«Жер қойнауы және жер қойнауын пайдалану туралы» Қазақстан Республикасының 2017 жылғы 27 желтоқсандағы № 125-VI Кодексі (2026.26.02. берілген өзгерістер мен толықтырулармен)

Предыдущая страница

2) геологиялық зерттеу аумағын құрайтын блокқа (блоктарға) нұсқаулар.

3. Өтінішке мынадай құжаттар қоса беріледі:

1) осы баптың 2-тармағының 1) тармақшасында көзделген мәліметтерді растайтын құжаттардың көшірмелері;

2) егер тұлғаны өтініш иесі тағайындаған болса, өтініш беру кезінде өтініш иесінің атынан әрекет ететін мұндай тұлғаның өкілеттігін растайтын құжат;

3) осы Кодекстің 88-бабына сәйкес өтініш иесі әзірлеген және бекіткен жер қойнауын геологиялық зерттеу жоспары және (немесе) жерасты суларына іздестіру-бағалау жұмыстарының жобасы.

4. Өтініш және өтінішке қоса берілетін құжаттар қазақ және орыс тілдерінде беріледі. Өтінішке қоса берілетін, шет тілінде жасалған құжаттардың қазақ және орыс тілдеріндегі аудармасы қоса беріледі, олардың дұрыстығын нотариус куәландырады.

 

87-бап. Жер қойнауын геологиялық зерттеуге арналған лицензияны беру туралы өтінішті қарау

1. Жер қойнауын зерттеу жөніндегі уәкілетті орган өтінішті келіп түскен күнінен бастап он жұмыс күні ішінде қарайды және лицензия береді не оны беруден бас тартады.

2. Жер қойнауын зерттеу жөніндегі уәкілетті орган, егер өтініш немесе оған қоса берілген құжаттар осы Кодекстің 86-бабында көзделген талаптарға сәйкес келмесе, лицензия беруден бас тартады.

3. Лицензия беруден бас тарту уәжді болуға тиіс.

4. Лицензияны беруден бас тартуға өтініш иесі бұл туралы хабарлама алған күннен бастап оған он жұмыс күнінен кешіктірмей Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес шағым жасай алады.

5. Лицензия беруден бас тарту өтініш иесін қайтадан өтініш беру құқығынан айырмайды.

6. Жер қойнауын геологиялық зерттеуге арналған лицензияны беруге өтініш беру және оны қарау тәртібін жер қойнауын зерттеу жөніндегі уәкілетті орган айқындайды.

 

88-бап. Жер қойнауын геологиялық зерттеу жөніндегі жобалау құжаттары

1. Жер қойнауын геологиялық зерттеу жөніндегі операцияларды жүргізу үшін жобалау құжаттары мыналар болып табылады:

1) геологиялық зерттеу жоспары;

2) жерасты суларына іздестіру-бағалау жұмыстарының жобасы.

2. Геологиялық зерттеу жоспары геологиялық түсірілім жұмыстарын және (немесе) геофизикалық жұмыстарды жүргізу үшін әзірленеді.

Жерасты суларына іздестіру-бағалау жұмыстарының жобасы кен орындарын және жерасты суларының учаскелерін іздестіруді және бағалауды жүргізу үшін әзірленеді.

2021.02.01. № 401-VI ҚР Заңымен 3-тармақ өзгертілді (2021 ж. 1 шілдеден бастап қолданысқа енгізілді) (бұр.ред.қара)

3. Геологиялық зерттеу жөніндегі жобалау құжаттарын жер қойнауын пайдаланушы әзірлейді және бекітеді.

Геологиялық зерттеу жоспарында геологиялық түсірілім жұмыстарының және (немесе) геофизикалық жұмыстардың түрлері мен тәсілдері, шамамен алғандағы көлемдері, аумақтары және үш жылдық кезеңдегі осындай жұмыстарды жүргізу мерзімдері сипатталады.

Жерасты суларына іздестіру-бағалау жұмыстарының жобасында жерасты суларына іздестіру-бағалау жұмыстарының түрлері, әдістері мен тәсілдері, бұрғыланатын ұңғымалар саны және олардың сипаттамалары, үш жылдық кезеңдегі жұмыстарды жүргізу мерзімдері, іздестіру-бағалау жұмыстарының салдарын жою жөніндегі шаралар және олардың құнын бағалау сипатталады.

Геологиялық зерттеу жөніндегі жұмыстардың құрамын, түрлерін, әдістері мен тәсілдерін, олардың көлемдері мен жүргізу мерзімдерін қоршаған ортаны қорғау саласындағы уәкілетті органмен келісе отырып жер қойнауын зерттеу жөніндегі уәкілетті орган әзірлейтін және бекітетін жер қойнауын геологиялық зерттеу бойынша жобалау құжаттарын жасау жөніндегі нұсқаулыққа сәйкес жер қойнауын пайдаланушы жобалау құжаттарында дербес айқындайды.

2021.02.01. № 401-VI ҚР Заңымен 4-тармақ өзгертілді (2021 ж. 1 шілдеден бастап қолданысқа енгізілді) (бұр.ред.қара)

4. Жер қойнауын геологиялық зерттеу жөніндегі жоспарланатын жұмыстардың түрлері, әдістері және (немесе) тәсілдері, сондай-ақ олардың көлемдері өзгерген кезде жер қойнауын пайдаланушы жобалау құжаттарына тиісті өзгерістер енгізуге және оларды жер қойнауын зерттеу жөніндегі уәкілетті органға беруге міндетті.

Егер Қазақстан Республикасының экология заңнамасына сәйкес бұл өзгерістер экологиялық рұқсат немесе мемлекеттік экологиялық сараптаманың оң қорытындысын алуды талап етсе, геологиялық зерттеу жөніндегі өзгертілген жобалау құжаттары жер қойнауын зерттеу жөніндегі уәкілетті органға экологиялық рұқсат немесе тиісінше, мемлекеттік экологиялық сараптаманың оң қорытындысы алынғаннан кейін ұсынылады.

5. Жерасты суларына іздестіру-бағалау жұмыстарының жобасына жер қойнауын геологиялық зерттеуге арналған лицензия берілгеннен кейін енгізілетін өзгерістер жер қойнауын зерттеу жөніндегі уәкілетті органмен келісуге жатады. Мұндай келісу өзгертілген жоба ұсынылған күннен бастап жиырма жұмыс күні ішінде жүзеге асырылады.

Жер қойнауын зерттеу жөніндегі уәкілетті орган, егер жерасты суларына іздестіру-бағалау жұмыстарының жобасына өзгерістерді, геологиялық зерттеу жөніндегі жобалау құжаттарын жасау жөніндегі нұсқаулыққа сәйкес келмесе, мұндай өзгерістерді келісуден бас тартады.

Жерасты суларына іздестіру-бағалау жұмыстарының жобасын келісуден бас тарту жер қойнауын пайдаланушыны келісу үшін қайтадан жүгіну құқығынан айырмайды.

Жерасты суларына іздестіру-бағалау жұмыстарының жобасын келісуден бас тартуға жер қойнауын пайдаланушы Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес шағым жасай алады.

 

89-бап. Жер қойнауын геологиялық зерттеуге арналған лицензия жөніндегі операцияларды жүргізу тәртібі

1. Жер қойнауын пайдаланушы геологиялық зерттеу учаскесі шегінде экологиялық және өнеркәсіптік қауіпсіздік талаптарын сақтай отырып жұмыстарды жүргізуге құқылы.

2. Жер қойнауын геологиялық зерттеуге арналған лицензия бойынша жүргізілетін жұмыстар құжаттастыруға жатады. Құжаттамада жер қойнауын дұрыс зерттеуге қажетті барлық мәліметтер көрсетіледі.

3. Жер қойнауына геологиялық зерттеу жүргізу кезінде жер қойнауын пайдаланушы:

1) зертханалық зерттеулер мен талдаулардың деректерін қоса алғанда, жүргізілген операциялар барысында алынған геологиялық ақпараттың дұрыстығы мен сақталуын;

2) геологиялық құжаттаманы жүргізудің уақтылығы мен сапасын;

3) лицензия берген жер қойнауын зерттеу жөніндегі уәкілетті органға осы Кодексте көзделген тәртіппен және мерзімде геологиялық зерттеу учаскесі бойынша жүргізілген жұмыстар туралы есептерді және осындай жұмыстардың нәтижелері бойынша геологиялық есепті ұсынуды қамтамасыз етуге міндетті.

4. Жер қойнауын пайдаланушының геологиялық зерттеу учаскесінде күрделі құрылысжайларды салуға, жарылғыш заттарды тұрақты түрде жинап қоюға және сақтауға, жыралар, шурфтар, траншеялар және тау-кен қазбаларының басқа да түрлерін жасауға, сондай-ақ аршу жұмыстарын жүргізуге құқығы жоқ.

Жер қойнауын пайдаланушы геологиялық зерттеу учаскесінде геофизикалық зерттеулермен және жерасты суларына іздестіру-бағалау жұмыстарымен байланысты мақсаттарда ғана ұңғымаларды бұрғылауды жүзеге асыруға құқылы.

Қазақстан Республикасы Үкіметінің шешімі бойынша жер қойнауын пайдаланушы геологиялық зерттеу учаскесінде параметрлік ұңғымаларды бұрғылауды жүзеге асыруға құқылы.

2025.09.04. № 180-VIII ҚР Заңымен 5-тармақ өзгертілді (2025 ж. 10 маусымнан бастап қолданысқа енгізілді) (бұр.ред.қара)

5. Жерасты сулары учаскесінің қорларында жер қойнауын сараптау жөніндегі мемлекеттік комиссия жүргізетін мемлекеттік сараптама жасалуға тиіс. Жер қойнауына мемлекеттік сараптама жүргізу тәртібін, жер қойнауын сараптау жөніндегі мемлекеттік комиссия туралы ережені және оның құрамын жер қойнауын зерттеу жөніндегі уәкілетті орган айқындайды.

Қазақстан Республикасының су заңнамасына сәйкес жерасты сулары учаскесінің қорларын жерасты суларының мемлекеттік есебіне алу үшін осы қорлар туралы мемлекеттік сараптаманың оң қорытындысы негіз болып табылады.

Жерасты суларын алу мен пайдалану Қазақстан Республикасының су заңнамасына сәйкес жүзеге асырылады.

 

90-бап. Жер қойнауын пайдаланушының геологиялық зерттеу бойынша есептілігі

1. Жер қойнауын пайдаланушы жер қойнауын геологиялық зерттеуге арналған лицензия бойынша мерзімді геологиялық есептер ұсынып отыруға міндетті.

2. Мерзімді геологиялық есептер жыл сайын өткен күнтізбелік жыл үшін әр жылдың отызыншы сәуірінен кешіктірілмей ұсынылады.

Толық емес күнтізбелік жыл үшін есептер жер қойнауын пайдаланудың іс жүзіндегі кезеңі үшін ұсынылады.

Жер қойнауы учаскесін пайдалану кезеңінің соңғы толық емес күнтізбелік жылы үшін есеп көрсетілген кезең аяқталғаннан кейін екі айдан кешіктірілмей ұсынылады.

3. Лицензияның қолданылуы тоқтатылғаннан кейін оның иеленушісі болып табылатын тұлға лицензияның қолданылуы тоқтатылған күннен бастап үш айдан кешіктірмей жер қойнауын зерттеу жөніндегі уәкілетті органға геологиялық зерттеу нәтижелері туралы түпкілікті есепті ұсынуға міндетті.

4. Геологиялық есептер бастапқы геологиялық ақпарат материалдарына негізделеді және геология, жерасты суларына гидрогеологиялық бұрғылау жүргізу саласындағы ғылыми зерттеулердің, сынақтар мен іздестірулердің, топырақты, жерүсті жыныстарын және минералдық үлгілерді жинау және байқаудан өткізу жөніндегі қызметтің жай-күйі мен нәтижелері туралы деректерді қамтиды.

5. Осы бапта көзделген есептер жер қойнауын зерттеу жөніндегі органға ол бекітетін нысан бойынша ұсынылады.

 

91-бап. Геологиялық ақпаратқа арналған құқық

1. Жер қойнауын геологиялық зерттеуге арналған лицензияның иеленушісі өзі геологиялық зерттеу нәтижесінде алған геологиялық ақпаратқа еркін билік етуге құқылы.

2. Жер қойнауын пайдаланушы осы бапқа сәйкес геологиялық зерттеу нәтижесінде алған геологиялық ақпаратты лицензия мерзімі аяқталған күннен бастап бір ай ішінде жер қойнауын зерттеу жөніндегі уәкілетті органның пайдалануына өтеусіз беруге тиіс.

Жер қойнауын зерттеу жөніндегі уәкілетті орган алынған геологиялық ақпаратты оны алған күннен бастап бес жыл өткен соң (құпиялылық мерзімі) ашады.

 

92-бап. Жер қойнауын геологиялық зерттеуге арналған лицензияны қайтарып алу және оның тәртібі

1. Жер қойнауын геологиялық зерттеуге арналған лицензия:

осы Кодекстің 89-бабы 4-тармағының ережелері бұзылған;

Қазақстан Республикасының салық заңнамасында белгіленген мөлшерде және мерзімдерде жер қойнауын геологиялық зерттеуге арналған лицензияны беру үшін қол қою бонусын төлемеген жағдайларда жер қойнауын геологиялық зерттеу жөніндегі уәкілетті органның қайтарып алуына жатады.

2. Бұзушылық анықталған кезде жер қойнауын геологиялық зерттеу жөніндегі уәкілетті орган бұл туралы жер қойнауын пайдаланушыны хабардар етеді.

3. Жер қойнауын пайдаланушы анықталған бұзушылықты жер қойнауын зерттеу жөніндегі уәкілетті органнан хабарлама алған күннен бастап жиырма жұмыс күні ішінде жоюға міндетті.

Жер қойнауын пайдаланушы осы тармақта көзделген мерзімде жер қойнауын зерттеу жөніндегі уәкілетті органды бұзушылықтардың жойылғанын растайтын құжаттарды қоса бере отырып, оларды жойғаны туралы жазбаша хабардар етеді.

Бұзушылықтар белгіленген мерзімде жойылмаған жағдайда, жер қойнауын зерттеу жөніндегі уәкілетті орган осы баптың 4-тармағына сәйкес лицензияны қайтарып алады.

4. Лицензияны қайтарып алуды жер қойнауын зерттеу жөніндегі уәкілетті орган жер қойнауын пайдаланушыға лицензияны қайтарып алу туралы жазбаша хабарлама жіберу арқылы жүргізеді.

Лицензияның қолданысы жер қойнауын пайдаланушы лицензияны қайтарып алу туралы хабарламаны алған күннен бастап күнтізбелік он күннен кейін тоқтатылады.

5. Жер қойнауын пайдаланушы лицензияны қайтарып алу туралы хабарламаны алған күннен бастап қайтарып алынатын лицензия бойынша жұмыстарды дереу тоқтатуға және геологиялық зерттеу учаскесінің аумағынан ондағы барлық құрылысжайларды, материалдарды және жабдықтарды алып кетуге міндетті.

6. Жер қойнауын пайдаланушы лицензияны қайтарып алу туралы хабарламаны алған күннен бастап лицензияның қайтарып алынуын сот тәртібімен даулауға құқылы. Осындай даулау кезеңінде осы баптың 4-тармағында көрсетілген мерзім сот шығарған шешім күшіне енгенге дейін ұзартылады.

 

 

VII БӨЛІМ. КӨМІРСУТЕКТЕРДІ БАРЛАУ ЖӘНЕ ӨНДІРУ

15-тарау. Көмірсутектер бойынша жер қойнауын пайдалану құқығын беру және оны тоқтату ерекшеліктері

1-параграф. Аукцион негізінде көмірсутектер бойынша жер қойнауын пайдалану құқығын беру

 

93-бап. Көмірсутектер бойынша жер қойнауын пайдалану құқығын алуға үміттенетін тұлғаларға қойылатын талаптар

2022.14.07. № 141-VІІ ҚР Заңымен 1-тармақ өзгертілді (2023 ж. 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгізілді) (бұр.ред.қара)

1. Көмірсутектер бойынша жер қойнауын пайдалану құқығын беру кезінде көмірсутектер бойынша жер қойнауын пайдалану құқығын алуға үміткер тұлға:

1) таратылу (заңды тұлғалар үшін), қайта ұйымдастырылу (заңды тұлғалар үшін) немесе банкроттық сатысында болмауға тиіс;

2) салықтарды және бюджетке төленетін басқа да міндетті төлемдерді төлеу бойынша өтелмеген берешегі болмауға тиіс;

3) көмірсутектерді барлауға және өндіруге жер қойнауын пайдалану құқығын алған жағдайда, - барлау кезеңінде жер қойнауы учаскесінде жұмыстардың көлемдері мен түрлері бойынша ең төменгі талаптарды орындау үшін жеткілікті қаржылық қаражаты болуға тиіс.

2022.14.07. № 141-VІІ ҚР Заңымен 2-тармақ жаңа редакцияда (2023 ж. 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгізілді) (бұр.ред.қара)

2. Барлау кезеңінде жер қойнауы учаскесіндегі жұмыстардың көлемдері мен түрлері бойынша ең төмен талаптарды орындауға жеткілікті қаржы қаражатының бар екенін растау үшін осы Кодексте көзделген жағдайларда, мынадай құжаттардың бірі ұсынылады:

1) банк шотының бар-жоғы және нөмірі туралы ақпарат және барлау кезеңінде жер қойнауы учаскесіндегі жұмыстардың көлемдері мен түрлері бойынша ең төмен талаптарды орындауға жеткілікті мөлшердегі банк шотындағы қалдық туралы үзінді көшірме;

2) барлау кезеңінде жер қойнауы учаскесіндегі жұмыстардың көлемдері мен түрлері бойынша ең төмен талаптарды орындауға жеткілікті мөлшерде көмірсутектер бойынша жер қойнауын пайдалану құқығын алуға үміткер тұлғаның қызметін қаржыландыруды қарыздың нысаналы мақсаты ретінде көздейтін, ақша қарызы туралы немесе көмірсутектерді барлау жөніндегі қызметті қаржыландыру туралы шарттың көшірмесі.

Көмірсутектер бойынша жер қойнауын пайдалану құқығын алуға үміткер тұлғаның қаржылық мүмкіндіктерінің бар екенін растайтын құжат ретінде ақша қарызы туралы немесе көмірсутектерді барлау жөніндегі қызметті қаржыландыру туралы шарттың көшірмелері ұсынылған жағдайда, қарыз берушіде осы тармақтың бірінші бөлігінің 1) тармақшасында көзделген қаржылық мүмкіндіктердің бар екенін растайтын құжаттар қосымша ұсынылады.

Көмірсутектер бойынша жер қойнауын пайдалану құқығын алуға үміткер тұлғаның банк шотында барлау кезеңінде жер қойнауы учаскесіндегі жұмыстардың көлемдері мен түрлері бойынша ең төмен талаптарды орындауға қажетті қаржы қаражаты жеткіліксіз болған жағдайда, осы тармақтың бірінші бөлігінің 2) тармақшасында көзделген құжаттар қосымша ұсынылады.

2025.09.04. № 180-VIII ҚР Заңымен 3-тармақ өзгертілді (2025 ж. 10 маусымнан бастап қолданысқа енгізілді) (бұр.ред.қара)

3. Теңіздегі жер қойнауы учаскесінде жер қойнауын пайдалану құқығын алу үшін тұлғаның, осы баптың 1-тармағында көрсетілген талаптармен қатар, Қазақстан Республикасының құрлықтық қайраңының аумағында не Қазақстан Республикасының аумағынан тыс жерлерде теңізде жер қойнауын пайдалану жөніндегі операцияларды жүргізудің оң тәжірибесі болуға тиіс.

Заңды тұлға үшін осы тармақтың бірінші бөлігінде көрсетілген талап, осындай заңды тұлға акцияларының (қатысу үлестерінің) кемінде жиырма бес пайызы тікелей тиесілі болатын тұлғаның тиісті тәжірибесі болған кезде орындалған деп танылады.

 

2019.30.12. № 297-VІ ҚР Заңымен (бұр.ред.қара); 2022.14.07. № 141-VІІ ҚР Заңымен (2023 ж. 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгізілді) (бұр.ред.қара) 94-бап жаңа редакцияда

94-бап. Аукцион өткізуге арналған өтініш

2023.28.12. № 52-VIII ҚР Заңымен (2024 ж. 28 ақпаннан бастап қолданысқа енгізілді) (бұр.ред.қара); 2025.26.12. № 243-VIIІ ҚР Заңымен (2026 ж. 26 ақпаннан бастап қолданысқа енгізілді) (бұр.ред.қара) 1-тармақ өзгертілді

1. Көмірсутектер бойынша жер қойнауын пайдалану құқығын алуға мүдделі тұлға құзыретті органға көмірсутектер бойынша жер қойнауын пайдалану құқығын беруге арналған аукцион өткізуге өтінішті береді, онда мыналар қамтылуға тиіс:

2023.28.12. № 52-VIII ҚР Заңымен 1) тармақша өзгертілді (2024 ж. 28 ақпаннан бастап қолданысқа енгізілді) (бұр.ред.қара)

1) жеке тұлғалар үшін - өтініш берушінің тегі, аты және әкесінің аты (егер ол жеке басты куәландыратын құжатта көрсетілсе), жеке сәйкестендіру нөмірі;

2023.28.12. № 52-VIII ҚР Заңымен 2) тармақша өзгертілді (2024 ж. 28 ақпаннан бастап қолданысқа енгізілді) (бұр.ред.қара)

2) заңды тұлғалар үшін - өтініш берушінің атауы, заңды тұлға ретінде мемлекеттік тіркелгені туралы мәліметтер, бизнес-сәйкестендіру нөмірі;

2023.28.12. № 52-VIII ҚР Заңымен 2-1) тармақшамен толықтырылды (2024 ж. 28 ақпаннан бастап қолданысқа енгізілді)

2-1) үлесі және иелену тәсілі туралы мәліметтер ашып көрсетілген, өтініш берушіні бақылайтын тұлғалар, мемлекеттер, халықаралық ұйымдар туралы, сондай-ақ өтініш берушінің қатысу үлестерін, акцияларын иеленетін, бақылайтын тұлғалар болып табылмайтын тұлғалар, мемлекеттер, халықаралық ұйымдар туралы мәліметтер;

2025.26.12. № 243-VIIІ ҚР Заңымен 3) тармақша жаңа редакцияда (2026 ж. 26 ақпаннан бастап қолданысқа енгізілді) (бұр.ред.қара)

3) көмірсутектерді барлау жəне өндіру немесе өндіру үшін аукцион негізінде берілетіндер ретінде мемлекеттік жер қойнауы қорын басқару бағдарламасында көрсетілген жер қойнауы учаскесінің немесе аз зерттелген аумақтар шегінде орналасқан жер қойнауы учаскесінің сұралатын аумағының атауы мен географиялық координаттары.

Осы параграфтың мақсаттары үшін жер қойнауы учаскесінің аумағы осы Кодекстің 36-бабының 1-5-тармағында немесе 70-бабының 3-тармағы бірінші бөлігінің 2) тармақшасында көрсетілген аумақ шегінде толығымен болуға тиіс.

Осы тараудың мақсаттары үшін жеке тұлғаның, мемлекеттің немесе халықаралық ұйымның өтініш берушінің қатысу үлестерін, акцияларын және (немесе) өтініш берушінің қатысу үлестерін, акцияларын, оның ішінде басқа заңды тұлғаның және (немесе) өзге ұйымның қатысу үлестерін, акцияларын иелену арқылы иеленетін заңды тұлғаның және (немесе) ұйымның қатысу үлестерін, акцияларын иеленуі қатысу үлестерін, акцияларды иелену деп танылады. Бұл ретте иелену меншік құқығын растайтын немесе акцияларға немесе пайларға айырбасталатын бағалы қағаздарды қоса алғанда, қатысу үлесіне құқықты, акцияларға, пайларға және үлестік қатысудың басқа да нысандарына меншік құқығын білдіреді.

Осы тармақтың 2-1) тармақшасының өтініш берушінің қатысу үлестерін, акцияларын иеленетін, бақылайтын тұлғалар болып табылмайтын тұлғалар, мемлекеттер, халық аралық ұйымдар туралы мәліметтер ұсыну туралы талабы мұндай қатысу үлестерін, акцияларды ұйымдастырылған бағалы қағаздар нарығында айналымда болатын акциялар және (немесе) бағалы қағаздар арқылы иеленетін аталған тұлғаларға, мемлекеттерге, халықаралық ұйымдарға қолданылмайды.

2025.26.12. № 243-VIIІ ҚР Заңымен 2-тармақ өзгертілді (2026 ж. 26 ақпаннан бастап қолданысқа енгізілді) (бұр.ред.қара)

2. Аукцион өткізуге арналған өтініш құзыретті органға келіп түскен күнінен бастап жиырма жұмыс күні ішінде, ал аз зерттелген аумақтар шегінде орналасқан жер қойнауы учаскесі бойынша аукцион өткізуге арналған өтініш құзыретті органға келіп түскен күнінен бастап он жұмыс күні ішінде қаралуға жатады.

Аукцион өткізуге арналған өтінішті қарау нәтижелері бойынша құзыретті орган:

2025.26.12. № 243-VIIІ ҚР Заңымен 1) тармақша өзгертілді (2026 ж. 26 ақпаннан бастап қолданысқа енгізілді) (бұр.ред.қара)

1) аз зерттелген аумақтар шегінде орналасқан жер қойнауы учаскелерін қоспағанда, осы Кодекстің 95-бабына сәйкес аукцион өткізу туралы хабархатты жылына төрт реттен асырмай жариялайды;

2025.26.12. № 243-VIIІ ҚР Заңымен 2) тармақша жаңа редакцияда (2026 ж. 26 ақпаннан бастап қолданысқа енгізілді) (бұр.ред.қара)

2) егер:

өтініш бергенге дейін үш жыл ішінде өтініш беруші аукцион өткізуге арналған басқа өтініш берсе, бірақ аукционға қатысушы ретінде тіркелмесе;

мəлімделген учаске осы баптың 1-тармағы екінші бөлігінің талаптарына сəйкес келмесе, аукцион өткізуге арналған өтінішті қараудан бас тартады;

2025.26.12. № 243-VIIІ ҚР Заңымен 3) тармақшамен толықтырылды (2026 ж. 26 ақпаннан бастап қолданысқа енгізілді)

3) егер өтініш берушіге осы бөліктің 2) тармақшасына сəйкес өтінішті қараудан бас тартылмаса, көмірсутектерді барлау жəне өндіру мақсаттары үшін аз зерттелген аумақтар шегінде орналасқан жер қойнауы учаскесі бойынша осы Кодекстің 95-бабына сəйкес аукцион өткізу туралы хабархатты осы тармақтың бірінші бөлігінде белгіленген өтінішті қарау мерзімі өткен күннен бастап бес жұмыс күні ішінде жариялайды.

Аукцион өткізу туралы хабархат жарияланған жағдайда, аукционға қатысуға арналған өтініштер осы Кодекстің 96-бабында белгіленген талаптарға сәйкес беріледі.

 

95-бап. Аукцион өткізу шарттары

2019.30.12. № 297-VІ ҚР Заңымен (бұр.ред.қара); 2022.14.07. № 141-VІІ ҚР Заңымен (2023 ж. 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгізілді) (бұр.ред.қара) 1-тармақ жаңа редакцияда; 2025.26.12. № 243-VIIІ ҚР Заңымен 1-тармақ өзгертілді (2026 ж. 26 ақпаннан бастап қолданысқа енгізілді) (бұр.ред.қара)

1. Әрбір учаске бойынша аукционды құзыретті орган аукцион өткізуге арналған өтініш бойынша, сондай-ақ осы Кодекстің 103-бабы 3-тармағының екінші бөлігінде көзделген жағдайларда өткізеді.

Аукционды өткізу және оны өткізу шарттары туралы хабархат көмірсутектер бойынша жер қойнауын пайдалану құқығын беруге арналған электрондық аукциондар операторының ақпараттандыру объектісінде және құзыретті органның интернет-ресурсында қазақ және орыс тілдерінде орналастырылады.

Аукционға қатысуға мүдделі тұлғалардың аукционды өткізу тәртібіне байланысты ақпарат алуға құқығы бар.

2025.26.12. № 243-VIIІ ҚР Заңымен 2-тармақ өзгертілді (2026 ж. 26 ақпаннан бастап қолданысқа енгізілді) (бұр.ред.қара)

2. Көмірсутектер бойынша жер қойнауын пайдалану құқығын беруге арналған аукцион өткізу туралы хабарламада:

1) оны өткізу күні мен уақыты;

2025.26.12. № 243-VIIІ ҚР Заңымен 2) тармақша жаңа редакцияда (2026 ж. 26 ақпаннан бастап қолданысқа енгізілді) (бұр.ред.қара)

2) қатысуға арналған өтініштерді беру мерзімі қамтылуға тиіс.

Аз зерттелген аумақтар шегінде орналасқан жер қойнауы учаскесі бойынша өтініштер беру мерзімі хабархат жарияланған күннен бастап он жұмыс күні болып белгіленеді;

3) жер қойнауын пайдалану құқығы аукционға шығарылатын жер қойнауы учаскесіне (кен орнына) нұсқау және оның қысқаша сипаттамасы;

4) жер қойнауы жөніндегі операциялар түрі;

5) аукционға қатысу үшін жарна мөлшері және оны төлеу үшін банк деректемелері;

2022.14.07. № 141-VІІ ҚР Заңымен 5-1) тармақшамен толықтырылды (2023 ж. 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгізілді)

5-1) кепілдік жарнаның мөлшері және оны төлеу үшін банк деректемелері;

2025.26.12. № 243-VIIІ ҚР Заңымен 6) тармақша өзгертілді (2026 ж. 26 ақпаннан бастап қолданысқа енгізілді) (бұр.ред.қара)

6) көмірсутектерді барлауға және өндіруге жер қойнауын пайдалану құқығы берілген жағдайда - осы баптың 3-1-тармағының талаптары ескеріле отырып, барлау кезеңінде жер қойнауы учаскесіндегі жұмыс көлемдері мен түрлері бойынша ең төменгі талаптар, сондай-ақ олардың бағалану құны;

7) Қазақстан Республикасының салық заңнамасында белгіленген әрбір блок үшін ең төменгі қол қою бонусының мөлшері негізге алына отырып айқындалған қол қою бонусының бастапқы мөлшері;

8) өндіру кезеңіндегі қазақстандық кадрларды оқытуға арналған шығыстар мөлшері;

9) өндіру кезеңіндегі Қазақстан Республикасының аумағындағы ғылыми-зерттеу, ғылыми-техникалық және тәжiрибелiк-конструкторлық жұмыстарға арналған шығыстар мөлшерi;

10) өндіру кезеңіндегі өңірді әлеуметтік-экономикалық дамытуға және оның инфрақұрылымын дамытуға арналған шығыстар мөлшері;

2023.28.12. № 52-VIII ҚР Заңымен 11) тармақша өзгертілді (2024 ж. 28 ақпаннан бастап қолданысқа енгізілді) (бұр.ред.қара)

11) тауарлардағы, жұмыстардағы, көрсетілетін қызметтердегі, кадрлардағы елішілік құндылық жөніндегі ең төмен міндеттемелер;

12) жер қойнауын пайдалану мақсаты үшін берілетін жер учаскілеріне тіркелген құқықтар туралы ақпарат;