«Қазақстан Республикасында онкологиялық ауруларға қарсы күрес жөніндегі 2018 – 2022 жылдарға арналған кешенді жоспарды бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2018 жылғы 29 маусымдағы № 395 қаулысына өзгерістер енгізу туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2019 жылғы 30 желтоқсандағы № 1029 Қаулысы

«Қазақстан Республикасында онкологиялық ауруларға қарсы күрес жөніндегі 2018 - 2022 жылдарға арналған кешенді жоспарды бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2018 жылғы 29 маусымдағы № 395 қаулысына өзгерістер енгізу туралы
Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2019 жылғы 30 желтоқсандағы № 1029 Қаулысы

 

Қазақстан Республикасының Үкіметі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:

1. «Қазақстан Республикасында онкологиялық ауруларға қарсы күрес жөніндегі 2018 - 2022 жылдарға арналған кешенді жоспарды бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2018 жылғы 29 маусымдағы № 395 қаулысына мынадай өзгерістер енгізілсін:

2-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:

«2. Орталық атқарушы органдар, облыстардың, республикалық маңызы бар қалалардың және астананың әкімдері:

1) Кешенді жоспарда көзделген іс-шаралардың тиісінше және уақтылы орындалуын қамтамасыз етсін;

2) жыл сайын 10 қаңтарға қарай Қазақстан Республикасының Денсаулық сақтау министрлігіне Кешенді жоспарда көзделген іс-шаралардың іске асырылу барысы туралы ақпарат ұсынсын.»;

көрсетілген қаулымен бекітілген Қазақстан Республикасында онкологиялық ауруларға қарсы күрес жөніндегі 2018 - 2021 жылдарға арналған кешенді жоспар осы қаулыға қосымшаға сәйкес жаңа редакцияда жазылсын.

2. Қазақстан Республикасының Денсаулық сақтау министрлігі және облыстардың, республикалық маңызы бар қалалардың және астананың әкімдіктері осы қаулыдан туындайтын шараларды қабылдасын.

3. Осы қаулы қол қойылған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі.

 

 

 

Қазақстан Республикасы

Үкіметінің

2019 жылғы 30 желтоқсандағы

№ 1029 қаулысына

қосымша

 

Қазақстан Республикасы

Үкіметінің

2018 жылғы 29 маусымдағы

№ 395 қаулысымен

бекітілген

 

 

Қазақстан Республикасында онкологиялық ауруларға қарсы күрес жөніндегі 2018 - 2022 жылдарға арналған

 кешенді жоспар

 

 

Для того, чтобы получить доступ к документу, Вам нужно перейти по кнопке Войти и ввести логин и пароль.
Если у вас нет логина и пароля, зарегистрируйтесь.