2024.06.04. № 71-VIII ҚР Заңымен 10-тармақпен толықтырылды (2024 ж. 8 маусымнан бастап қолданысқа енгізілді)
10. Мемлекеттік бақылауды жүзеге асыру барысында жəне (немесе) оның нəтижелері бойынша анықталған жедел ден қою шараларын қолдануға негіз болып табылатын, талаптарды бұзушылықтар бақылау жəне қадағалау субъектісіне (объектісіне) бару арқылы профилактикалық бақылау, тексеру, тергеп-тексеру нəтижелері туралы актіде, сондай-ақ өнеркəсіптік қауіпсіздік талаптарының анықталған бұзушылықтарын жою туралы нұсқамада көрсетіледі.
2024.06.04. № 71-VIII ҚР Заңымен 11-тармақпен толықтырылды (2024 ж. 8 маусымнан бастап қолданысқа енгізілді)
11. Қауіпті өндірістік объектілерді жəне (немесе) техникалық құрылғыларды пайдалануға байланысты дара кəсіпкер, ұйым жедел ден қою шараларын қолдануға негіз болып табылатын, талаптарды анықталған бұзушылықтарды өнер кəсіптік қауіпсіздік талаптарының анықталған бұзушылықтарын жою туралы нұсқамада көрсетілген мерзімдерде жоюға міндетті.
2024.06.04. № 71-VIII ҚР Заңымен 12-тармақпен толықтырылды (2024 ж. 8 маусымнан бастап қолданысқа енгізілді)
12. Бақылау жəне қадағалау субъектісіне (объектісіне) бару арқылы профилактикалық бақылау, тексеру, тергеп-тексеру нəтижелері бойынша талаптарды анықталған бұзушылықтарды жою мерзімдері өткеннен кейін жедел ден қою шараларын қолдануға негіз болған анықталған бұзушылықтардың жойылғанын бақылау бойынша жоспардан тыс тексеру жүргізіледі.
Өнеркəсіптік қауіпсіздік саласындағы қызметті немесе жекелеген қызмет түрлерін тоқтата тұру туралы актінің қолданысы өнеркəсіптік қауіпсіздік саласындағы мемлекеттік бақылау мен қадағалау жөніндегі мемлекеттік инспектор Қазақстан Республикасы Кəсіпкерлік кодексінің 144-бабы 5-тармағының 2-1) тармақшасына сəйкес жоспардан тыс тексеру нəтижелері туралы актінің негізінде жеделден қою шараларын қолдануға негіз болған анықталған бұзушылықтардың жойылғанын растаған жағдайда тоқтатылады.
2024.06.04. № 71-VIII ҚР Заңымен 13-тармақпен толықтырылды (2024 ж. 8 маусымнан бастап қолданысқа енгізілді)
13. Жедел ден қою шараларын қолдануға негіз болған, талаптарды анықталған бұзушылықтар жойылмаған жағдайда жоспардан тыс тексеру нəтижелері бойынша бұзушылықтарға жол берген адамдарды Қазақстан Республикасының заңдарында белгіленген тəртіппен жауаптылыққа тарту жөнінде шаралар қабылданады, сондай-ақ өнеркəсіптік қауіпсіздік саласындағы мемлекеттік бақылау мен қадағалау жөніндегі мемлекеттік инспектор осы баптың 6 жəне 10-тармақтарына сəйкес актілер шығарады.
2024.06.04. № 71-VIII ҚР Заңымен 14-тармақпен толықтырылды (2024 ж. 8 маусымнан бастап қолданысқа енгізілді)
14. Өнеркəсіптік қауіпсіздік талаптарын анықталған бұзушылықтарды жою туралы нұсқамада көзделген мерзімдер өткенге дейін қауіпті өндірістік объектілерді жəне (немесе) техникалық құрылғыларды пайдалануға байланысты дара кəсіпкер, ұйым бұзушылықтардың жойылу фактісін дəлелдейтін материалдарды қоса бере отырып, талаптарды анықталған бұзушылықтардың жойылғаны туралы ақпарат беруге міндетті.
Осы тармақтың бірінші бөлігінде көзделген ақпарат берілген жағдайда осы баптың 12-тармағының екінші бөлігіне сəйкес жоспардан тыс тексеру жүргізіледі.
2024.06.04. № 71-VIII ҚР Заңымен 15-тармақпен толықтырылды (2024 ж. 8 маусымнан бастап қолданысқа енгізілді)
15. Қауіпті өндірістік объектілерді жəне (немесе) техникалық құрылғыларды пайдалануға байланысты дара кəсіпкер, ұйым жедел ден қою шараларын қолдануға алып келген мемлекеттік бақылау нəтижелерімен келіспеген жағдайда өнеркəсіптік қауіпсіздік саласындағы қызметті немесе жекелеген қызмет түрлерін тоқтата тұру не оларға тыйым салу туралы актіні жарамсыз деп тану жəне оның күшін жою туралы шағым бере алады.
Шағым Қазақстан Республикасы Кəсіпкерлік кодексінің 29-тарауында көзделген тəртіппен жоғары тұрған мемлекеттік органға не Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тəртіппен сотқа беріледі.
Шағымды беру өнеркəсіптік қауіпсіздік саласындағы қызметті немесе жекелеген қызмет түрлерін тоқтата тұру не оларға тыйым салу туралы актінің орындалуын тоқтата тұрмайды.
2024.06.04. № 71-VIII ҚР Заңымен 16-тармақпен толықтырылды (2024 ж. 8 маусымнан бастап қолданысқа енгізілді)
16. Өнеркəсіптік қауіпсіздік саласындағы қызметті немесе жекелеген қызмет түрлерін тоқтата тұру не оларға тыйым салу туралы актіні жарамсыз деп тануға жəне оның күшін жоюға:
1) жедел ден қою шараларын қолдануға негіздің болмауы;
2) жедел ден қою шараларының осы шараға сəйкес келмейтін негіз бойынша қолданылуы;
3) өнеркəсіптік қауіпсіздік саласындағы мемлекеттік бақылау мен қадағалау жөніндегі мемлекеттік инспектордың жедел ден қою шараларын өз құзыретіне кірмейтін мəселелер бойынша қолдануы негіз болып табылады.
2024.06.04. № 71-VIII ҚР Заңымен 17-тармақпен толықтырылды (2024 ж. 8 маусымнан бастап қолданысқа енгізілді)
17. Жедел ден қою шараларының қолданылуы туралы ақпарат өз құзыреті шегінде мемлекеттік құқықтық статистика жəне арнайы есепке алу саласындағы қызметті жүзеге асыратын мемлекеттік органға Қазақстан Республикасының Бас прокуратурасы айқындаған тəртіппен жіберіледі.
2025.24.06. № 196-VIII ҚР Заңымен 7-тарау 39-1 - 39-7-баптарымен толықтырылады (2026 ж. 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгізіледі)
39-2-бап. Өнеркәсіптік қауіпсіздік саласындағы тексеру
…
2025.24.06. № 196-VIII ҚР Заңымен 39-2-баптың 5-тармағы 2025 ж. 25 тамыздан бастап қолданысқа енгізілді
5. Бақылау және қадағалау субъектілеріне (объектілеріне) қатысты жоспарлы тексерулер:
жоғары дәрежелі қауіп-қатер үшін өнеркәсіптік қауіпсіздік саласындағы уәкілетті орган ведомствосының немесе жергілікті атқарушы органның басшысы бекіткен тексерулердің жылдық жоспарына сәйкес тексерулер жүргізілетін жылдың алдындағы жылдың 10 желтоқсанына дейінгі мерзімде;
жоғары дәрежелі тәуекелге жатқызылмағандар үшін өнеркәсіптік қауіпсіздік саласындағы уәкілетті орган ведомствосының немесе жергілікті атқарушы органның басшысы бекіткен үш жылға арналған тексерулер жоспарына сәйкес үш жылда бір рет жоспарлы кезеңнің алдындағы жылдың 10 желтоқсанына дейінгі мерзімде тексеруді тағайындау туралы акт негізінде жүргізіледі.
Берілген рұқсаттар бойынша біліктілік немесе рұқсат беру талаптарына сәйкестігі тұрғысынан жүргізілетін тексерулер өнеркәсіптік қауіпсіздік саласындағы уәкілетті орган ведомствосының басшысы бекіткен үш жылға арналған тексерулер кестесіне сәйкес үш жылда бір рет кезеңнің алдындағы жылдың 10 желтоқсанына дейінгі мерзімде тексеруді тағайындау туралы актінің негізінде жүргізіледі.
Тексерулердің жоспарлары мен кестесі бақылау және қадағалау субъектілерінің (объектілерінің) қауіп-қатер дәрежесі ескеріле отырып қалыптастырылады және олар бекітілген кезден бастап күнтізбелік он күннен кешіктірілмей өнеркәсіптік қауіпсіздік саласындағы уәкілетті орган ведомствосының немесе жергілікті атқарушы органның интернет-ресурсында орналастырылады.
Тексерулердің жоспарлары мен кестесіне өзгерістер мен толықтырулар енгізу тексерілетін бақылау және қадағалау субъектісі (объектісі) таратылған, қайта ұйымдастырылған, оның атауы өзгерген, сондай-ақ табиғи, техногендік және әлеуметтік сипаттағы төтенше жағдай туындаған, төтенше жағдай режимі енгізілген, эпидемияның, карантиндік объектілер мен аса қауіпті зиянды организмдер ошақтарының, инфекциялық, паразиттік аурулардың таралуы, уланулар, радиациялық авариялар және солармен байланысты шектеулер туындаған немесе олардың туындау қатері төнген жағдайларда, бірақ жылына екі реттен жиілетпей жүзеге асырылады.
Осы тармақтың төртінші бөлігінде көрсетілген жағдайлар туындаған кезде тексеру ұзартылуы не тоқтатыла тұруы мүмкін.
Тексеру жоспарлары мен кестесінде:
1) жоспардың (кестенің) бекітілген күні мен нөмірі;
2) бақылау және қадағалау органының атауы;
3) тексерілетін бақылау және қадағалау субъектісінің атауы, оның сәйкестендіру нөмірі және заңды мекенжайы;
4) тексерілетін бақылау және қадағалау объектісінің атауы және оның орналасқан жері;
5) қауіп-қатер дәрежесі немесе рұқсат беру құжатының түрі;
6) тексерілетін бақылау және қадағалау субъектісінің кәсіпкерлік санаты қамтылады.
40-бап. Өнеркәсіптік қауіпсіздік саласындағы өндірістік бақылау
1. Өнеркәсіптік қауіпсіздік саласындағы өндірістік бақылауды қауіпті өндірістік объектілерді пайдаланатын ұйымдарда өндірістік бақылау қызметінің лауазымды адамдары жұмыскерлерге, төтенше жағдай таралатын есепті аймаққа жататын халыққа, қоршаған ортаға қауіпті өндірістік факторлардың зиянды әсерінің тәуекелін бар мүмкіндігінше азайту мақсатында жүзеге асырады.
2021.01.04. № 26-VII ҚР Заңымен 2-тармақ жаңа редакцияда (бұр.ред.қара)
2. Мыналар өнеркәсіптік қауіпсіздік саласындағы өндірістік бақылаудың міндеттері болып табылады:
1) өнеркәсіптік қауіпсіздік талаптарының орындалуын қамтамасыз ету;
2) өнеркәсіптік қауіпсіздікке мониторинг жүргізу;
3) өнеркәсіптік қауіпсіздікті қамтамасыз етуге бағытталған шараларды талдау және әзірлеу;
4) жұмыстарды жүргізу қауіпсіздігін қамтамасыз етуге әсер ететін мән-жайлар мен бұзушылықтардың себептерін анықтау;
5) қауіпті өндірістік факторлардың объектілерге, адамдарға, қоршаған ортаға зақымдай отырып әсер етуінің алдын алуға бағытталған жұмыстарды үйлестіру.
2021.01.04. № 26-VII ҚР Заңымен 3-тармақ өзгертілді (бұр.ред.қара)
3. Өнеркәсіптік қауіпсіздік саласындағы өндірістік бақылау ұйым басшысының бұйрығымен бекітілетін, өнеркәсіптік қауіпсіздік саласындағы өндірістік бақылау туралы нормативтік акт негізінде жүзеге асырылады.
Ұйымның нормативтік актісінде өнеркәсіптік қауіпсіздік саласында өндірістік бақылауды жүзеге асыратын ұйымның лауазымды адамдарының құқықтары мен міндеттері қамтылуға тиіс.
2021.01.04. № 26-VII ҚР Заңымен 4-тармақпен толықтырылды
4. Өнеркәсіптік қауіпсіздік саласындағы өндірістік бақылау қызметінің лауазымды адамдары:
1) ұйымның бөлімшелерінде өндірістік бақылауды жүзеге асыру жөніндегі жұмыс жоспарын әзірлеуге;
2) жұмыскерлердің өнеркәсіптік қауіпсіздік талаптарын сақтауына өндірістік бақылауды жүзеге асыруға;
3) өнеркәсіптік қауіпсіздікті қамтамасыз етуге тексеруді ұйымдастыруға және жүргізуге;
4) өнеркәсіптік қауіпсіздікті қамтамасыз ету және аварияларды жою жөніндегі іс-шаралар жоспарларын әзірлеуді ұйымдастыруға;
5) өнеркәсіптік қауіпсіздік сараптамасын жүргізуге дайындық жөніндегі жұмысты ұйымдастыруға;
6) өнеркәсіптік қауіпсіздік талаптарының өзгеруі туралы ақпаратты жұмыскерлердің назарына жеткізуге;
7) ұйым басшысына:
өнеркәсіптік қауіпсіздікті қамтамасыз ету жөніндегі іс-шараларды жүргізу, өнеркәсіптік қауіпсіздік талаптарын бұзушылықтарды жою;
өнеркәсіптік қауіпсіздік талаптары бұзылып жүзеге асырылатын, жұмыскерлердің өмірі мен денсаулығына қатер төндіретін немесе қауіпті өндірістік факторлардың объектілерге, адамдарға, қоршаған ортаға зақымдай отырып әсер етуіне алып келуі мүмкін жұмыстарды тоқтата тұру;
өнеркәсіптік қауіпсіздік мәселелері бойынша даярлаудан, қайта даярлаудан уақтылы өтпеген адамдарды жұмыстан шеттету туралы ұсыныстар енгізуге;
8) Қазақстан Республикасының өнеркәсіптік қауіпсіздік саласындағы заңнамасында көзделген өзге де өкілеттіктерді жүзеге асыруға міндетті.
2021.01.04. № 26-VII ҚР Заңымен 5-тармақпен толықтырылды
5. Өнеркәсіптік қауіпсіздік саласындағы өндірістік бақылау қызметінің лауазымды адамдарының:
1) қауіпті өндірістік объектілері бар ұйымдарда және (немесе) қауіпті өндірістік объектілердегі жұмысқа тартылатын өзге де ұйымдарда өнеркәсіптік қауіпсіздіктің жай-күйін бағалау үшін қажетті құжаттар мен материалдарды алуға;
2) тәуліктің кез келген уақытында қауіпті өндірістік объектіге еркін кіруге құқығы бар.
8-тарау. ТӨТЕНШЕ ЖАҒДАЙЛАРДЫҢ АЛДЫН АЛУ ЖӨНІНДЕГІ АЗАМАТТЫҚ ҚОРҒАУ ІС-ШАРАЛАРЫ
41-бап. Төтенше жағдайлардың алдын алу жөніндегі азаматтық қорғаудың жалпы іс-шаралары
1. Төтенше жағдайлардың алдын алу жөніндегі азаматтық қорғау іс-шаралары олардың туындау мүмкіндігі және олардан келтірілетін ықтимал нұқсан ескеріле отырып жүргізіледі.
2. Төтенше жағдайлардың алдын алу жөніндегі азаматтық қорғаудың жалпы іс-шараларына:
1) мониторинг, оның ішінде жерді қашықтықтан зондтау құралдарын пайдалана отырып мониторинг жүргізу, азаматтық қорғаудың құлақтандыру, аумақтар мен объектілерді төтенше жағдайлардан қорғау жүйелерін ұйымдастыру;
2025.24.06. № 196-VIII ҚР Заңымен 2) тармақша өзгертілді (2025 ж. 6 шілдеден бастап қолданысқа енгізілді) (бұр.ред.қара)
2) облыстардың, республикалық маңызы бар қалалардың, астананың, аудандардың, қалалардың, қала аудандарының:
төтенше жағдайлардың алдын алу жөніндегі жоспарларын;
қауіпсіздік паспорттарын;
объектілердің жұмыс істеу орнықтылығын арттыру жөніндегі іс-шараларды;
ықтимал төтенше жағдайлар кезінде халықтың тіршілігін қамтамасыз ету жөніндегі іс-шараларды әзірлеу;
3) су объектілері акваторияларының паспорттарын әзірлеу;
4) төтенше резервтерді құру және пайдалану, тиісті мемлекеттік органдарға ұсыныстар енгізу;
5) қаржы ресурстары резервін, азық-түліктің, дәрілік заттардың, материалдық-техникалық құралдардың запастарын және халық үшін уақытша тұрғын үй құру;
6) азаматтық қорғау саласында хабар беру және білімді насихаттау;
7) ықтимал төтенше жағдайларды ескере отырып, аумақтардағы құрылыс салуды жоспарлау;
8) 2025.24.06. № 196-VIII ҚР Заңымен алып тасталды (2025 ж. 6 шілдеден бастап қолданысқа енгізілді) (бұр.ред.қара)
9) төтенше жағдайлар мен олардың салдарларын жоюға азаматтық қорғаудың басқару органдарының, күштері мен құралдарының әзірлігін қамтамасыз ету;
10) төтенше жағдайлар мен олардың салдарларын жоюға әзірлік жөнінде іс-қимылдар жоспарларын әзірлеу және оқу-жаттығулар, жаттығулар, сабақтар өткізу;
11) азаматтық қорғау саласында азаматтарды кәсіптік оқыту, азаматтық қорғаудың басқару органдарының басшы құрамы мен мамандарын даярлау және азаматтық қорғау саласында халықты оқыту;
2021.02.01. № 401-VI ҚР Заңымен 12) тармақша жаңа редакцияда (2021 ж. 1 шілдеден бастап қолданысқа енгізілді) (бұр.ред.қара)
12) ықтимал төтенше жағдайлардың, оның ішінде климаттың өзгеруінің әсер етуінен туындаған немесе ушыққан қауіптілігін, сондай-ақ олардың әлеуметтік-экономикалық салдарын ғылыми зерттеу, болжау және бағалау;
13) жер сілкінісін болжаудың жаңа әдістерін әзірлеу және енгізу жөніндегі тәжiрибелiк-экспериментальды жұмыстар мен ғылыми-зерттеу жұмыстарын орындау;
14) қауіпті өндірістік объектілердегі қауіпті өндірістік факторлардың зиянды әсері мен олардың салдарларының алдын алу жөнінде шараларды әзірлеу және іске асыру;
2025.24.06. № 196-VIII ҚР Заңымен 15) тармақша өзгертілді (2025 ж. 6 шілдеден бастап қолданысқа енгізілді) (бұр.ред.қара)
15) осы Заңда айқындалған қауіпті өндірістік объектілердің өнеркәсіптік қауіпсіздігін міндетті декларациялау;
16) осы Заңда көзделген, төтенше жағдайлардың алдын алу жөніндегі азаматтық қорғаудың өзге де іс-шаралары жатады.
2022.21.05. № 123-VII ҚР Заңымен 3-тармақпен толықтырылды (2022 ж. 24 қарашадан бастап қолданысқа енгізілді)
3. Уәкілетті орган Қазақстан Республикасының биологиялық қауіпсіздік саласындағы заңнамасына сәйкес биологиялық қауіпсіздік саласындағы уәкілетті органға азаматтық қорғаудың патогенді биологиялық агенттермен жұмыс істеуге және ықтимал қауіпті биологиялық объектілердің жұмыс істеуіне байланысты төтенше жағдайлардың алдын алу жөніндегі жалпы іс-шаралары туралы статистикалық ақпаратты және өзге де есепке алу мен есептілік құжаттамасын (ақпаратын) береді.
42-бап. Су басулардан, тасқын сулардан, су жайылудан, теңіздер мен ірі су айдындарының таяздануынан, сел тасқындарынан, қар көшкіндерінен, шөгулерден, құламалардан азаматтық қорғау іс-шаралары
Су басулардан, тасқын сулардан, су жайылудан, теңіздер мен ірі су айдындарының таяздануынан, сел тасқындарынан, қар көшкіндерінен, шөгулерден, құламалардан азаматтық қорғау іс-шаралары халықтың, объектілердің, инфрақұрылымның қауіпсіздігін қамтамасыз етуге бағытталған және оған:
1) қорғайтын гидротехникалық және өзге де құрылыстарды жобалау, салу және пайдалану;
2) теңiздер мен iрi су айдындары деңгейлерi өзгеруінің, қоршаған ортаның жай-күйінің мониторингін, халықты және ұйымдардың жұмыскерлерін жағалау аймағындағы су деңгейінің көтерілу құбылыстары туралы құлақтандыруды ұйымдастыру;
3) сел және көшкін жағдайының мониторингін, халықты және ұйымдардың жұмыскерлерін сел қатері мен оның төнуі туралы тиісті құлақтандыруды ұйымдастыру;
4) тау баурайлары, биік таулы, моренді және мұздық көлдер қаупін азайту жөніндегі алдын алу іс-шараларын әзірлеу және жүзеге асыру;
5) тау арналарының, сел ошақтарының, көшкін қаупі бар аймақтардың фитомелиорациясын жүргізу;
6) қар көшкіндерін күштеп түсіру жұмыстарын жүргізу кіреді.
43-бап. Пайдалы қазбалардың кен орындарын игерумен байланысты төтенше жағдайлардан азаматтық қорғау іс-шаралары
Пайдалы қазбалардың кен орындарын игерумен байланысты төтенше жағдайлардан азаматтық қорғау іс-шараларына:
1) игеріліп жатқан кен орындары аудандарындағы бұрыннан бар ғимараттар мен құрылыстардың беріктігі мен орнықтылығын арттыру;
2) кен орындарын игерумен байланысты төтенше жағдайлардан келтірілуі мүмкін нұқсанды азайту жөнiндегi іс-шараларды ұйымдастыру, ал оларды жүргiзу мүмкiн болмаған кезде - қорғау іс-шараларының қажеттi кешенiн орындай отырып, өндiрудi тоқтату және кен орындарын консервациялау кіреді.
44-бап. Төтенше жағдайлардың алдын алу жөніндегі азаматтық қорғау іс-шараларын орындау
Төтенше жағдайлардың алдын алу жөніндегі азаматтық қорғау іс-шараларын орындау уәкілетті органның, орталық, жергілікті атқарушы органдардың, мемлекеттік мекемелердің, ұйымдардың басшыларына осы Заңда және Қазақстан Республикасының өзге де нормативтік құқықтық актілерінде белгіленген құзыреттері шегінде жүктеледі.
Төтенше жағдайлардың алдын алу жөніндегі іс-шараларды уақтылы және толық жүргізу мақсатында орталық, жергілікті атқарушы органдардың, мемлекеттік мекемелердің, объектілердің және ұйымдардың басшылары Қазақстан Республикасының халқын, объектілерін және аумағын қорғау жөнінде қосымша шаралар қабылдауға тиіс.
2025.24.06. № 196-VIII ҚР Заңымен 8-1-тараумен толықтырылды (2025 ж. 6 шілдеден бастап қолданысқа енгізілді)
8-1-тарау. СЕЙСМИКАЛЫҚ ҚАУІПСІЗДІК
44-1-бап. Сейсмикалық қауіпсіздікті қамтамасыз ету
Сейсмикалық қауіпсіздік сейсмикалық қауіпті және сейсмикалық қауіп-қатерге бағалауды жүзеге асыру мен сейсмологиялық мониторинг жүргізуді қоса алғанда, жер сілкінісінен қорғау жөніндегі іс-шараларды өткізу арқылы қамтамасыз етіледі.
44-2-бап. Жер сілкінісінен қорғау жөніндегі іс-шаралар
Адамдардың өмірі мен денсаулығын, инфрақұрылым объектілерін, ғимараттар мен құрылысжайларды жер сілкінісінен қорғау мақсатында мыналар жүргізіледі:
1) сейсмологиялық станциялар желісін және ерте құлақтандырудың автоматтандырылған жүйесін кеңейту және жаңғырту;
2) іргелі және қолданбалы ғылыми зерттеулер, ғылыми болжау жүргізу;
3) сейсмикалық аймақтарға бөлудің (аудандастырудың) әртүрлі ауқымды карталарын ескере отырып, нормативтік құқықтық актілер мен нормативтік-техникалық құжаттарды әзірлеу;
4) сейсмикалық қауіпті өңірлерде ғимараттар мен құрылысжайларға паспорттауды жүргізу;
5) сейсмикалық қауіпті өңірлерде сейсмикалық берік құрылыс салуды және ғимараттар мен құрылысжайларды сейсмикалық жағынан күшейтуді жүргізу;
6) сейсмикалық аймақтарға бөлу (аудандастыру);
44-3-бап. Сейсмикалық қауіпті және сейсмикалық қауіп-қатерді бағалау
1. Сейсмикалық қауіпті және сейсмикалық қауіп-қатерді бағалауды ғылыми ұйымдар жүргізеді.
2. Сейсмикалық қауіпті бағалау жер үстіндегі тербелістердің қарқындылығын есептеуді және олардың пайда болу ықтималдығын бағалауды қамтиды.
Сейсмикалық қауіпті бағалау нәтижелері негізінде сейсмикалық аймақтарға бөлудің (аудандастырудың) әртүрлі ауқымды карталары жасалады.
3. Сейсмикалық қауіп-қатерді бағалау жер сілкінісінен туындауы мүмкін адам өлімі мен материалдық шығындардың ғылыми болжамын әзірлеу арқылы жүзеге асырылады.
Сейсмикалық қауіп-қатерді бағалау нәтижелері бойынша сейсмикалық қауіп-қатер карталарын әзірлеу жүзеге асырылады.
Сейсмикалық қауіп-қатер карталары жер сілкінісінің салдарын жою үшін қолданылады.
4. Сейсмикалық аймақтарға бөлудің (аудандастырудың) әртүрлі ауқымды карталарын және сейсмикалық қауіп-қатер карталарын әзірлеу және қолдану тәртібін уәкілетті орган айқындайды.
9-тарау. АЗАМАТТЫҚ ҚОРҒАУ САЛАСЫНДАҒЫ ҒЫЛЫМИ ЗЕРТТЕУЛЕР, ОҚЫТУ, ХАБАР БЕРУ ЖӘНЕ БІЛІМДІ НАСИХАТТАУ
45-бап. Азаматтық қорғау саласындағы ғылыми зерттеулер
Азаматтық қорғаудың кешенді ғылыми негізін қалыптастыру және дамыту мақсатында уәкілетті орган азаматтық қорғау саласындағы ғылыми зерттеулерді ұйымдастырады және үйлестіреді.
Азаматтық қорғау саласындағы ғылыми зерттеулердің негізгі міндеттері табиғи және техногендік сипаттағы төтенше жағдайлардың теріс әсерін азайту, азаматтық қорғау саласында тәуекелдерді бағалауды және басқаруды нормативтік-әдістемелік қамтамасыз ету жөнінде ұсынымдар әзірлеу болып табылады.
Азаматтық қорғау саласындағы ғылыми-техникалық қамтамасыз етуді Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес аккредиттелген және аттестатталған ғылыми-зерттеу ұйымдары мен оқу орындары жүзеге асырады.
Азаматтық қорғау саласындағы ғылыми зерттеулерді қаржыландыру бюджет қаражаты және Қазақстан Республикасының заңнамасымен тыйым салынбаған басқа да көздер есебінен жүзеге асырылады.
46-бап. Азаматтық қорғау саласында оқыту
1. Азаматтық қорғау саласында азаматтарды кәсіптік оқыту уәкілетті органмен ынтымақтастық туралы келісім жасасқан Қазақстан Республикасының және шет мемлекеттердің оқу органдарында, Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тәртіппен бекітілген мамандықтар мен мемлекеттік жалпыға міндетті білім беру стандарттарына сәйкес жүргізіледі.
2014.29.09. № 239-V ҚР Заңымен (бұр.ред.қара); 2025.24.06. № 196-VIII ҚР Заңымен (2025 ж. 6 шілдеден бастап қолданысқа енгізілді) (бұр.ред.қара) 2-тармақ өзгертілді
2. Азаматтық қорғаудың басқару органдарының басшы құрамы мен мамандарын даярлау, азаматтық қорғау саласында халықты оқыту төтенше жағдайларда іс-қимыл жасау дағдыларын үйрету, авариялық-құтқару жұмыстары мен кезек күттірмейтін жұмыстарды жүргiзу, өзiн-өзі құтқарудың және өзара көмек көрсетудiң негiзгi тәсiлдерi мен әдiстерiн білу, халық арасындағы ықтимал шығындарды және материалдық нұқсанды барынша азайту мақсатында жүргiзiледi.
Уәкілетті орган айқындайтын тыңдаушылар санатына қатысты азаматтық қорғау саласында оқыту уәкілетті органның ұйымдарында, оқу орындарында және аумақтық органдарында жүргізіледі.
Азаматтық қорғау саласында оқытудан өткен тыңдаушыларға уәкілетті орган белгілеген бірыңғай үлгідегі сертификаттар беріледі.
3. Азаматтық қорғау саласында балаларды оқыту мектепке дейінгі тәрбие беру және оқыту және жалпы орта білім беру ұйымдарында, азаматтарды оқыту - жұмыс, оқу орны және тұрғылықты жері бойынша ұйымдарда жүргізіледі.
Сейсмикалық қауiптi өңірлерде орналасқан ұйымдарда, мектепке дейінгі тәрбие беру және оқыту ұйымдарында және оқу орындарында сейсмикалық жаттығулар тоқсан сайын жүргiзіледі.
Қауіпті өндірістік объектiлердің төтенше жағдайы таралатын есепті аймақта орналасқан ұйымдарда, мектепке дейінгі тәрбие беру мен оқыту ұйымдарында және оқу орындарында қатты әсер ететiн улы және радиоактивті заттардың шығарылуынан авариялар туындаған кезде персоналдың, балалардың, оқушылардың, студенттердiң әрекет етуі бойынша жаттығулар тоқсан сайын жүргiзіледі.
Сел қауіпті, шөгу, көшкін қаупі бар аудандарда, сондай-ақ су жайылу, су басу, тасқындар болуы ықтимал аймақтарда орналасқан ұйымдарда, мектепке дейінгі тәрбие беру мен оқыту ұйымдарында және оқу орындарында қауіпті кезеңнің басталуы алдында жаттығулар жүргiзіледі.
47-бап. Азаматтық қорғау саласында хабар беру және білімді насихаттау
1. Халыққа төтенше жағдайлар туралы хабар беру азаматтық қорғаудың құлақтандыру жүйесі және бұқаралық ақпарат құралдары арқылы беріледi.
2. Азаматтық қорғау саласында хабар беруге және білімді насихаттауға: