«Борышкерден өндіріп алынған және өндіріп алушыға берілуге жататын ақшаны қолма-қол ақшаны уақытша орналастыратын бақылау шотынан аудару қағидалары мен мерзімдерін бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Әділет министрінің 2026 жылғы 11 тамыздағы № 776 бұйрығы

Борышкерден өндіріп алынған және өндіріп алушыға берілуге жататын ақшаны қолма-қол ақшаны уақытша орналастыратын бақылау шотынан аудару қағидалары мен мерзімдерін бекіту туралы
Қазақстан Республикасы Әділет министрінің 2026 жылғы 11 тамыздағы № 776 бұйрығы

 

«Атқарушылық іс жүргізу және сот орындаушыларының мәртебесі туралы» Қазақстан Республикасы Заңының 108-бабының 2-тармағына сәйкес БҰЙЫРАМЫН:

1. Қоса беріліп отырған Борышкерден өндіріп алынған және өндіріп алушыға берілуге жататын ақшаны қолма-қол ақшаны орналастыратын бақылау шотынан аудару қағидалары мен мерзімдері бекітілсін.

2. Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінің Мәжбүрлеп орындату комитеті Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тәртіппен:

1) осы бұйрықтың мемлекеттік тіркеуін;

2) осы бұйрық ресми жарияланған күннен кейін оны Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінің интернет-ресурсында орналастырылуын қамтамасыз етсін.

3. Осы бұйрықтың орындалуын бақылау жетекшілік ететін Қазақстан Республикасының Әділет вице-министріне жүктелсін.

4. Осы бұйрық 2026 жылғы 25 тамыздан бастап қолданысқа енгізіледі және ресми жариялануға тиіс.

 

 

Қазақстан Республикасы

Әділет министрі

 

Е. Сарсембаев

 

«КЕЛІСІЛДІ»

Қазақстан Республикасының

Қаржы министрлігі

 

Қазақстан Республикасы

Әділет министрі

2026 жылғы 11 тамыздағы

№ 776 бұйрығымен бекітілген

 

 

Борышкерден өндіріп алынған және өндіріп алушыға берілуге жататын ақшаны қолма-қол ақшаны уақытша орналастыратын бақылау шотынан аудару

қағидалары мен мерзімдерін бекіту туралы


1-тарау. Жалпы ережелер

 

1. Осы Ақшаны уақытша орналастырудың қолма-қол ақшаны бақылау шотынан ақша аудару қағидалары (бұдан әрі - Қағидалар) «Атқарушылық іс жүргізу және сот орындаушыларының мәртебесі туралы» Қазақстан Республикасы Заңының (бұдан әрі - Заң) 108-бабының 2-тармағына сәйкес әзірленді және борышкерден өндіріп алынған ақшаны өндіріп алушының пайдасына ақшаны уақытша ораналастырудың қолма-қол ақшаны бақылау шотынан аудару тәртібі мен мерзімдерін анықтайды.

Для того, чтобы получить доступ к документу, Вам нужно перейти по кнопке Войти и ввести логин и пароль.
Если у вас нет логина и пароля, зарегистрируйтесь.