІНШІ САНАТТАҒЫ РҰҚСАТТАРД...

Мұнай мен газ саласында екінші санаттағы рұқсаттарды беруге уәкілетті органды және екінші санаттағы рұқсаттарды беруді келісуді жүзеге асыратын мемлекеттік органдарды айқындау туралы

Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2017 жылғы 29 желтоқсандағы № 918 Қаулысы

 

Осы редакция 2019 жылғы 12 ақпанда енгізілген өзгерістеріне дейін қолданылды

 

«Рұқсаттар және хабарламалар туралы» 2014 жылғы 16 мамырдағы Қазақстан Республикасы Заңының 10-бабының 4) тармақшасына сәйкес Қазақстан Республикасының Үкіметі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:

1. Мыналар:

1) осы қаулыға 1-қосымшаға сәйкес Қазақстан Республикасының Энергетика министрлігі мұнай мен газ саласында екінші санаттағы рұқсаттарды беруге уәкілетті орган болып;

2) осы қаулыға 2-қосымшаға сәйкес мұнай мен газ саласында екінші санаттағы рұқсаттарды беруді келісуді жүзеге асыратын мемлекеттік органдар айқындалсын.

2. Осы қаулы алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.

 

 

 

Қазақстан Республикасы

Үкіметінің

2017 жылғы 29 желтоқсандағы

№ 918 қаулысына

1-қосымша

 

 

Мұнай мен газ саласында екінші санаттағы рұқсаттарды беру

 

Для того, чтобы получить доступ к документу, Вам нужно перейти по кнопке Войти и ввести логин и пароль.
Если у вас нет логина и пароля, зарегистрируйтесь.