Қазақстан Республикасында онкологиялық ауруларға қарсы күрес жөніндегі 2018 - 2022 жылдарға арналған кешенді жоспарды бекіту туралы
Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2018 жылғы 29 маусымдағы № 395 Қаулысы
(2020.29.12. берілген өзгерістермен)
Қазақстан Республикасының Үкіметі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
1. Қоса беріліп отырған Қазақстан Республикасында онкологиялық ауруларға қарсы күрес жөніндегі 2018 - 2022 жылдарға арналған кешенді жоспар (бұдан әрі - Кешенді жоспар) бекітілсін.
ҚР Үкіметінің 2019.30.12. № 1029 Қаулысымен 2-тармақ жаңа редакцияда (бұр.ред.қара)
2. Орталық атқарушы органдар, облыстардың, республикалық маңызы бар қалалардың және астананың әкімдері:
1) Кешенді жоспарда көзделген іс-шаралардың тиісінше және уақтылы орындалуын қамтамасыз етсін;
2) жыл сайын 10 қаңтарға қарай Қазақстан Республикасының Денсаулық сақтау министрлігіне Кешенді жоспарда көзделген іс-шаралардың іске асырылу барысы туралы ақпарат ұсынсын.
3. Қазақстан Республикасының Денсаулық сақтау министрлігі жылдың қорытындысы бойынша, 25 қаңтардан кешіктірмей Қазақстан Республикасының Үкіметіне Кешенді жоспардың іске асырылу барысы туралы ақпарат ұсынсын.
4. Осы қаулы қол қойылған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі.
ҚР Үкіметінің 2019.30.12. № 1029 Қаулысымен (бұр.ред.қара); 2020.29.12. № 904 Қаулысымен (бұр.ред.қара) кешенді жоспар жаңа редакцияда
Қазақстан Республикасы
Үкіметінің
2018 жылғы 29 маусымдағы
№ 395 қаулысымен
бекітілген
Қазақстан Республикасында онкологиялық ауруларға қарсы күрес жөніндегі
2018 - 2022 жылдарға арналған кешенді жоспар
кестенің жалғасы