«Жаңарту және броньнан шығару тәртібімен мемлекеттік материалдық резервтен материалдық құндылықтарды шығару қағидаларын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2014 жылғы 17 қазандағы № 1108 қаулысына өзгеріс енгізу туралы
Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2018 жылғы 9 тамыздағы № 486 Қаулысы
Қазақстан Республикасының Үкіметі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
1. «Жаңарту және броньнан шығару тәртібімен мемлекеттік материалдық резервтен материалдық құндылықтарды шығару қағидаларын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2014 жылғы 17 қазандағы № 1108 қаулысына (Қазақстан Республикасының ПҮАЖ-ы, 2014 ж., № 64, 590-құжат) мынадай өзгеріс енгізілсін:
көрсетілген қаулымен бекітілген Жаңарту және броньнан шығару тәртібімен мемлекеттік материалдық резервтен материалдық құндылықтарды шығару қағидалары осы қаулыға қосымшаға сәйкес жаңа редакцияда жазылсын.
2. Осы қаулы алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.