(БҰРЫНҒЫ РЕДАКЦИЯ) «АЗАМАТТЫҚ ҚОРҒАУ ТУРАЛЫ» ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫНЫҢ ...

Предыдущая страница

2025.24.06. № 196-VIII ҚР Заңымен 3-тармақ өзгертілді (2025 ж. 6 шілдеден бастап қолданысқа енгізілді) (бұр.ред.қара)

3. Төтенше жағдайлардың алдын алу және оларды жою жөніндегі ведомствоаралық мемлекеттік комиссия өз өкілеттіктерін Қазақстан Республикасының Президентіне тікелей бағынатын жəне есеп беретін мемлекеттік органдармен, орталық және жергілікті атқарушы органдармен, ұйымдармен, қоғамдық бірлестіктермен өзара іс-қимыл жасай отырып жүзеге асырады.

4. Төтенше жағдайлардың алдын алу және оларды жою жөніндегі ведомствоаралық мемлекеттік комиссияның негізгі міндеттері:

1) азаматтық қорғауды дамытудың және одан әрі жетілдірудің негізгі бағыттары;

2) азаматтық қорғау саласында құқықтық, экономикалық, ұйымдық-техникалық және өзге де шаралар жүйесін қалыптастыру;

3) азаматтық қорғаудың күштері мен құралдарын құру және дамыту;

2025.24.06. № 196-VIII ҚР Заңымен 4) тармақша өзгертілді (2025 ж. 6 шілдеден бастап қолданысқа енгізілді) (бұр.ред.қара)

4) төтенше жағдайлардың алдын алу және оларды жою, азаматтық қорғаныс, авариялар, апаттар, дүлей және өзге де зілзалалар салдарынан зардап шеккен азаматтарды, сондай-ақ төтенше жағдайлар мен олардың салдарларын жоюға қатысқан адамдарды әлеуметтік-экономикалық және құқықтық қорғау, медициналық оңалту мәселелері бойынша Қазақстан Республикасының Президентіне тікелей бағынатын жəне есеп беретін мемлекеттік органдардың, орталық және жергілікті атқарушы органдардың қызметтерін үйлестіру жөнінде ұсыныстар әзірлеу болып табылады.

5. Төтенше жағдайлардың алдын алу және оларды жою жөніндегі ведомствоаралық мемлекеттік комиссияның:

2025.24.06. № 196-VIII ҚР Заңымен 1) тармақша өзгертілді (2025 ж. 6 шілдеден бастап қолданысқа енгізілді) (бұр.ред.қара)

1) Қазақстан Республикасының Президентіне тікелей бағынатын жəне есеп беретін мемлекеттік органдардың, орталық және жергілікті атқарушы органдардың, ғылыми ұйымдар мен қоғамдық бірлестіктердің азаматтық қорғау саласындағы іс-қимылдарын үйлестіру жөнінде ұсыныстар енгізуге;

2025.24.06. № 196-VIII ҚР Заңымен 2) тармақша өзгертілді (2025 ж. 6 шілдеден бастап қолданысқа енгізілді) (бұр.ред.қара)

2) азаматтық қорғау, оның ішінде азаматтық қорғаныс жөніндегі іс-шараларға қатысты мәселелер бойынша Қазақстан Республикасының Президентіне тікелей бағынатын жəне есеп беретін мемлекеттік органдардың, орталық және жергілікті атқарушы органдардың, ұйымдардың басшылары мен лауазымды адамдарын тыңдауға;

2025.24.06. № 196-VIII ҚР Заңымен 3) тармақша өзгертілді (2025 ж. 6 шілдеден бастап қолданысқа енгізілді) (бұр.ред.қара)

3) Қазақстан Республикасының Президентіне тікелей бағынатын жəне есеп беретін мемлекеттік органдардан, орталық және жергілікті атқарушы органдардан, ұйымдардан өз жұмысына қажетті олардың қызметі туралы ақпаратты сұратуға;

2025.24.06. № 196-VIII ҚР Заңымен 4) тармақша өзгертілді (2025 ж. 6 шілдеден бастап қолданысқа енгізілді) (бұр.ред.қара)

4) Қазақстан Республикасының Президентіне тікелей бағынатын жəне есеп беретін мемлекеттік органдардың, орталық және жергілікті атқарушы органдардың азаматтық қорғау, оның ішінде азаматтық қорғаныс жөніндегі іс-шараларды орындауына талдау жүргізуге;

5) азаматтық қорғау мәселелері бойынша талдамалық, сараптамалық және басқа да жұмыстарды орындау үшін ұйымдардың мамандарын (олардың басшыларымен келісу бойынша) тартуға;

6) Қазақстан Республикасының Премьер-Министріне табиғи және техногендік сипаттағы төтенше жағдайларды жою кезінде халықтың тіршілігін қамтамасыз ету үшін бекітілген нормалар негізінде Қазақстан Республикасы Үкіметінің резервінен қаражат бөлу туралы ұсыныс енгізуге құқығы бар.

2014.29.09. № 239-V ҚР Заңымен (бұр.ред.қара); 2025.24.06. № 196-VIII ҚР Заңымен (2025 ж. 6 шілдеден бастап қолданысқа енгізілді) (бұр.ред.қара) 6-тармақ өзгертілді

6. Аумақтық деңгейде жергілікті атқарушы органдардың шешімдерімен төтенше жағдайлардың алдын алу және оларды жою жөніндегі комиссиялар құрылады, олар өз қызметін оларды құру туралы шешімдермен айқындалатын өкілеттіктер мен міндеттерге сәйкес жүзеге асырады.

Жергілікті атқарушы органдардың басшылары - төтенше жағдайлардың алдын алу және оларды жою жөніндегі комиссиялардың төрағалары, уәкілетті органның аумақтық органдарының басшылары төтенше жағдайлардың алдын алу және оларды жою жөніндегі комиссиялар төрағаларының орынбасарлары болып табылады.

 

8-бап. Азаматтық қорғау қызметтері және эвакуациялық органдар

1. Азаматтық қорғаудың арнайы іс-шараларын орындауды қамтамасыз ету және осы мақсаттарда күштер мен құралдарды дайындау үшін республикалық, облыстық, қалалық, аудандық азаматтық қорғау қызметтері құрылады.

2. Республикалық азаматтық қорғау қызметтерінің тізбесін Қазақстан Республикасының Үкіметі бекітеді.

3. Азаматтық қорғаудың аумақтық кіші жүйелерінің азаматтық қорғау қызметтері тиісті әкімшілік-аумақтық бірліктер әкімдерінің шешімдерімен құрылады.

2025.24.06. № 196-VIII ҚР Заңымен 4-тармақ өзгертілді (2025 ж. 6 шілдеден бастап қолданысқа енгізілді) (бұр.ред.қара)

4. Эвакуациялық іс-шараларды орындауды ұйымдастыру мақсатында орталық және жергілікті атқарушы органдарда, арнаулы мемлекеттік органдарды қоспағанда, Қазақстан Республикасының Президентіне тікелей бағынатын жəне есеп беретін мемлекеттік органдарда, азаматтық қорғаныс бойынша санаттарға жатқызылған ұйымдарда эвакуациялық органдар құрылады.

 

9-бап. Азаматтық қорғау құралымдары

1. Азаматтық қорғау құралымдары бейбіт уақытта және соғыс уақытында авариялық-құтқару жұмыстары мен кезек күттірмейтін жұмыстарды жүргізуге арналған.

2025.24.06. № 196-VIII ҚР Заңымен 2-тармақ өзгертілді (2025 ж. 6 шілдеден бастап қолданысқа енгізілді) (бұр.ред.қара)

2. Азаматтық қорғау құралымдары орталық және жергілікті атқарушы органдарда, Қазақстан Республикасының Президентіне тікелей бағынатын жəне есеп беретін мемлекеттік органдарда, ұйымдарда құрылады.

2022.27.06. № 129-VII ҚР Заңымен 3-тармақ жаңа редакцияда (бұр.ред.қара)

3. Азаматтық қорғау құралымдарына, бірінші, екінші және үшінші топтардағы мүгедектігі бар адамдарды, жүкті әйелдерді, сегіз жасқа дейінгі балалары бар әйелдерді және соғыс уақытында - жұмылдыру нұсқамалары бар әскери міндеттілерді қоспағанда, еңбекке жарамды еркектер мен әйелдер қабылданады.

 

2017.13.06. № 69-VІ ҚР Заңымен 10-баптың тақырыбы жаңа редакцияда (бұр.ред.қара)

10-бап. Уәкілетті органның білім беру ұйымдары

2017.13.06. № 69-VІ ҚР Заңымен 1-тармақ өзгертілді (бұр.ред.қара); 2025.24.06. № 196-VIII ҚР Заңымен 1-тармақ жаңа редакцияда (2025 ж. 6 шілдеден бастап қолданысқа енгізілді) (бұр.ред.қара)

1. Уəкілетті органның білім беру ұйымдары ғылым жəне жоғары білім саласындағы уəкілетті органмен келісу бойынша уəкілетті орган айқындайтын білім беру бағдарламалары бойынша жоғары жəне жоғары оқу орнынан кейінгі білімі бар мамандарды даярлау мақсатында, сондай-ақ азаматтық қорғау саласындағы мамандарға қосымша білім беруді ұйымдастыру мақсатында құрылады.

2017.13.06. № 69-VІ ҚР Заңымен 2-тармақ өзгертілді (бұр.ред.қара)

2. Уәкілетті органның білім беру ұйымдарының басты міндеттері:

1) азаматтық қорғау саласындағы мамандарды даярлау;

2) азаматтық қорғау саласындағы мамандардың кәсіби өсуі және біліктіліктерін арттыру үшін жағдайлар жасау;

2025.24.06. № 196-VIII ҚР Заңымен 3) тармақша өзгертілді (2025 ж. 6 шілдеден бастап қолданысқа енгізілді) (бұр.ред.қара)

3) мамандар даярлау бейініне сәйкес қызметті жетілдірудің өзекті проблемалары бойынша ғылыми зерттеулер жүргізу, зерттеулердің алынған нәтижелерін оқу процесі мен практикаға енгізу;

2025.24.06. № 196-VIII ҚР Заңымен 4) тармақшамен толықтырылды (2025 ж. 6 шілдеден бастап қолданысқа енгізілді)

4) азаматтық қорғау органдарына қызметке кіретін адамдарды бастапқы кəсіби даярлауды ұйымдастыру жəне жүзеге асыру болып табылады.

 

 

 

3-тарау. АЗАМАТТЫҚ ҚОРҒАУ САЛАСЫНДАҒЫ МЕМЛЕКЕТТІК РЕТТЕУ

 

11-бап. Қазақстан Республикасы Үкiметiнiң азаматтық қорғау саласындағы құзыретi

Қазақстан Республикасының Үкіметі:

2014.29.09. № 239-V ҚР Заңымен 1) тармақша жаңа редакцияда (бұр.ред.қара)

1) азаматтық қорғау саласындағы мемлекеттiк саясаттың негiзгi бағыттарын, өнеркәсіптік қауіпсіздік және мемлекеттік материалдық резерв салаларында оны жүзеге асыру жөніндегі стратегиялық және тактикалық шараларды әзiрлейдi;

2) мемлекеттік резервті құрады;

3) жалпы басшылықты жүзеге асырады және мемлекеттік резервті дамытудың бірыңғай саясатын айқындайды;

4) Қазақстан Республикасының аумағындағы төтенше жағдайлар мен олардың салдарларын жоюға, сондай-ақ басқа да мемлекеттерге гуманитарлық көмек көрсетуге Қазақстан Республикасы Үкіметінің резервiнен қаражат бөледi;

5) 2014.29.09. № 239-V ҚР Заңымен алып тасталды (бұр.ред.қара)

6) 2023.19.04. № 223-VІІ ҚР Заңымен алып тасталды (2023 ж. 1 мамырдан бастап қолданысқа енгізілді) (бұр.ред.қара)

7), 8) 2014.29.09. № 239-V ҚР Заңымен алып тасталды (бұр.ред.қара)

9) мемлекеттік резервтің материалдық құндылықтарының номенклатурасын және сақтау көлемін бекітеді;

10) 2014.29.09. № 239-V ҚР Заңымен алып тасталды (бұр.ред.қара)

11) 2019.18.03. № 237-VІ ҚР Заңымен алып тасталды (2019 ж. 10 сәуірден бастап қолданысқа енгізілді) (бұр.ред.қара)

12) мемлекеттік резервтің материалдық құндылықтарымен операциялар жүргізу қағидаларын бекітеді;

13), 14) 2014.29.09. № 239-V ҚР Заңымен алып тасталды (бұр.ред.қара)

15) 2021.24.11. № 75-VII ҚР Заңымен алып тасталды (бұр.ред.қара)

16) - 22) 2014.29.09. № 239-V ҚР Заңымен алып тасталды (бұр.ред.қара)

2020.25.05. № 332-VІ ҚР Заңымен 23) тармақша жаңа редакцияда (бұр.ред.қара); 2025.24.06. № 196-VIII ҚР Заңымен 23) тармақша өзгертілді (2025 ж. 6 шілдеден бастап қолданысқа енгізілді) (бұр.ред.қара)

23) мемлекеттік материалдық резервтің материалдық құндылықтарын есептен шығару, жою, кәдеге жарату және кәдеге жаратылған тауарларды өткізу қағидаларын бекітеді;

24) республикалық азаматтық қорғау қызметтерінің тізбесін бекітеді;

25) 2023.19.04. № 223-VІІ ҚР Заңымен алып тасталды (2023 ж. 1 мамырдан бастап қолданысқа енгізілді) (бұр.ред.қара)

26) 2023.19.04. № 223-VІІ ҚР Заңымен алып тасталды (2023 ж. 1 мамырдан бастап қолданысқа енгізілді) (бұр.ред.қара)

27) - 30) 2014.29.09. № 239-V ҚР Заңымен алып тасталды (бұр.ред.қара)

31) азаматтық қорғаныс объектілерін құру және пайдалану қағидаларын бекітеді;

2025.24.06. № 196-VIII ҚР Заңымен 32) тармақша өзгертілді (2025 ж. 6 шілдеден бастап қолданысқа енгізілді) (бұр.ред.қара)

32) мемлекеттiк резервтiң материалдық құндылықтарын сақтау пункттеріне, мемлекеттік резерв жүйесінің ведомстволық бағынысты ұйымына жəне жұмылдыру тапсырмалары белгіленген ұйымдарға шығындарды өтеу, сондай-ақ мемлекеттiк резервтiң төтенше жағдайлар мен олардың салдарларының алдын алу және оларды жою, нарыққа реттеушiлiк ықпал ету, босқындарға көмек көрсету және гуманитарлық көмек көрсету үшiн пайдаланылған материалдық құндылықтары үшiн шығындарды өтеу қағидаларын бекітеді;

33) 2015.28.10. № 367-V ҚР Заңымен алып тасталды (бұр.ред.қара)

34) жаңарту және броньнан шығару тәртібімен мемлекеттік резервтен материалдық құндылықтарды шығару қағидаларын бекітеді;

2019.18.03. № 237-VІ ҚР Заңымен 34-1) тармақшамен толықтырылды (2019 ж. 10 сәуірден бастап қолданысқа енгізілді)

34-1) жұмылдыру, соғыс жағдайы кезеңінде және соғыс уақытында мемлекеттік резервтің материалдық құндылықтарын пайдалану қағидаларын бекітеді;

2019.18.03. № 237-VІ ҚР Заңымен 34-2) тармақшамен толықтырылды (2019 ж. 10 сәуірден бастап қолданысқа енгізілді)

34-2) гуманитарлық көмек көрсету қағидаларын бекітеді;

35) - 37) 2014.29.09. № 239-V ҚР Заңымен алып тасталды (бұр.ред.қара)

38) нарыққа реттеушiлiк ықпал ету үшін мемлекеттiк резервтi пайдаланған жағдайда, сауда қызметiнің субъектiлерi - материалдық құндылықтарды алушылардың тiзбесiн, сауда үстемеақысының көлемiн, бағасын және мөлшерiн бекітеді;

39) 2023.19.04. № 223-VІІ ҚР Заңымен алып тасталды (2023 ж. 1 мамырдан бастап қолданысқа енгізілді) (бұр.ред.қара)

40) республикалық және аумақтық кәсіби авариялық-құтқару қызметтері мен құралымдарын басқа жерге орын ауыстыру, авариялық-құтқару жұмыстары мен кезек күттірмейтін жұмыстардың басқа түріне қайта бейіндеу немесе тарату туралы шешім қабылдайды;

41) Қазақстан Республикасы аумағының шегінен тыс жердегі төтенше жағдайлар мен олардың салдарларын жоюға кәсіби авариялық-құтқару қызметтері мен құралымдарын тарту туралы шешім қабылдайды;

2019.18.03. № 237-VІ ҚР Заңымен (2019 ж. 10 сәуірден бастап қолданысқа енгізілді) (бұр.ред.қара); 2020.25.05. № 332-VІ ҚР Заңымен (бұр.ред.қара) 42) тармақша өзгертілді; 2023.19.04. № 223-VІІ ҚР Заңымен 42) тармақша жаңа редакцияда (2023 ж. 1 мамырдан бастап қолданысқа енгізілді) (бұр.ред.қара); 2025.24.06. № 196-VIII ҚР Заңымен 42) тармақша өзгертілді (2025 ж. 6 шілдеден бастап қолданысқа енгізілді) (бұр.ред.қара)

42) төтенше жағдайлар мен олардың салдарының алдын алу және оларды жою жөніндегі шараларды қолдану үшін материалдық құндылықтарды шығару, басқа мемлекеттік органдардың балансына беру, кәдеге жарату, жою жағдайларын қоспағанда, броньнан шығару тәртібімен мемлекеттік резервтен материалдық құндылықтарды шығару туралы шешім қабылдайды;

43) 2023.19.04. № 223-VІІ ҚР Заңымен алып тасталды (2023 ж. 1 мамырдан бастап қолданысқа енгізілді) (бұр.ред.қара)

44) 2020.25.05. № 332-VІ ҚР Заңымен алып тасталды (бұр.ред.қара)

45) 2019.18.03. № 237-VІ ҚР Заңымен алып тасталды (2019 ж. 10 сәуірден бастап қолданысқа енгізілді) (бұр.ред.қара)

46) 2023.19.04. № 223-VІІ ҚР Заңымен алып тасталды (2023 ж. 1 мамырдан бастап қолданысқа енгізілді) (бұр.ред.қара)

47) 2014.29.09. № 239-V ҚР Заңымен алып тасталды (бұр.ред.қара)

48) 2023.19.04. № 223-VІІ ҚР Заңымен алып тасталды (2023 ж. 1 мамырдан бастап қолданысқа енгізілді) (бұр.ред.қара)

49) - 51) 2014.29.09. № 239-V ҚР Заңымен алып тасталды (бұр.ред.қара)

52) 2021.24.11. № 75-VII ҚР Заңымен алып тасталды (бұр.ред.қара)

53) - 57) 2014.29.09. № 239-V ҚР Заңымен алып тасталды (бұр.ред.қара)

58) 2023.19.04. № 223-VІІ ҚР Заңымен алып тасталды (2023 ж. 1 мамырдан бастап қолданысқа енгізілді) (бұр.ред.қара)

59) 2021.24.11. № 75-VII ҚР Заңымен алып тасталды (бұр.ред.қара)

60), 61) 2014.29.09. № 239-V ҚР Заңымен алып тасталды (бұр.ред.қара)

62) 2025.17.07. № 213-VIII ҚР Заңымен алып тасталды (2025 ж. 7 шілдеден бастап қолданысқа енгізілді) (бұр.ред.қара)

63) жаһандық және өңірлік ауқымдардағы төтенше жағдайларды жою жөніндегі іс-қимылдар жоспарларын бекітеді;

64) 2023.19.04. № 223-VІІ ҚР Заңымен алып тасталды (2023 ж. 1 мамырдан бастап қолданысқа енгізілді) (бұр.ред.қара)

65) қажет болған кезде шет мемлекетке, халықаралық ұйымға Қазақстан Республикасының аумағындағы төтенше жағдайды жоюға көмек көрсетуге өтініш білдіреді;

66) - 68) 2014.29.09. № 239-V ҚР Заңымен алып тасталды (бұр.ред.қара)

69) 2023.19.04. № 223-VІІ ҚР Заңымен алып тасталды (2023 ж. 1 мамырдан бастап қолданысқа енгізілді) (бұр.ред.қара)

2025.24.06. № 196-VIII ҚР Заңымен 70) тармақшамен толықтырылды (2025 ж. 6 шілдеден бастап қолданысқа енгізілді)

70) Қазақстан Республикасы Премьер-Министрінің немесе Қазақстан Республикасы Президентінің тапсырмасы негізінде, бес жəне одан көп адам қаза тапқан қауіпті өндірістік объектідегі еңбек қызметіне жəне аварияға байланысты емес жазатайым оқиғаларды тергеп-тексеру жөніндегі үкіметтік комиссияны құрады;

2025.24.06. № 196-VIII ҚР Заңымен 71) тармақшамен толықтырылды (2025 ж. 6 шілдеден бастап қолданысқа енгізілді)

71) бес жəне одан көп адам қаза тапқан қауіпті өндірістік объектідегі еңбек қызметіне жəне аварияға байланысты емес жазатайым оқиғаларды тергеп-тексеру жөніндегі үкіметтік комиссия құру қағидаларын бекітеді;

2025.24.06. № 196-VIII ҚР Заңымен 72) тармақшамен толықтырылды (2025 ж. 6 шілдеден бастап қолданысқа енгізілді)

72) Қазақстан Республикасының Конституциясында, осы Заңда, Қазақстан Республикасының өзге де заңдарында жəне Қазақстан Республикасы Президентінің актілерінде өзіне жүктелген өзге де функцияларды орындайды.

 

2025.24.06. № 196-VIII ҚР Заңымен 12-бап жаңа редакцияда (2025 ж. 6 шілдеден бастап қолданысқа енгізілді бұр.ред.қара, 2025 ж. 25 тамыздан бастап қолданысқа енгізілді бұр.ред.қара)

12-бап. Уəкілетті орган

1. Уəкілетті орган мынадай өкілеттіктерді жүзеге асырады:

1) өз құзыреті шегінде стратегиялық, реттеу, іске асыру жəне бақылау-қадағалау функцияларын жүзеге асырады;

2) мемлекеттің ішкі жəне сыртқы саясатының Қазақстан Республикасының Президенті айқындаған негізгі бағыттары жəне мемлекеттің əлеуметтік-экономикалық саясатының, оның қорғаныс қабілеттілігінің, қауіпсіздігінің, қоғамдық тəртіпті қамтамасыз етудің Қазақстан Республикасының Үкіметі əзірлеген негізгі бағыттары негізінде жəне оларды орындау үшін Қазақстан Республикасының заңнамасына сəйкес азаматтық қорғау саласындағы мемлекеттік саясатты қалыптастырады;

3) азаматтық қорғау іс-шараларын ұйымдастыру жəне өткізу кезінде азаматтық қорғау күштеріне басшылық етеді;

4) өз құзыреті шегінде Қазақстан Республикасының Президентіне тікелей бағынатын жəне есеп беретін мемлекеттік органдардың, орталық жəне жергілікті атқарушы органдардың, ұйымдар мен азаматтардың орындауы үшін міндетті азаматтық қорғанысты дайындау жəне жүргізу мəселелері бойынша шешімдер қабылдайды;

5) уəкілетті органның жедел резерві материалдық құндылықтарының номенклатурасы мен көлемін əзірлейді жəне бекітеді;

6) уəкілетті органның жедел резервінің материалдық құндылықтарымен операция жүргізу, олардың орнын ауыстыру, пайдалану, толықтыру қағидаларын əзірлейді жəне бекітеді;

7) уəкілетті органның аумақтық органдарының, азаматтық қорғаныстың əскери бөлімдерінің жауынгерлік жəне жұмылдыру əзірлігін қамтамасыз етеді;

8) өз құзыреті шегінде азаматтық қорғау органдарының қызметкерлері мен əскери қызметшілерін қызметке қабылдауды, қызмет бойынша ауыстыруды, қызметтен шығаруды, əскери жəне арнаулы атақтар беру мəселелерін шешуді жүзеге асырады;

9) ведомстволық наградалармен наградтайды жəне Қазақстан Республикасының Президентіне мемлекеттік наградалармен наградтауға ұсыным енгізеді;

10) төтенше жағдайдың туындау қатері туралы болжам болған кезде халыққа, азаматтық қорғауды басқару органдарына алдын ала жəне (немесе) төтенше жағдай туындаған кезде жедел хабарлауды жəне құлақтандыруды қамтамасыз етеді;

11) адамдарды құтқару үшін аса қажет болған жағдайда төтенше жағдайлар аймағындағы ұйымдардың байланыс, көлік құралдарын, мүлік пен өзге де материалдық құралдарды пайдалану қағидаларын əзірлейді жəне бекітеді;

12) авариялық-құтқару жұмыстары мен кезек күттірмейтін жұмыстар жүргізуді жүзеге асырады;

13) азаматтық қорғау саласындағы халықаралық ынтымақтастықты жүзеге асырады;

14) мұнай өнімдерін өндіруді мемлекеттік реттеу жөніндегі уəкілетті орган айқындаған мұнай өнімдерін беру жөніндегі бірыңғай оператордан мұнай өнімдерін сатып алады;

15) өз өкілеттіктері шегінде өрттерге байланысты қылмыстық құқық бұзушылықтар туралы істер бойынша анықтау жүргізуді жүзеге асырады;

16) өрт қауіпсіздігі саласындағы мемлекеттік бақылауды жəне қадағалауды жүзеге асырады;

17) бұзылуы жедел ден қою шараларын қолдануға алып келетін талаптардың тізбесін айқындайды, сондай-ақ нақты бұзушылықтарға қатысты талаптарды, жедел ден қою шарасының нақты түрін осы шараның қолданылу мерзімін көрсете отырып (қажет болған кезде) айқындайды.

Бұзылуы жедел ден қою шараларын қолдануға алып келетін талаптардың тізбесіне Қазақстан Республикасы Кəсіпкерлік кодексінің 143-бабына сəйкес мемлекеттік бақылау нысанасы болып табылатын талаптар енгізіледі;

18) азаматтық қорғаныс саласындағы мемлекеттік бақылауды жүзеге асырады;

19) азаматтық қорғау саласында ғылыми зерттеулерді, білімді насихаттауды, халықты жəне мамандарды оқытуды ұйымдастырады;

20) елді мекендердегі жəне объектілердегі өрт сөндіру бөлімшелерінің өртке қарсы күреске əзірлігіне бақылауды жүзеге асырады;

21) азаматтық қорғаныс жоспарларының жəне төтенше жағдайларды жою жөніндегі іс-қимылдар жоспарларының құрылымын айқындайды;

22) облыстардың, қалалардың, аудандардың азаматтық қорғаныс жоспарларын əзірлейді;

23) жаһандық жəне өңірлік ауқымдардағы төтенше жағдайларды жою жөніндегі іс-қимылдар жоспарларын əзірлейді жəне оларды Қазақстан Республикасының Үкіметіне бекітуге ұсынады;

24) азаматтық қорғаудың басқару органдары мен күштерін дайындау жөніндегі іс-шаралар жоспарын əзірлейді жəне бекітеді;

25) азаматтық қорғау құралдарына қажеттілікті айқындау жөніндегі нұсқаулықты əзірлейді жəне бекітеді;

26) азаматтық қорғаныс мүлкін сақтау, есепке алу, есептен шығару жəне кəдеге жарату қағидаларын əзірлейді жəне бекітеді;

27) азаматтық қорғаныстың қорғаныш құрылысжайларын есепке қою жəне есептен шығару қағидаларын əзірлейді жəне бекітеді;

28) кəсіби өртке қарсы қызметтердің мамандарын даярлау, қайта даярлау жəне олардың біліктілігін арттыру жөніндегі өрт қауіпсіздігі саласындағы мамандандырылған оқу орталықтарына қойылатын біліктілік талаптарын əзірлейді жəне бекітеді;

29) кəсіби өртке қарсы қызметтердің мамандарын арнайы даярлау бойынша оқыту курстарының бағдарламасын, сондай-ақ оларды бітіргені туралы куəліктің үлгісін əзірлейді жəне бекітеді;

30) кəсіби өртке қарсы қызмет міндетті түрде құрылатын ұйымдар мен объектілердің тізбесін əзірлейді жəне бекітеді;

31) азаматтық қорғаныстың инженерлік-техникалық іс-шараларының мазмұны мен көлемі жөніндегі нұсқаулықты əзірлейді жəне бекітеді;

32) ерікті өрт сөндірушілерді бастапқы даярлаудың оқу бағдарламасын əзірлейді жəне бекітеді;

33) төтенше жағдайлар мен əскери қақтығыстар туындаған кезде немесе осы қақтығыстар салдарынан қорғану тəсілдері мен іс-қимылдарға азаматтық қорғаудың басқару органдары мен күштерінің басшыларын, мамандарын даярлаудың, халықты оқытудың оқу бағдарламасын əзірлейді жəне бекітеді;

34) республикалық азаматтық қорғау қызметтері туралы ережені əзірлейді жəне бекітеді;

35) ұйымдардың жұмыскерлері мен халықты өрт қауіпсіздігі шараларына оқыту қағидаларын жəне өрт қауіпсіздігі шараларына оқыту жөніндегі оқу бағдарламаларының мазмұнына қойылатын талаптарды əзірлейді жəне бекітеді;

36) төтенше жағдайлар мен олардың салдарының алдын алу жəне оларды жою жөнінде шаралар қабылдау үшін броньнан шығару тəртібімен мемлекеттік резервтен материалдық құндылықтарды шығару туралы шешім қабылдайды;

37) азаматтық қорғау күштерінің қызметін қамтамасыз етеді;

38) Қазақстан Республикасының Үкіметіне мемлекеттік жəне жұмылдыру резервтерінің құрамындағы қолда бар материалдық-техникалық, азық-түлік, медициналық жəне басқа да ресурстар запастарын пайдалану туралы, төтенше жағдайлар мен олардың салдарының алдын алу жəне жою үшін Қазақстан Республикасы Үкіметінің резервінен бөлінетін қаражатты пайдалану туралы ұсыныстар енгізеді;

39) табиғи жəне техногендік сипаттағы төтенше жағдайлардың алдын алу мен жою жəне олардың салдарын бағалау үшін Жерді қашықтықтан зондтау деректерін пайдаланады;

40) қоршаған ортаны қорғау саласындағы уəкілетті орган айқындайтын тəртіппен теңізге жəне Қазақстан Республикасының сақтандыру аймағында мұнайдың төгілуін жою үшін сезімталдық индекстері бар экологиялық сезімталдық картасын əзірлеуге жəне келісуге қатысады;

41) төтенше жағдайларды жою кезінде Қазақстан Республикасының заңнамасына сəйкес ұйымдардың материалдық-техникалық ресурстарын жұмылдырады;

42) ұйымдардағы, елді мекендердегі жəне объектілердегі өрттердің алдын алу жəне оларды сөндіру, өрт қауіпсіздігін қамтамасыз ету жəне өртті сөндіруге байланысты авариялық-құтқару жұмыстарын жүргізу бойынша жұмыстарды жүргізу құқығына кəсіби өртке қарсы қызметтерді аттестаттауды жүргізеді;

43) табиғи жəне техногендік сипаттағы төтенше жағдайларды мемлекеттік есепке алуды жүргізеді;

44) елді мекендер мен аса маңызды мемлекеттік меншік объектілерінің аумақтарын өрттен қорғауды қамтамасыз етеді;

45) Қазақстан Республикасының азаматтық қорғаныс бастығы мен орталық атқарушы органдар үшін қосалқы (қала сыртындағы) жəне жылжымалы басқару пункттерін құруды қамтамасыз етеді;

46) төтенше жағдайлар аймағындағы халықтың ең төмен тыныс-тіршілігін қамтамасыз ету нормаларын əзірлейді жəне бекітеді;

47) табиғи жəне техногендік сипаттағы төтенше жағдайларды жою кезінде халықтың тыныс-тіршілігін қамтамасыз ету үшін Қазақстан Республикасы Премьер-Министрінің тапсырмасы негізінде Қазақстан Республикасының Үкіметі айқындайтын тəртіппен Қазақстан Республикасы Үкіметінің резервінен қаражат бөледі;