Жаңарту және броньннан шығару тәртібімен мемлекеттік резервтен материалдық құндылықтарды шығару қағидаларын бекіту туралы
Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2014 жылғы 17 қазандағы № 1108 Қаулысы
(2023.14.08. берілген өзгерістер мен толықтырулармен)
Осы Қаулыға өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы ҚР Үкіметінің 2025 жылғы 17 желтоқсандағы № 1095 Қаулысын қараңыз (2027 ж. 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгізіледі)
«Азаматтық қорғау туралы» 2014 жылғы 11 сәуірдегі Қазақстан Республикасының Заңы 11-бабының 34) тармақшасына сәйкес Қазақстан Республикасының Үкіметі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
1. Қоса беріліп отырған Жаңарту және броньнан шығару тәртібімен мемлекеттік материалдық резервтен материалдық құндылықтарды шығару қағидалары бекітілсін.
2. Осы қаулы алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он үн өткен соң қолданысқа енгізіледі.