«Азаматтық қорғау саласында даярлықтан немесе қайта даярлықтан өтуі туралы бірыңғай үлгідегі сертификатты белгілеу туралы» Қазақстан Республикасы Ішкі істер министрінің 2015 жылғы 20 қазандағы № 857 бұйрығына өзгерістер енгізу туралы» Қазақстан Республикасы Төтенше жағдайлар министрінің 2025 жылғы 22 шілдедегі № 285 бұйрығы

«Азаматтық қорғау саласында даярлықтан немесе қайта даярлықтан өтуі туралы бірыңғай үлгідегі сертификатты белгілеу туралы» Қазақстан Республикасы Ішкі істер министрінің 2015 жылғы 20 қазандағы № 857 бұйрығына өзгерістер енгізу туралы
Қазақстан Республикасы Төтенше жағдайлар министрінің 2025 жылғы 22 шілдедегі № 285 бұйрығы

 

БҰЙЫРАМЫН:

1. «Азаматтық қорғау саласында даярлықтан немесе қайта даярлықтан өтуі туралы бірыңғай үлгідегі сертификатты белгілеу туралы» Қазақстан Республикасы Ішкі істер министрінің 2015 жылғы 20 қазандағы № 857 бұйрығына (нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 12292 болып тіркелген) мынадай өзгерістер енгізілсін:

бұйрықтың тақырыбы мынадай редакцияда жазылсын:

«Азаматтық қорғау саласында оқудан өтуі туралы бірыңғай үлгідегі сертификатты белгілеу туралы»;

кіріспе мынадай редакцияда жазылсын:

««Азаматтық қорғау туралы» Қазақстан Республикасы Заңының 46-бабының 2-тармағына сәйкес, БҰЙЫРАМЫН:»;

1 тармақ мынадай редакцияда жазылсын:

«1. Азаматтық қорғау саласындағы оқудан өтуі туралы сертификат нысаны осы бұйрыққа қосымшаға сәйкес белгіленсін.»;

көрсетілген бұйрыққа қосымша осы бұйрыққа қосымшаға сәйкес жаңа редакцияда жазылсын.

2. Қазақстан Республикасы Төтенше жағдайлар министрлігінің Азаматтық қорғаныс және әскери бөлімдер комитеті Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тәртіпте:

1) осы бұйрықтың Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркелуін;

Для того, чтобы получить доступ к документу, Вам нужно перейти по кнопке Войти и ввести логин и пароль.
Если у вас нет логина и пароля, зарегистрируйтесь.