Қазақстан Республикасы Табиғи монополияларды реттеу агенттігі төрағасының кейбiр бұйрықтарының күшiн жою туралы
Қазақстан Республикасы Премьер-Министрінің орынбасары - Ұлттық экономика министрінің 2025 жылғы 21 ақпандағы № 7 бұйрығы
«Құқықтық актілер туралы» Қазақстан Республикасының Заңы 27-бабының 2-тармағына сәйкес БҰЙЫРАМЫН:
1. Осы бұйрыққа қосымшаға сәйкес Қазақстан Республикасы Табиғи монополияларды реттеу агенттігі төрағасының кейбір бұйрықтарының күші жойылды деп танылсын.
2. Қазақстан Республикасы Ұлттық экономика министрлігінің Табиғи монополияларды реттеу комитеті Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тәртіппен осы бұйрықты Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркеуді және оны Қазақстан Республикасы Ұлттық экономика министрлігінің интернет-ресурсында орналастыруды қамтамасыз етсін.
3. Осы бұйрықтың орындалуын бақылау жетекшілік ететін Қазақстан Республикасының Ұлттық экономика вице-министріне жүктелсін.
4. Осы бұйрық алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.
| Қазақстан Республикасы Премьер-Министрінің орынбасары - Ұлттық экономика министрі |
С. Жумангарин |
«КЕЛІСІЛДІ»
Қазақстан Республикасының
Су ресурстары және ирригация
министрлігі
«КЕЛІСІЛДІ»
Қазақстан Республикасының
Энергетика министрлігі
Қазақстан Республикасы
Премьер-Министрінің
орынбасары - Ұлттық
экономика министрі
2025 жылғы 21 ақпандағы
№ 7 бұйрыққа қосымша
Қазақстан Республикасы Табиғи монополияларды реттеу