«Техникалық паспорттардың нысандарын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Әділет министрінің міндетін атқарушының 2007 жылғы 24 тамыздағы № 235 бұйрығына өзгеріс енгізу туралы
Қазақстан Республикасы Әділет министрінің 2021 жылғы 9 қыркүйектегі № 781 бұйрығы
ҚР Әділет министрінің 2023 жылғы 30 маусымдағы № 440 бұйрығымен күші жойылды
БҰЙЫРАМЫН:
1. «Техникалық паспорттардың нысандарын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Әділет министрінің міндетін атқарушының 2007 жылғы 24 тамыздағы № 235 бұйрығына (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 4937 болып тіркелген) мынадай өзгеріс енгізілсін:
Н-15 техникалық паспортының нысаны (желілер, су таратқыштар, коллекторлар және тағы басқалар) осы бұйрықтың қосымшасына сәйкес редакцияда жазылсын.
2. Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінің Тіркеу қызметі және заң қызметін ұйымдастыру департаменті заңнамада белгіленген тәртіппен:
1) осы бұйрықты мемлекеттік тіркеуді;
2) осы бұйрықты Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінің ресми интернет-ресурсында орналастыруды қамтамасыз етсін.
3. Осы бұйрықтың орындалуын бақылау жетекшілік ететін Қазақстан Республикасының Әділет вице-министріне жүктелсін.
4. Осы бұйрық оның алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.