«Павлодар облысы әкімдігінің 2019 жылғы 16 қыркүйектегі «2019 - 2020 оқу жылына арналған техникалық және кәсіптік, орта білімнен кейінгі білімі бар кадрларды даярлауға арналған мемлекеттік білім беру тапсырысын бекіту туралы» № 268/2 қаулысына өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» Павлодар облыстық әкімдігінің 2020 жылғы 27 ақпандағы № 21/1 Қаулысы

Павлодар облысы әкімдігінің 2019 жылғы 16 қыркүйектегі «2019 - 2020 оқу жылына арналған техникалық және кәсіптік, орта білімнен кейінгі білімі бар кадрларды даярлауға арналған мемлекеттік білім беру тапсырысын бекіту туралы» № 268/2 қаулысына өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы
Павлодар облыстық әкімдігінің 2020 жылғы 27 ақпандағы № 21/1 Қаулысы

 

Қазақстан Республикасының 2007 жылғы 27 шілдедегі «Білім туралы» Заңының 6-бабы 2-тармағының 8), 8-3) тармақшаларына сәйкес Павлодар облысының әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:

1. Павлодар облысы әкімдігінің 2019 жылғы 16 қыркүйектегі «2019 - 2020 оқу жылына арналған техникалық және кәсіптік, орта білімнен кейінгі білімі бар кадрларды даярлауға арналған мемлекеттік білім беру тапсырысын бекіту туралы» № 268/2 қаулысына (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 6545 болып тіркелген, 2019 жылғы 27 қыркүйекте Қазақстан Республикасы нормативтік құқықтық актілерінің эталондық бақылау банкінде жарияланған) келесі өзгерістер мен толықтырулар енгізілсін:

көрсетілген қаулының тақырыбы келесі редакцияда жазылсын:

«2019 - 2020 оқу жылына арналған техникалық және кәсіптік, орта білімнен кейінгі, жоғары білімі бар кадрларды даярлауға арналған мемлекеттік білім беру тапсырысын бекіту туралы»;

көрсетілген қаулының кіріспесі келесі редакцияда жазылсын:

«Қазақстан Республикасының 2007 жылғы 27 шілдедегі «Білім туралы» Заңының 6-бабы 2-тармағының 8), 8-3) тармақшаларына сәйкес Павлодар облысының әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:»;

көрсетілген қаулының 1-тармағы келесі редакцияда жазылсын:

«1. 2019 - 2020 оқу жылына арналған техникалық және кәсіптік, орта білімнен кейінгі білімі бар кадрларды даярлауға арналған мемлекеттік білім беру тапсырысы осы қаулының 1-қосымшасына сәйкес бекітілсін.»;

көрсетілген қаулының қосымшасы осы қаулының 1-қосымшасына сәйкес жаңа редакцияда жазылсын;

келесі мазмұндағы 1-1 тармақпен толықтырылсын:

«1-1. 2019 - 2020 оқу жылына жоғары білімі бар кадрларды даярлауға арналған мемлекеттік білім беру тапсырысы осы қаулының 2-қосымшасына сәйкес бекітілсін.»;

көрсетілген қаулы осы қаулының 2-қосымшасымен толықтырылсын.

Для того, чтобы получить доступ к документу, Вам нужно перейти по кнопке Войти и ввести логин и пароль.
Если у вас нет логина и пароля, зарегистрируйтесь.