Азаматтық қорғау саласында оқудан өтуі туралы бірыңғай үлгідегі сертификатты белгілеу туралы
Қазақстан Республикасы Ішкі істер министрінің 2015 жылғы 20 қазандағы № 857 бұйрығы
(2025.12.08. берілген өзгерістермен)
ҚР Төтенше жағдайлар министрінің 2025.22.07. № 285 бұйрығымен тақырыбы жаңа редакцияда (2025 ж. 12 тамыздан бастап қолданысқа енгізілді) (бұр.ред.қара)
ҚР Төтенше жағдайлар министрінің 2025.22.07. № 285 бұйрығымен кіріспе жаңа редакцияда (2025 ж. 12 тамыздан бастап қолданысқа енгізілді) (бұр.ред.қара)
«Азаматтық қорғау туралы» Қазақстан Республикасы Заңының 46-бабының 2-тармағына сәйкес, БҰЙЫРАМЫН:
ҚР Төтенше жағдайлар министрінің 2025.22.07. № 285 бұйрығымен 1-тармақ жаңа редакцияда (2025 ж. 12 тамыздан бастап қолданысқа енгізілді) (бұр.ред.қара)
1. Азаматтық қорғау саласындағы оқудан өтуі туралы сертификат нысаны осы бұйрыққа қосымшаға сәйкес белгіленсін.
2. «Азаматтық қорғау саласында даярлықтан немесе қайта даярлықтан өтуі туралы бірыңғай үлгідегі сертификатты белгілеу туралы» Қазақстан Республикасы Төтенше жағдайлар министрінің 2014 жылғы 16 мамырдағы № 226 бұйрығының (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 9507 болып тіркелген, «Казахстанская правда» газетінің 2014 жылғы 31 шілдедегі № 147 (27768) санында жарияланған) күші жойылды деп танылсын.
3. Қазақстан Республикасы Ішкі істер министрлігінің Төтенше жағдайлар комитеті (В.В. Петров) заңнамада белгіленген тәртіпте:
1) осы бұйрықты Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркеуді;