Жаңарту және броньннан шығару тәртібімен мемлекеттік резервтен материалдық құндылықтарды шығару қағидаларын бекіту туралы
Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2014 жылғы 17 қазандағы № 1108 Қаулысы
(2016.15.11. берілген өзгерістер мен толықтырулармен)
Осы редакция 2018 жылғы 9 тамызда енгізілген өзгерістеріне дейін қолданылды
«Азаматтық қорғау туралы» 2014 жылғы 11 сәуірдегі Қазақстан Республикасының Заңы 11-бабының 34) тармақшасына сәйкес Қазақстан Республикасының Үкіметі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
1. Қоса беріліп отырған Жаңарту және броньнан шығару тәртібімен мемлекеттік материалдық резервтен материалдық құндылықтарды шығару қағидалары бекітілсін.
2. Осы қаулы алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он үн өткен соң қолданысқа енгізіледі.
Қазақстан Республикасы
Үкіметінің
2014 жылғы 17 қазандағы
№ 1108 қаулысымен
бекітілген
Жаңарту және броньнан шығару тәртібімен мемлекеттік материалдық
резервтен материалдық құндылықтарды шығару
қағидалары
1. Жалпы ережелер
ҚР Үкіметінің 2016.15.11. № 704 Қаулысымен 1-тармақ жаңа редакцияда (бұр.ред.қара)
1. Осы Жаңарту және броньнан шығару тәртібімен мемлекеттік материалдық резервтен материалдық құндылықтарды шығару қағидалары (бұдан әрі - Қағидалар) «Азаматтық қорғау туралы» 2014 жылғы 11 сәуірдегі Қазақстан Республикасының Заңына сәйкес әзірленді және төтенше жағдайлар мен олардың салдарының алдын алу және оларды жою жөнінде шаралар қабылдау, нарыққа реттеушілік әсер ету, босқындарға көмек көрсету, гуманитарлық көмек көрсету, басқа мемлекеттік органдардың теңгеріміне үшін шығару жағдайларын, сондай-ақ «Мемлекеттiк сатып алу туралы» Қазақстан Республикасы Заңының 13-бабының 5-тармағында айқындалған жағдайларды шығаруды қоспағанда, жаңарту және броньнан шығару тәртібімен мемлекеттік материалдық резервтен материалдық құндылықтарды тендер нысанында шығару тәртібін айқындайды.
Для того, чтобы получить доступ к документу,
Вам нужно перейти по кнопке Войти и ввести логин и пароль.
Если у вас нет логина и пароля, зарегистрируйтесь.