«2019 - 2020 оқу жылына арналған техникалық және кәсіптік, орта білімнен кейінгі, жоғары білімі бар кадрларды даярлауға арналған мемлекеттік білім беру тапсырысын бекіту туралы» Павлодар облыстық әкімдігінің 2019 жылғы 16 қыркүйектегі № 268/2 Қаулысы (2020.27.02. берілген өзгерістер мен толықтырулармен)

2019 - 2020 оқу жылына арналған техникалық және кәсіптік, орта білімнен кейінгі, жоғары білімі бар кадрларды даярлауға арналған мемлекеттік білім беру тапсырысын бекіту туралы
Павлодар облыстық әкімдігінің 2019 жылғы 16 қыркүйектегі № 268/2 Қаулысы

(2020.27.02. берілген өзгерістер мен толықтырулармен)

 

Павлодар облыстық әкімдігінің 2020.27.02. № 21/1 Қаулысымен тақырыбы жаңа редакцияда (бұр.ред.қара)

 

Павлодар облыстық әкімдігінің 2020.27.02. № 21/1 Қаулысымен кіріспе жаңа редакцияда (бұр.ред.қара)

Қазақстан Республикасының 2007 жылғы 27 шілдедегі «Білім туралы» Заңының 6-бабы 2-тармағының 8), 8-3) тармақшаларына сәйкес Павлодар облысының әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:

Павлодар облыстық әкімдігінің 2020.27.02. № 21/1 Қаулысымен 1-тармақ жаңа редакцияда (бұр.ред.қара)

1. 2019 - 2020 оқу жылына арналған техникалық және кәсіптік, орта білімнен кейінгі білімі бар кадрларды даярлауға арналған мемлекеттік білім беру тапсырысы осы қаулының 1-қосымшасына сәйкес бекітілсін.

Павлодар облыстық әкімдігінің 2020.27.02. № 21/1 Қаулысымен 1-1-тармақпен толықтырылды

1-1. 2019 - 2020 оқу жылына жоғары білімі бар кадрларды даярлауға арналған мемлекеттік білім беру тапсырысы осы қаулының 2-қосымшасына сәйкес бекітілсін.

2. «Павлодар облысының білім беру басқармасы» мемлекеттік мекемесі заңнамамен белгіленген тәртіпте:

осы қаулының аумақтық әділет органында мемлекеттік тіркелуін;

осы қаулыны Павлодар облысы әкімдігінің интернет-ресурсында орналастыруды қамтамасыз етсін.

3. Осы қаулының орындалуын бақылау облыс әкімінің орынбасары А. Р. Ораловқа жүктелсін.

4. Осы қаулы оның алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.

 

 

 

Павлодар облыстық әкімдігінің 2020.27.02. № 21/1 Қаулысымен қосымша жаңа редакцияда (бұр.ред.қара)

Павлодар облысы әкімдігінің

2019 жылғы 16 қыркүйектегі

№ 268/2 қаулысына

1-қосымша

 

 

2019 - 2020 оқу жылына арналған техникалық және кәсіптік, орта білімнен кейінгі білімі бар кадрларды даярлауға арналған

мемлекеттік білім беру тапсырысы

 

Для того, чтобы получить доступ к документу, Вам нужно перейти по кнопке Войти и ввести логин и пароль.
Если у вас нет логина и пароля, зарегистрируйтесь.