Өтініш беруші құзыретті органның хабарламасында көрсетілген анықталған сәйкессіздіктерді құзыретті орган хабарлама жіберген күннен бастап үш жұмыс күні ішінде жоюға құқылы.
Өтініш беруші анықталған сәйкессіздіктерді жойғаннан кейін құзыретті органға өтінішті қайта жібереді. Мұндай өтініш осы тармақтың екінші бөлігінде көрсетілген сәйкессіздіктерді жою үшін белгіленген мерзім өткенге дейін берілуге тиіс. Осы бөлікке сәйкес қайта берілген өтініш бес жұмыс күні ішінде құзыретті органның қарауына жатады. Өтінішті қарау нәтижелері бойынша құзыретті орган өтініш берушіні аукционға қатысуға жібереді не жіберуден бас тартады.
Аукционды өткізу туралы хабархатта көрсетілген аукционға қатысуға өтініштер беру мерзімінің аяқталуы, егер ол осы тармақтың екінші бөлігінде көрсетілген мерзім ішінде берілсе, осы тармаққа сәйкес қайта өтініш беруден және оны қараудан бас тартуға негіз болып табылмайды.
3. Құзыретті орган мынадай жағдайларда, егер:
2023.28.12. № 52-VIII ҚР Заңымен 1) тармақша жаңа редакцияда (2024 ж. 28 ақпаннан бастап қолданысқа енгізілді) (бұр.ред.қара)
1) өтініш беруші құзыретті орган көрсеткен аукционға қатысуға өтініштің анықталған сәйкессіздіктерін белгіленген мерзімде жоймаса;
2023.28.12. № 52-VIII ҚР Заңымен 2) тармақша жаңа редакцияда (2024 ж. 28 ақпаннан бастап қолданысқа енгізілді) (бұр.ред.қара)
2) өтініш аукционға қатысуға өтініштер беру үшін берілген мерзімнен кеш берілсе;
3) 2023.28.12. № 52-VIII ҚР Заңымен алып тасталды (2024 ж. 28 ақпаннан бастап қолданысқа енгізілді) (бұр.ред.қара)
4) өтініш бергенге дейін құзыретті орган үш жыл ішінде өтініш иесімен немесе өтініш иесін тікелей немесе жанама бақылайтын немесе оның бақылауындағы тұлғамен жасалған жер қойнауын пайдалануға арналған келісімшарттың қолданысын мерзімінен бұрын тоқтатса;
5) жер қойнауын пайдаланушы болып табылатын өтініш иесінің құзыретті органның хабарламасында көрсетілген жер қойнауын пайдалануға арналған басқа келісімшарт бойынша міндеттемелерді бұзушылықтары жойылмаған болса;
6) бұрын өтініш иесі көмірсутектер бойынша жер қойнауын пайдалану құқығын беруге арналған аукционның жеңімпазы болып айқындалса, бірақ қол қою бонусын төлемеген болса;
7) 2022.14.07. № 141-VІІ ҚР Заңымен алып тасталды (2023 ж. 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгізілді) (бұр.ред.қара)
8) 2023.28.12. № 52-VIII ҚР Заңымен алып тасталды (2024 ж. 28 ақпаннан бастап қолданысқа енгізілді) (бұр.ред.қара)
2023.28.12. № 52-VIII ҚР Заңымен (2024 ж. 28 ақпаннан бастап қолданысқа енгізілді) (бұр.ред.қара); 2025.26.12. № 243-VIIІ ҚР Заңымен (2026 ж. 26 ақпаннан бастап қолданысқа енгізілді) (бұр.ред.қара) 9) тармақша өзгертілді
9) өтініш иесіне жер қойнауын пайдалану құқығын беру елдің ұлттық қауіпсіздігіне қауіп төндірсе, оның ішінде келісімшарт шеңберінде құқықтар шоғырланған және (немесе) жер қойнауын пайдалану құқықтары шоғырланған жағдайда;
2025.26.12. № 243-VIIІ ҚР Заңымен 10) тармақшамен толықтырылды (2026 ж. 26 ақпаннан бастап қолданысқа енгізілді)
10) өтініш беруші осы Кодекстің 95-бабы 3-1-тармағы екінші бөлігінің талаптарына сəйкес келмесе, аукционға қатысуға жіберуден бас тартады.
2022.14.07. № 141-VІІ ҚР Заңымен 4-тармақ жаңа редакцияда (2023 ж. 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгізілді) (бұр.ред.қара); 2023.28.12. № 52-VIII ҚР Заңымен 4-тармақ өзгертілді (2024 ж. 28 ақпаннан бастап қолданысқа енгізілді) (бұр.ред.қара)
4. Осы баптың 3-тармағының 4), 6) және 9) тармақшаларында көзделген негіздер бойынша аукционға қатысуға жіберуден бас тарту өтініш берушіні ағымдағы аукцион шеңберінде қайтадан өтініш беру құқығынан айырады.
2023.28.12. № 52-VIII ҚР Заңымен 5-тармақ өзгертілді (2024 ж. 28 ақпаннан бастап қолданысқа енгізілді) (бұр.ред.қара)
5. Аукционға қатысуға жіберуден бас тарту, осы баптың 3-тармағының 9) тармақшасында көзделген жағдайды қоспағанда, бас тарту себептерін көрсетуді қамтуға тиіс.
98-бап. 2025.26.12. № 243-VIIІ ҚР Заңымен алып тасталды (2026 ж. 26 ақпаннан бастап қолданысқа енгізілді) (бұр.ред.қара)
99-бап 2020 ж. 1 қыркүйекке дейін 277-баптың 4-тармағының редакцияда қолданылды
99-бап 2020 ж. 1 қыркүйектен бастап қолданысқа енгізілді
2019.30.12. № 297-VІ ҚР Заңымен 99-бап жаңа редакцияда (бұр.ред.қара)
99-бап. Аукцион өткізу
2022.14.07. № 141-VІІ ҚР Заңымен 1-тармақ жаңа редакцияда (2023 ж. 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгізілді) (бұр.ред.қара)
1. Егер аукцион өткізуге арналған өтінішті берген тұлға аукционға қатысушы ретінде тіркелген жалғыз тұлға болса, онда аукционға қатысуға арналған өтініштерді қарау аяқталған күннен бастап үш жұмыс күні ішінде аукционның күші жойылады және мұндай тұлға қол қою бонусының бастапқы мөлшерін төлеген жағдайда, осы Кодекстің 100-бабында белгіленген тәртіппен мұндай тұлғамен жер қойнауын пайдалануға арналған келісімшарт жасалады.
2022.14.07. № 141-VІІ ҚР Заңымен 2-тармақ өзгертілді (2023 ж. 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгізілді) (бұр.ред.қара)
2. Аукционға қатысуға жіберілген және көмірсутектер бойынша жер қойнауын пайдалану құқығын беруге арналған электрондық аукциондар операторының ақпараттандыру объектісінде аукционға қатысушылар ретінде тіркелген өтініш иелері аукционға қатысады.
3. Аукцион аукционды өткізу туралы хабарламада көрсетілген күнге сәйкес күні өткізіледі.
4. 2022.14.07. № 141-VІІ ҚР Заңымен алып тасталды (2023 ж. 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгізілді) (бұр.ред.қара)
2022.14.07. № 141-VІІ ҚР Заңымен 5-тармақ жаңа редакцияда (2023 ж. 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгізілді) (бұр.ред.қара)
5. Аукционды құзыретті орган ұйымдастырады және ол көмірсутектер бойынша жер қойнауын пайдалану құқығын беруге арналған электрондық аукциондар операторының ақпараттандыру объектісі пайдаланыла отырып, құзыретті орган айқындайтын тәртіппен электрондық нысанда өткізіледі.
Көмірсутектер бойынша жер қойнауын пайдалану құқығын беруге арналған электрондық аукциондардың операторы деп құзыретті орган айқындайтын, осы Кодексте көзделген тәртіппен көмірсутектер бойынша жер қойнауын пайдалану құқығын беруге арналған аукциондарды өткізуді жүзеге асыратын заңды тұлға танылады.
Көмірсутектер бойынша жер қойнауын пайдалану құқығын беруге арналған электрондық аукциондардың операторын айқындау жөніндегі өлшемшарттарды құзыретті орган бекітеді.
2022.14.07. № 141-VІІ ҚР Заңымен 6-тармақ жаңа редакцияда (2023 ж. 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгізілді) (бұр.ред.қара)
6. Көмірсутектер бойынша жер қойнауын пайдалану құқығын беруге арналған электрондық аукциондардың операторы:
1) құзыретті орган аукционға қатысуға жіберген өтініш берушілерді тіркеуді;
2) осы Кодекстің 96-бабының 3-тармағында көзделген құжаттар мен мәліметтерді электрондық нысанда алу мақсатында, көмірсутектер бойынша жер қойнауын пайдалану құқығын беруге арналған электрондық аукциондар операторының ақпараттандыру объектісін тиісті мемлекеттік және өзге де ақпараттық жүйелермен интеграциялауды;
3) көмірсутектер бойынша жер қойнауын пайдалану құқығын беруге арналған электрондық аукциондар операторының ақпараттандыру объектісінде тіркеу үшін өтініш берушілерден құжаттар қабылдауды;
4) көмірсутектер бойынша жер қойнауын пайдалану құқығын беруге арналған электрондық аукциондар операторының ақпараттандыру объектісіндегі жұмыс бойынша консультация берілуін жүргізуді;
5) көмірсутектер бойынша жер қойнауын пайдалану құқығын беруге арналған электрондық аукциондар операторының ақпараттандыру объектісінде аукционға қатысушылар үшін қол жеткізудің тең жағдайларын;
6) көмірсутектер бойынша жер қойнауын пайдалану құқығын беруге арналған электрондық аукциондар операторының ақпараттандыру объектісін пайдалана отырып, аукциондарды қашықтан өткізуді;
7) аукциондар қорытындыларының тізілімін қалыптастыруды;
8) көмірсутектер бойынша жер қойнауын пайдалану құқығын беруге арналған электрондық аукциондар операторының ақпараттандыру объектісінде электрондық аукциондар қорытындыларының тізілімін жариялауды;
9) техникалық құралдар кешенін, жүйелік және технологиялық бағдарламалық қамтылымды:
көмірсутектер бойынша жер қойнауын пайдалану құқығын беруге арналған электрондық аукциондар операторының ақпараттандыру объектісінің тиісінше жұмыс істеуі;
көмірсутектер бойынша жер қойнауын пайдалану құқығын беруге арналған электрондық аукциондар операторы жұмыскерлерін қоса алғанда, үшінші тұлғалардың аукцион өткізілетін күні көмірсутектер бойынша жер қойнауын пайдалану құқығын беруге арналған аукциондарды өткізу процесіне араласуына жол бермеу үшін тұрақты жұмыс жағдайында ұстап тұруды;
10) ақпаратты қорғау жөніндегі талаптарды және аукцион өткізу процесіне бөгде сырттан араласудан қорғау жөніндегі талаптарды қоса алғанда, көмірсутектер бойынша жер қойнауын пайдалану құқығын беруге арналған электрондық аукциондар операторының ақпараттандыру объектісіне қойылатын техникалық талаптардың сақталуын;
11) аукцион өткізілетін күні көмірсутектер бойынша жер қойнауын пайдалану құқығын беруге арналған электрондық аукциондар операторының ақпараттандыру объектісінде жасалған барлық іс-әрекеттердің жазбаларын құзыретті органның сұрау салуы бойынша беруді;
12) аукциондар өткізуді регламенттейтін ішкі техникалық құжаттарды әзірлеуді және бекітуді;
13) аукциондар өткізу мәселелері бойынша құзыретті органмен өзара іс-қимыл жасауды;
14) көмірсутектер бойынша жер қойнауын пайдалану құқығын беруге арналған электрондық аукциондар операторының ақпараттандыру объектісінде аукциондар өткізу туралы хабархатты орналастыруды;
15) аукциондар өткізу бойынша жаңа бағдарламалық қамтылымның әзірленуін және (немесе) қолданыстағысының жаңғыртылуын ұйымдастыруды;
16) құзыретті орган айқындайтын тәртіппен аукциондар өткізуді тоқтата тұруды, ауыстыруды немесе оның күшін жоюды қамтамасыз етеді.
100-бап. Аукцион қорытындысын шығару және көмірсутектерді барлауға және өндіруге немесе өндіруге арналған келісімшарт жасау
2025.26.12. № 243-VIIІ ҚР Заңымен 1-тармақ өзгертілді (2026 ж. 26 ақпаннан бастап қолданысқа енгізілді) (бұр.ред.қара)
1. Қол қою бонусының неғұрлым жоғары мөлшерін ұсынған қатысушы аукцион жеңімпазы болады.
Егер аз зерттелген аумақтар шегінде орналасқан жер қойнауы учаскесі бойынша аукцион өткізуге бір ғана қатысушы жіберілген болса, онда қол қою бонусының бастапқы мөлшерін осындай тұлға төлеген жағдайда, мұндай қатысушы аукционның жеңімпазы деп танылады.
2019.30.12. № 297-VІ ҚР Заңымен 2-тармақ жаңа редакцияда (бұр.ред.қара); 2022.14.07. № 141-VІІ ҚР Заңымен (2023 ж. 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгізілді) (бұр.ред.қара); 2025.26.12. № 243-VIIІ ҚР Заңымен (2026 ж. 26 ақпаннан бастап қолданысқа енгізілді) (бұр.ред.қара); 2025.30.12. № 249-VIII ҚР Заңымен (2026 ж. 2 наурыздан бастап қолданысқа енгізілді) (бұр.ред.қара) 2-тармақ өзгертілді
2. Аукцион нәтижелері электрондық аукциондар операторының ақпараттандыру объектісіндегі көмірсутектер бойынша жер қойнауын пайдалану құқығын беруге арналған электрондық аукциондардың қорытындылары тізілімінің негізінде аукцион өткізілген күні автоматты түрде шығарылады.
Аукцион нәтижелері ол өткізілген күннен бастап бір жұмыс күні ішінде жер қойнауын пайдаланудың бірыңғай платформасында қазақ және орыс тілдерінде орналастырылуға тиіс.
2022.29.12. № 174-VІІ ҚР Заңымен (2023 ж. 10 қаңтардан бастап қолданысқа енгізілді) (бұр.ред.қара); 2025.26.12. № 243-VIIІ ҚР Заңымен (2026 ж. 26 ақпаннан бастап қолданысқа енгізілді) (бұр.ред.қара); 2025.30.12. № 249-VIII ҚР Заңымен (2026 ж. 2 наурыздан бастап қолданысқа енгізілді) (бұр.ред.қара) 3-тармақ өзгертілді
3. Аукцион жеңімпазы аукцион қорытындылары жарияланған күннен бастап жиырма жұмыс күні ішінде:
2) құзыретті органға қол қою бонусын төлегенін растауды және құзыретті орган бекітетін көмірсутектерді барлауға және өндіруге немесе өндіруге үлгілік келісімшартқа сәйкес әзірленген көмірсутектерді барлауға және өндіруге немесе өндіруге өз тарапынан қол қойылған келісімшартты жібереді.
Көмірсутектерді барлауға және өндіруге арналған жер қойнауын пайдалану құқығы берілген жағдайда, аукцион жеңімпазы барлау кезеңіндегі жұмыстардың көлемін, сипатын және орындалу мерзімдерін қамтитын және барлау кезеңінде жер қойнауы учаскесіндегі жұмыс көлемдері мен түрлері бойынша ең төменгі талаптарға сәйкес келетін жұмыс бағдарламасын қосымша әзірлейді және оны барлауға және өндіруге келісімшартқа оның ажырамас бөлігі ретінде қоса береді.
Аз зерттелген аумақтар шегінде орналасқан жер қойнауы учаскесіне жер қойнауын пайдалану құқығы берілген кезде жұмыстар бағдарламасы осы Кодекстің 95-бабы 3-1-тармағы бірінші бөлігінің талаптары ескеріле отырып əзірленеді.
Көмірсутектерді барлауға және өндіруге немесе өндіруге арналған келісімшартта оның ажырамас бөлігі болып табылатын, осы Кодекстің 110-бабына сәйкес жер қойнауын пайдаланушы көмірсутектерді барлау және (немесе) өндіру жөніндегі операцияларды жүргізуге құқылы жер қойнауы учаскесін белгілейтін келісімшартқа қосымша қамтылуға тиіс.
Егер аукционның жеңімпазы аукционға қатысуға өтініш беру кезеңінде жұмыстардағы, көрсетілетін қызметтердегі елішілік құндылық бойынша жетпіс пайыздан асатын ең төмен міндеттемені ұсынған болса, ұсынылған міндеттемелер көмірсутектерді барлауға және өндіруге арналған немесе өндіруге арналған келісімшартта бекітіледі.
4. Құзыретті орган аукцион жеңімпазынан келісімшартты және қол қою бонусын төлегенін растауды алған күннен бастап жиырма жұмыс күні ішінде онымен көмірсутектерді барлауға және өндіруге немесе өндіруге арналған келісімшарт жасасады және аукцион жеңімпазына оның қол қойылған бір данасын жібереді.
2022.14.07. № 141-VІІ ҚР Заңымен 5-тармақ жаңа редакцияда (2023 ж. 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгізілді) (бұр.ред.қара)
5. Егер аукцион жеңімпазы осы баптың 3-тармағында көрсетілген мерзім ішінде қол қою бонусын төлемесе және (немесе) құзыретті органға өз тарапынан қол қойылған жер қойнауын пайдалануға арналған келісімшартты ұсынбаса, мұндай тұлға келісімшарт жасасу құқығынан айырылады, бұл ретте құзыретті органның осы баптың 3-тармағында көзделген мерзім өткеннен кейін үш жұмыс күні ішінде жіберілетін жазбаша хабарламасымен тиісті жер қойнауы учаскесі бойынша келісімшарт жасасу құқығы аукцион жеңімпазынан кейін қол қою бонусының келесі ең көп мөлшерін ұсынған аукционға қатысушыға беріледі.
Құзыретті органнан жазбаша хабарлама жіберілген күннен бастап жиырма жұмыс күні ішінде аукцион жеңімпазынан кейін қол қою бонусының келесі ең көп мөлшерін ұсынған аукционға қатысушы осы баптың 3-тармағында көзделген, аукцион жеңімпазына қойылатын талаптарды орындауға міндетті. Бұл ретте, аукцион жеңімпазынан кейін қол қою бонусының келесі ең көп мөлшерін ұсынған аукционға қатысушы осы баптың 3-тармағы бірінші бөлігінің 1) тармақшасында көзделген қол қою бонусын осындай аукционға қатысушы ұсынған мөлшерде төлейді.
Аукцион жеңімпазынан кейін қол қою бонусының келесі ең көп мөлшерін ұсынған аукционға қатысушы құзыретті органнан жазбаша хабарлама жіберілген күннен бастап жиырма жұмыс күні ішінде осы баптың 3-тармағында көзделген, аукцион жеңімпазына қойылатын талаптарды орындамаған жағдайда, мұндай тұлға келісімшарт жасасу құқығынан айырылады, ал жер қойнауы учаскесі қайтадан аукционға шығарылады.
101-бап. Аукцион өтпеді деп тану тәртібі мен негіздері
2022.14.07. № 141-VІІ ҚР Заңымен (2023 ж. 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгізілді) (бұр.ред.қара); 2025.26.12. № 243-VIIІ ҚР Заңымен (2026 ж. 26 ақпаннан бастап қолданысқа енгізілді) (бұр.ред.қара) 1-тармақ өзгертілді
1. Жер қойнауын пайдалану құқығын беруге арналған аукцион, егер аукцион өткізілетін күні екіден кем қатысушы тіркелсе, өтпеді деп танылады және қайталама аукцион өткізілмейді.
Осы тармақ аз зерттелген аумақтар шегінде орналасқан жер қойнауы учаскесі бойынша өткізілетін аукционға қолданылмайды.
2019.30.12. № 297-VІ ҚР Заңымен 2-тармақ жаңа редакцияда (бұр.ред.қара); 2025.26.12. № 243-VIIІ ҚР Заңымен (2026 ж. 26 ақпаннан бастап қолданысқа енгізілді) (бұр.ред.қара); 2025.30.12. № 249-VIII ҚР Заңымен (2026 ж. 2 наурыздан бастап қолданысқа енгізілді) (бұр.ред.қара) 2-тармақ өзгертілді
2. Аукционды өтпеді деп тану туралы хабарландыру аукцион аяқталған күннен бастап бір жұмыс күні ішінде жер қойнауын пайдаланудың бірыңғай платформасында қазақ және орыс тілдерінде орналастырылуға жатады.
102-бап. Көмірсутектер бойынша жер қойнауын пайдалану құқығын беруге арналған аукционды жарамсыз деп тану
1. Көмірсутектер бойынша жер қойнауын пайдалану құқығын беруге арналған аукционды сот қатысушының немесе құзыретті органның талап етуі бойынша жарамсыз деп тануы мүмкін.
2. Мыналар аукционды жарамсыз деп тану үшін негіздер болып табылады:
1) осы Кодексте белгіленген, аукцион жеңімпазын айқындауға әсер еткен аукцион өткізу қағидаларын бұзу;
2) аукцион қорытындылары бойынша келісімшарт жасалған тұлғаның құзыретті органға мұндай тұлғаны аукционға жіберу туралы шешімге әсер еткен көрінеу анық емес мәліметтерді ұсыну фактісінің анықталуы.
3. Аукционға қатысушылар аукционның нәтижелеріне оның нәтижелері жарияланған күннен бастап үш ай ішінде осы баптың 2-тармағының 1) тармақшасында көрсетілген негіз бойынша Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес шағым жасауға құқылы.
4. Келісімшарт жасалғанға дейін аукционның жарамдылығына дау айтылған жағдайда, сот мәні бойынша шешім шығарғанға дейін келісімшартты жасасу мерзімі тоқтатыла тұрады.
5. Аукционды жарамсыз деп тану аукцион қорытындылары бойынша жасалған келісімшарттың жарамсыздығына алып келеді.
6. Осы баптың 2-тармағының 1) тармақшасында көрсетілген негіз бойынша аукцион жарамсыз деп танылған жағдайда, мұндай аукционның жеңімпазы деп жарияланған тұлға төленген қол қою бонусын қайтаруды талап етуге құқылы.
2-параграф. Көмірсутектер бойынша жер қойнауын пайдалану құқығын көмірсутектер саласындағы ұлттық компанияға тікелей келіссөздер негізінде беру
103-бап. Көмірсутектер бойынша жер қойнауын пайдалану құқығын көмірсутектер саласындағы ұлттық компанияға тікелей келіссөздер негізінде беру шарттары
1. Қазақстан Республикасы Үкіметінің шешімі бойынша құрылған, акцияларының бақылау пакеті мемлекетке немесе көмірсутектер бойынша жер қойнауын пайдалану саласында қызметті жүзеге асыратын ұлттық басқарушы холдингке тиесілі акционерлік қоғам көмірсутектер саласындағы ұлттық компания деп танылады.
2. Осы параграфта көзделген жағдайларды қоспағанда, осы Кодексте көзделген тәртіппен жалпы негіздерде көмірсутектер саласындағы ұлттық компания көмірсутектерді барлауға және өндіруге немесе өндіруге құқық алуға құқылы.
2025.26.12. № 243-VIIІ ҚР Заңымен 3-тармақ өзгертілді (2026 ж. 26 ақпаннан бастап қолданысқа енгізілді) (бұр.ред.қара)
3. Жер қойнауының мемлекеттік қорын басқару бағдарламасына енгізілген, шегінде жер қойнауын пайдалану құқығы көмірсутектер саласындағы ұлттық компанияға берілетін аумақта орналасқан жер қойнауы учаскесі осындай ұлттық компаниямен тікелей келіссөздер негізінде пайдалануға берілуі мүмкін.
Көмірсутектер саласындағы ұлттық компания тікелей келіссөздер арқылы жер қойнауын пайдалану құқығын алуға арналған өтінішті тиісті аумақ мемлекеттік жер қойнауы қорын басқару бағдарламасына енгізілген күннен бастап үш жылдан кешіктірілмейтін мерзімде беруге тиіс. Егер тікелей келіссөздер жүргізу туралы өтініш көрсетілген мерзімде берілмеген болса, тікелей келіссөздер арқылы жер қойнауын пайдалану құқығы берілмеген аумақ осы тараудың 1-параграфына сәйкес аукционға шығарылуға жатады.
4. Жер қойнауының мемлекеттік қорын басқару бағдарламасына енгізілген, шегінде көмірсутектерді барлауға және өндіруге немесе өндіруге жер қойнауын пайдалану құқығы аукцион негізінде берілетін аумақта орналасқан жер қойнауы учаскесі көмірсутектер саласындағы ұлттық компанияның пайдалануына тікелей келіссөздер негізінде, тек мүдделі тұлға аукцион өткізуге өтініш бергенге дейін ғана берілуі мүмкін.
2023.28.12. № 52-VIII ҚР Заңымен 5-тармақ өзгертілді (2024 ж. 28 ақпаннан бастап қолданысқа енгізілді) (бұр.ред.қара)
5. Көмірсутектер саласындағы ұлттық компанияға тікелей келіссөздер негізінде берілетін жер қойнауы учаскесі бойынша көмірсутектерді барлауға және өндіруге немесе өндіруге келісімшартты ұлттық компания дербес өзі де және сонымен бірге стратегиялық серіктесімен бірлесіп те жасауы мүмкін.
Бұл ретте жер қойнауын пайдалануға арналған тиісті келісімшарт бойынша жер қойнауын пайдаланушы ретінде көмірсутектер саласындағы ұлттық компанияның елу және одан көп пайыздан асатын мөлшердегі үлестік қатысуы ірі кен орындары бойынша тікелей келіссөздер негізінде жер қойнауын пайдалану құқығын берудің міндетті шарты болып табылады.
2022.29.12. № 174-VІІ ҚР Заңымен 6-тармақ жаңа редакцияда (2023 ж. 10 қаңтардан бастап қолданысқа енгізілді) (бұр.ред.қара); 2025.26.12. № 243-VIIІ ҚР Заңымен 6-тармақ өзгертілді (2026 ж. 26 ақпаннан бастап қолданысқа енгізілді) (бұр.ред.қара)
6. Көмірсутектер саласындағы ұлттық компания бекіткен талаптарға сәйкес келетін, көмірсутектерді барлауға және өндіруге арналған келісімшарт бойынша инвестициялық қаржыландыруды жүзеге асыру жөніндегі міндеттемелерді немесе көмірсутектерді өндіруге арналған келісімшарт бойынша қол қою бонусын өтеу жөніндегі міндеттемелерді өзіне алған заңды тұлға немесе заңды тұлғалардың консорциумы көмірсутектер саласындағы ұлттық компанияның стратегиялық әріптесі болып танылуы мүмкін.
Стратегиялық әріптесті ұлттық компания тікелей келіссөздер жүргізуге өтініш берген кезде айқындайды.
2022.29.12. № 174-VІІ ҚР Заңымен 7-тармақ өзгертілді (2023 ж. 10 қаңтардан бастап қолданысқа енгізілді) (бұр.ред.қара)
7. Ұлттық компания немесе дауыс беретін акцияларының (жарғылық капиталға қатысу үлестерінің) елу және одан да көп пайызы жер қойнауын пайдалану жөніндегі осындай ұлттық компанияға тікелей немесе жанама түрде тиесілі заңды тұлға мен стратегиялық серіктес арасында тікелей келіссөздер негізінде жер қойнауын пайдалу құқығын алу мақсаттары үшін осы Кодексте белгіленген тәртіппен және шарттарда жасалған бірлескен қызмет туралы шарт (келісім) және (немесе) қаржыландыру туралы келісім бойынша барлауды қаржыландыру инвестициялық қаржыландыру деп танылады.
Бірлескен қызмет туралы келісімде стратегиялық әріптестің қол қою бонусын төлеу не ұлттық компания төлеген қол қою бонусының сомасын өтеу жөніндегі міндеттемесі көзделуге тиіс.
2023.28.12. № 52-VIII ҚР Заңымен 8-тармақ өзгертілді (2024 ж. 28 ақпаннан бастап қолданысқа енгізілді) (бұр.ред.қара)
8. Көмірсутектер саласындағы ұлттық компанияға тікелей келіссөздер негізінде берілген жер қойнауын пайдалану құқығын (жер қойнауын пайдалану құқығындағы үлесті), дауыс беретін акцияларының (қатысу үлестерінің) елу және одан көп пайызы көмірсутектер саласындағы ұлттық компанияға тікелей немесе жанама тиесілі заңды тұлғаларға берілген жағдайды қоспағанда, келісімшарт тіркелген күннен бастап екі жыл ішінде беруге болмайды.
Бұл ретте мұндай заңды тұлға алған жер қойнауын пайдалану құқығын (жер қойнауын пайдалану құқығындағы үлесті) келісімшарт тіркелген күннен бастап екі жыл ішінде беруге құқылы емес.
Көмірсутектер саласындағы ұлттық компанияның немесе дауыс беретін акцияларының (қатысу үлестерінің) елу және одан көп пайызы көмірсутектер саласындағы ұлттық компанияға тікелей немесе жанама түрде тиесілі заңды тұлғаның ірі кен орындары бойынша жер қойнауын пайдалануға арналған келісімшарттағы үлестік қатысу мөлшерін азайту көмірсутектер саласындағы ұлттық компания немесе дауыс беретін акцияларының (қатысу үлестерінің) елу және одан көп пайызы көмірсутектер саласындағы ұлттық компанияға тікелей немесе жанама түрде тиесілі заңды тұлға жер қойнауын пайдалануға арналған келісімшарт бойынша жер қойнауын пайдаланушылардың шешімдер қабылдауына өз бақылауын сақтаған жағдайда жүзеге асырылады.
104-бап. Көмірсутектер саласындағы ұлттық компанияның тікелей келіссөздер жүргізуге арналған өтініші
1. Тікелей келіссөздер негізінде көмірсутектерді барлауға және өндіруге немесе өндіруге жер қойнауы учаскесін пайдалануға алуға ниеті бар көмірсутектер саласындағы ұлттық компания өзі үміткер болып отырған жер қойнауы учаскесінің шекараларын көрсете отырып, құзыретті органға өтініш жібереді.