«Жер қойнауы және жер қойнауын пайдалану туралы» Қазақстан Республикасының 2017 жылғы 27 желтоқсандағы № 125-VI Кодексі (2026.07.09. берілген өзгерістер мен толықтырулармен)

Предыдущая страница

174-бап. Уранды барлау немесе өндіру кезінде жер қойнауын және қоршаған ортаны қорғау, жер қойнауын ұтымды және кешенді пайдалану

2026.07.07. № 337-VIII ҚР Заңымен 1-тармақ жаңа редакцияда (2026 ж. 7 қыркүйектен бастап қолданысқа енгізілді) (бұр.ред.қара)

1. Уранды барлау мен өндіруді жүргізудің міндетті шарттары:

1) жер қойнауын қорғауды қамтамасыз ету;

2) жоғары технологияларды қолдану жəне жер қойнауын пайдаланудың оң практикасы негізінде жер қойнауын ұтымды əрі экономикалық тұрғыдан тиімді пайдалану;

3) Қазақстан Республикасының экологиялық заңнамасының талаптарын сақтау.

Жер қойнауын пайдалану жөніндегі операцияларды жүргізу кезінде қолданылатын ұтымды, қауіпсіз, қажетті жəне экономикалық тұрғыдан тиімді болып саналатын жалпы қабылданған халықаралық практика жер қойнауын пайдаланудың оң практикасы болып түсініледі.

2. Жер қойнауын және қоршаған ортаны қорғау:

1) халықтың өмірі мен денсаулығын қорғауға;

2) табиғи ландшафтарды сақтауға және бүлінген жерлерді, өзге де геоморфологиялық құрылымдарды қалпына келтіруге бағытталған құқықтық, ұйымдастырушылық, экономикалық, технологиялық және басқа да іс-шаралар жүйесін қамтиды.

3. Жер қойнауын ұтымды және кешенді пайдалану мен қорғау саласындағы талаптар:

2026.07.07. № 337-VIII ҚР Заңымен 1) тармақша өзгертілді (2026 ж. 7 қыркүйектен бастап қолданысқа енгізілді) (бұр.ред.қара)

1) жер қойнауын пайдалану жөніндегі операцияларды жүргізудің барлық кезеңдерінде жер қойнауы ресурстарын ұтымды және экономикалық тұрғыдан тиімді пайдалануды қамтамасыз ету;

2) таңдап өндіруге жол бермей, пайдалы қазбаларды жер қойнауынан алудың толықтығын қамтамасыз ету;

3) уран қорларын және ілеспе құрауыштарды анық есепке алу;

4) ауыз сумен немесе өнеркәсіптік сумен жабдықтау үшін пайдаланылатын, су жинау алаңдарында және жерасты сулары бар жерлерде өнеркәсіптік және тұрмыстық қалдықтардың жиналуын болғызбау;

5) уран кен орындарын пайдалануды және игеруді қиындататын, жер қойнауын су басудан, өрттен және басқа да дүлей факторлардан қорғау;

6) уранды немесе өзге де заттар мен материалдарды сақтау, зиянды заттар мен қалдықтарды көму кезінде жер қойнауының ластануын болғызбау;

2026.07.07. № 337-VIII ҚР Заңымен 7) тармақша өзгертілді (2026 ж. 7 қыркүйектен бастап қолданысқа енгізілді) (бұр.ред.қара)

7) жер қойнауын пайдалану жөніндегі операцияларды тоқтата тұрудың, тоқтатудың, жер қойнауын пайдалану салдарын жоюдың, жер қойнауы учаскесін консервациялаудың белгіленген тәртібін сақтау;

8) қалдықтарды қоймаға жинап қою мен орналастыру кезінде экологиялық және санитариялық-эпидемиологиялық талаптарды қамтамасыз ету болып табылады.

2026.07.07. № 337-VIII ҚР Заңымен 4-тармақ жаңа редакцияда (2026 ж. 7 қыркүйектен бастап қолданысқа енгізілді) (бұр.ред.қара)

4. Жер қойнауын пайдаланушылар уран кен орындарын барлау мен əзірлеу жөніндегі жұмыстарды жобалау жəне жүргізу кезінде осы Кодексте белгіленген жер қойнауын ұтымды əрі кешенді пайдалану жəне қорғау жөніндегі талаптарды орындауға міндетті.

2026.07.07. № 337-VIII ҚР Заңымен 5-тармақ өзгертілді (2026 ж. 7 қыркүйектен бастап қолданысқа енгізілді) (бұр.ред.қара)

5. Осы Кодекске сәйкес белгіленген жер қойнауын ұтымды және кешенді пайдалану жөніндегі талаптарды бұзу салдарынан келтірілген нұқсанның мөлшерін уран саласындағы уәкілетті орган өзі айқындаған тәртіппен белгілейді.

2026.07.07. № 337-VIII ҚР Заңымен 6-тармақпен толықтырылды (2026 ж. 7 қыркүйектен бастап қолданысқа енгізілді)

6. Жер қойнауын пайдаланушы жер қойнауы учаскесінің аумағындағы бұрын бұрғыланған барлық ұңғыманы балансқа қабылдауға, олар бойынша мониторинг жүргізуге міндетті.

2026.07.07. № 337-VIII ҚР Заңымен 7-тармақпен толықтырылды (2026 ж. 7 қыркүйектен бастап қолданысқа енгізілді)

7. Жер қойнауын пайдаланушы жер қойнауының жай-күйіне мониторинг жүргізуді жəне кен орындарын əзірлеуге бақылауды ұйымдастыруды қамтамасыз етуге міндетті.

2026.07.07. № 337-VIII ҚР Заңымен 8-тармақпен толықтырылды (2026 ж. 7 қыркүйектен бастап қолданысқа енгізілді)

8. Ұлттық қауіпсіздікті қамтамасыз ету, минералдық шикізат базасын ұтымды пайдалану жəне орнықты дамыту мақсатында уран саласындағы уəкілетті орган уран өндіру көлемін қысқарту туралы шешімді біржақты тəртіппен қабылдауға құқылы. Уран саласындағы уəкілетті органның шешімі ресми жарияланған кезінен бастап күшіне енеді жəне жер қойнауын пайдаланушының орындауы үшін міндетті болады.

 

 

2026.07.07. № 337-VIII ҚР Заңымен 25-тараудың тақырыбы жаңа редакцияда (2026 ж. 7 қыркүйектен бастап қолданысқа енгізілді) (бұр.ред.қара)

25-тарау. Уранды барлау жəне өндіру шарттары

 

2026.07.07. № 337-VIII ҚР Заңымен 174-1-баппен толықтырылды (2026 ж. 7 қыркүйектен бастап қолданысқа енгізілді)

174-1-бап. Уранды барлау шарттары

1. Іздестіру жəне бағалау жұмыстары барлау жұмыстарының жобасына сəйкес жүргізілуге тиіс.

2. Жер қойнауын пайдаланушы барлау кезеңінде жəне осы Кодексте белгіленген шектеулерді ескере отырып, барлау аумағында уранды барлау жөніндегі жұмыстардың кез келген түрін жүргізуге құқылы.

3. Уранды барлау жөніндегі жұмыстар жер қойнауын пайдаланудың оң практикасына сəйкес барлау жұмыстары жобасында көзделген əдістермен жəне тəсілдермен жүргізілуге тиіс.

4. Уранды барлау кезінде барлау жұмыстары жобасында көзделген ұңғымаларды бұрғылауға жол беріледі.

5. Табуды растау туралы өтініште:

1) жер қойнауын пайдаланушының атауы;

2) жер қойнауын пайдалануға арналған келісімшартты тіркеу нөмірі мен күні;

3) табылған кенжатынның (кенжатындар жиынтығының) орналасқан жеріне жəне болжамды контурларына нұсқау қамтылуға тиіс.

6. Өтінішке табудың мынадай құжаттамалық растауларының кем дегенде біреуі:

1) құрамында уран бар кендердің болуын растайтын геофизикалық (радиометриялық, гамма-каротаждық) зерттеулердің нəтижелері;

2) уранның өнеркəсіптік құрамын растайтын тау жыныстары сынамаларының зертханалық зерттеулерінің нəтижелері қоса беріледі.

7. Өтініш жер қойнауын зерттеу жөніндегі уəкілетті органға келіп түскен күннен бастап жиырма жұмыс күні ішінде қаралуға тиіс. Өтінішті қарау нəтижелері бойынша жер қойнауын зерттеу жөніндегі уəкілетті орган табуды растау туралы шешім қабылдайды немесе растаудан бас тартады.

8. Жер қойнауын зерттеу жөніндегі уəкілетті орган табуды растаудан:

1) өтініш осы Кодексте белгіленген талаптарға сəйкес келмеген;

2) қоса берілген табуды құжаттамалық растау болмаған немесе анық болмаған жағдайда бас тартады.

9. Жер қойнауын зерттеу жөніндегі уəкілетті органның табуды растаудан бас тартуы жер қойнауын пайдаланушыны қайтадан өтініш беру құқығынан айырмайды.

10. Жер қойнауын пайдаланушы жер қойнауын зерттеу жөніндегі уəкілетті орган табуды растаған күннен бастап бір ай ішінде бұл туралы құзыретті органды жазбаша хабардар етуге жəне бағалау бойынша жұмыстарды жүргізуді көздейтін барлау жұмыстары жобасына толықтыруларды əзірлеуді бастауға міндетті.

11. Барлау жұмыстарын жүргізу кезінде жер қойнауын пайдаланушы:

1) барлау жұмыстарын жүргізу кезінде қолданылатын техникалық құралдардың зерттелетін жер қойнауын пайдалану объектісіне сəйкес оңтайлы болуын;

2) бүкіл жұмыс барысын, алынатын зерттеу деректері мен нəтижелерін геологиялық құжаттамада уақтылы жəне анық көрсетуді қамтамасыз етуге міндетті.

 

175-бап. Уран өндірудің жалпы шарттары

1. Уран өндірудің міндетті шарттары жоғары технологияларды қолдану және жер қойнауын пайдаланудың оң практикасы негізінде жер қойнауын ұтымды және экономикалық тұрғыдан тиімді пайдалану, сондай-ақ адамдардың өмірі мен денсаулығының қауіпсіздігін қамтамасыз ету болып табылады.

2. Өндірілген уран санын есепке алу мақсатында, жер қойнауына сілтісіздендірілген ертінділермен қайтарылатын уранды есептен шегере отырып, өнімділік ерітінділермен жер бетіне шығарылған уран айқындалады.

 

176-бап. Уран өндіру шарттары

1. Уран өндіру жөніндегі операциялар жер қойнауын пайдаланушы бекіткен және осы Кодексте көзделген сараптамалардың оң қорытындыларын алған тәжірибелік-өнеркәсіптік өндіру жобасына және (немесе) кен орнын игеру жобасына сәйкес жүргізілуге тиіс.

2. Уран өндіру жөніндегі барлық жұмыстар құжаттандырылуға жатады.

3. Уран өндіру кезінде жер қойнауын пайдаланушы:

1) өндіруде қолданылатын техникалық құралдарының оңтайлылығы мен қауіпсіздігін;

2) өндірілген және жер қойнауында қалдырылатын уран қорларын, оларды қайта өңдеу өнімдерін және өндіру кезінде пайда болатын өндіріс қалдықтарын анық есепке алуды;

3) тәжірибелік-өнеркәсіптік өндірудің және (немесе) өндірудің нормалары мен стандарттарын, қолданылатын әдістері мен тәсілдерін сақтауды;

4) өндіру қалдықтары мен қайта өңдеу өнімдерін қоймаға жинап қою және орналастыру кезінде экологиялық және санитариялық-эпидемиологиялық талаптарды орындауды;

5) тәжірибелік-өнеркәсіптік өндіру жобасында және кен орнын игеру жобасында көзделген тәртіппен уранды алуды қамтамасыз етуге міндетті.

4. Өндіру барысында алынатын уран және басқа да ілеспе пайдалы қазбалар, егер осы Кодексте немесе келісімшартта өзгеше көзделмесе, жер қойнауын пайдаланушының меншігі болып табылады.

2025.09.04. № 180-VIII ҚР Заңымен 5-тармақ өзгертілді (2025 ж. 10 маусымнан бастап қолданысқа енгізілді) (бұр.ред.қара)

5. Минералдық шикізатты шығару жөніндегі операцияларға байланысты жерасты сілтісіздендіру тәсілі кезінде жер бетіне шығарылған өнімділік ерітінділер, егер осы ерітінділер олардан уран және басқа да ілеспе пайдалы қазбалар алынғаннан кейін сол көлемде жер қойнауына айдалса, жерасты суларын алуға жатпайды.

2025.09.04. № 180-VIII ҚР Заңымен 6-тармақ өзгертілді (2025 ж. 10 маусымнан бастап қолданысқа енгізілді) (бұр.ред.қара)

6. Жер қойнауын пайдаланушы Қазақстан Республикасының экологиялық заңнамасының талаптарын сақтаған жағдайда, Қазақстан Республикасының су заңнамасына сәйкес суды пайдалану арнайы рұқсатын алмастан жер қойнауы учаскесі шегінде уранды және жер бетіне шығарылған өнімділік ерітінділерден алынған құрамында пайдалы құрауыштары бар басқа да ілеспе пайдалы қазбаларды өндіруді жүзеге асыруға құқылы.

Ілеспе алынған жерасты суларын одан әрі пайдалану Қазақстан Республикасының су және экология заңнамасына сәйкес жүзеге асырылады.

2021.09.03. № 14-VІІ ҚР Заңымен 7-тармақпен толықтырылды; 2025.26.12. № 243-VIIІ ҚР Заңымен 7-тармақ жаңа редакцияда (2026 ж. 26 ақпаннан бастап қолданысқа енгізілді) (бұр.ред.қара)

7. Уран өндіру кезеңінде уран кен орнының геологиялық құрылысы мен қорларын нақтылау мақсатында уран саласындағы ұлттық компанияның және (немесе) дауыс беретін акцияларының (жарғылық капиталға қатысу үлестерінің) кемінде тоқсан пайызы уран саласындағы ұлттық компанияға тікелей немесе жанама түрде тиесілі заңды тұлғаның ғана өндіру учаскесіне жете зерттеу (жете барлау) жүргізуіне жол беріледі.

Егер дауыс беретін акцияларының (жарғылық капиталға қатысу үлестерінің) кемінде тоқсан пайызы уран саласындағы ұлттық компанияға тікелей немесе жанама түрде тиесілі заңды тұлға болып табылмайтын жер қойнауын пайдаланушы уран кен орнының геологиялық құрылысы мен қорларын нақтылау мақсатында 2024 жылғы 1 қаңтардан бастап өндіру учаскесіне жете зерттеу (жете барлау) жүргізген болса, соның нәтижелері бойынша жер қойнауын зерттеу жөніндегі уәкілетті орган қорлардың өсімін растаса, уран саласындағы ұлттық компания мұндай жер қойнауын пайдаланушыға жете зерттеуге (жете барлауға) жұмсаған шығындарын өтейді.

Бұл ретте жете зерттеуге (жете барлауға) жұмсалған шығындарды «Аудиторлық қызмет туралы» Қазақстан Республикасының Заңына сәйкес аудитор болып табылатын адам растауға тиіс.

2021.09.03. № 14-VІІ ҚР Заңымен 8-тармақпен толықтырылды

8. Жете барлау жөніндегі жұмыстар кен орнын әзірлеу жобасына сәйкес жүргізіледі.

Егер жете зерттеу ішінде жер қойнауын пайдаланушы өндіру учаскесінде жаңа кенжатынды (кенжатындар жиынтығын) тапқан жағдайда, оны бағалау кен орнын әзірлеу жобасына толықтыруға сәйкес жүргізіледі.

2025.26.12. № 243-VIIІ ҚР Заңымен 9-тармақпен толықтырылды (2026 ж. 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгізілді); 2026.07.07. № 337-VIII ҚР Заңымен 9-тармақ өзгертілді (2026 ж. 7 қыркүйектен бастап қолданысқа енгізілді) (бұр.ред.қара)

9. Уран өндіруге арналған келісімшартта осы Кодекстің 173-бабы 5-1-тармағында көзделген міндеттемелердің біреуі бекітілген кезде уран өндіруге арналған келісімшартта немесе кен орнын игеру жобасында бекітілген өндіру көлемін және (немесе) қорларды ұлғайтуға жол беріледі.

 

2026.07.07. № 337-VIII ҚР Заңымен 177-бап өзгертілді (2026 ж. 7 қыркүйектен бастап қолданысқа енгізілді) (бұр.ред.қара)

177-бап. Уран бойынша жер қойнауын пайдалану салдарын жою

2026.07.07. № 337-VIII ҚР Заңымен 1-тармақ жаңа редакцияда (2026 ж. 7 қыркүйектен бастап қолданысқа енгізілді) (бұр.ред.қара)

1. Уран бойынша жер қойнауын пайдалану салдарын жоюды Қазақстан Республикасының радиоактивті қалдықтармен жұмыс істеу саласындағы заңнамасына сəйкес айқындалған радиоактивті қалдықтармен жұмыс істеу жөніндегі ұлттық оператор жүзеге асырады.

Уран бойынша жер қойнауын пайдалану салдарын жою жер қойнауын пайдаланушы бекіткен жəне осы Кодекс пен Қазақстан Республикасының өзге заңдарында көзделген сараптамалардың оң қорытындыларын алған жер қойнауын пайдалану салдарын жою жобасына сəйкес жүргізіледі.

Жер қойнауын пайдалану салдарын жою жөніндегі жұмыстарды жүргізуге қойылатын талаптар уран саласындағы уəкілетті орган бекіткен уранды барлау мен өндіруді жүргізу кезіндегі консервациялау жəне жою қағидаларында белгіленеді.

2026.07.07. № 337-VIII ҚР Заңымен 1-1-тармақпен толықтырылды (2026 ж. 7 қыркүйектен бастап қолданысқа енгізілді)

1-1. Барлау учаскесінде не жер қойнауын пайдаланушы бас тартқан барлау учаскесінің бір бөлігінде уранды барлау жөніндегі операциялар болмаған кезде не мұндай операциялар жер бетін (су айдындарының түбін) бұзбай жүргізілген кезде, осы барлау учаскесінде немесе оның бір бөлігінде жою жұмыстарын жүргізу талап етілмейді.

Бұл ретте тарату жұмыстарын жүргізудің қажеттілігі жоқ екенін растайтын барлау учаскесін не оның бір бөлігін тексеру актісі жасалады, оған осы баптың 4-тармағында аталған адамдар қол қояды.

2. Уран өндіру салдарын жою:

1) осы Кодекстің 164-бабының 3-тармағының 2) және 3) тармақшаларында көзделген жағдайларды қоспағанда, жер қойнауын пайдалану құқығы тоқтатылған жер қойнауы учаскесінде;

2) жер қойнауын пайдаланушы мемлекетке қайтаруға ниеттеніп отырған жер қойнауы учаскесінде (оның бөлігінде) жүргізіледі.

2026.07.07. № 337-VIII ҚР Заңымен 3-тармақ жаңа редакцияда (2026 ж. 7 қыркүйектен бастап қолданысқа енгізілді) (бұр.ред.қара)

3. Жер қойнауын пайдаланушы:

1) осы Кодекске жəне Қазақстан Республикасының өзге де заңдарына сəйкес жер қойнауын пайдалану салдарын жою жөніндегі жұмыстар жобасын əзірлеуді, келісуді, сараптауды жəне бекітуді келісімшарт мерзімі өткенге дейін кемінде бір жыл бұрын қамтамасыз етуге;

2) осы Кодекстің 163-бабының 1 жəне 3-тармақтарында көзделген жағдайларда, алты ай ішінде уран бойынша жер қойнауын пайдалану салдарын жою жобасын əзірлеуге жəне осы Кодексте көзделген сараптамалардан өту үшін ұсынуға;

3) осындай тоқтату күнінен бастап он екі айдан кешіктірілмейтін мерзімде жер қойнауын пайдалану жөніндегі операциялардың салдарын жоюға кірісуге;

4) уран бойынша жер қойнауын пайдалану салдарын жою жобасында белгіленген мерзімдерде жер қойнауы учаскесінде жер қойнауын пайдалану салдарын жоюды аяқтауға міндетті.

2026.07.07. № 337-VIII ҚР Заңымен 4-тармақ өзгертілді (2026 ж. 7 қыркүйектен бастап қолданысқа енгізілді) (бұр.ред.қара)

4. Уран бойынша жер қойнауын пайдалану салдарын жою:

1) жер қойнауын пайдаланушы не тиісті жер қойнауы учаскесінде жер қойнауын пайдалану құқығы тоқтатылған тұлға;

2) құзыретті органның өкілі;

2025.30.12. № 249-VIII ҚР Заңымен 3) тармақша жаңа редакцияда (2026 ж. 2 наурыздан бастап қолданысқа енгізілді) (бұр.ред.қара)

3) қоршаған ортаны қорғау, өнеркәсіптік қауіпсіздік саласындағы, халықтың санитариялық-эпидемиологиялық саламаттылығы саласындағы, жер қойнауын зерттеу жөніндегі уәкілетті органдардың және облыстың, республикалық маңызы бар қаланың, астананың жергілікті атқарушы органдарының өкілдері;

2026.07.07. № 337-VIII ҚР Заңымен 4) тармақша өзгертілді (2026 ж. 7 қыркүйектен бастап қолданысқа енгізілді) (бұр.ред.қара)

4) жеке меншіктегі немесе ұзақ мерзімді жер пайдаланудағы жер учаскесінде жер қойнауын пайдалану салдарын жою жүргізілген жағдайда - жер учаскесінің меншік иесі немесе жер пайдаланушы жою актісіне қол қойған күннен бастап аяқталған болып есептеледі.

Бұл ретте, егер жою актісіне қол қойылғаннан кейін он жыл ішінде жер қойнауын пайдаланушы, тиісті жер қойнауы учаскесі бойынша жер қойнауын пайдалану құқығы тоқтатылған тұлғаның өндіру салдарын жою жөніндегі жұмыстарды жою жобасын бұза отырып орындағаны анықталса, онда мұндай тұлғалар анықталған бұзушылықты құзыретті органмен келісілген мерзімде өз есебінен жоюға міндетті.

Жер қойнауын пайдаланушы не тиісті жер қойнауы учаскесі бойынша жер қойнауын пайдалану құқығы тоқтатылған, қатысу үлесі уран саласындағы ұлттық компанияға тікелей немесе жанама тиесілі тұлға болмаған жағдайда, анықталған бұзушылықтарды жою жөніндегі міндеттемелер уран саласындағы ұлттық компанияға жүктеледі.

2026.07.07. № 337-VIII ҚР Заңымен 5-тармақ өзгертілді (2026 ж. 7 қыркүйектен бастап қолданысқа енгізілді) (бұр.ред.қара)

5. Жер қойнауын пайдалану салдарын жою жөніндегі міндеттемелерді орындау банктік салым кепілімен қамтамасыз етіледі.

2026.07.07. № 337-VIII ҚР Заңымен 5-1-тармақпен толықтырылды (2026 ж. 7 қыркүйектен бастап қолданысқа енгізілді)

5-1. Барлау салдарын жою жөніндегі міндеттеменің орындалуын қамтамасыз ету уранды барлау салдарын жою жөніндегі жұмыстардың нарықтық құны негізінде барлау жұмыстары жобасында айқындалған сома мөлшеріндегі ақшалай жарна арқылы осындай жобалау құжатында көзделген операцияларды жүргізу басталғанға дейін қалыптастырылады.

Барлау жұмыстары жобасына барлау салдарын жою жөніндегі жұмыстардың құнын арттыруды көздейтін толықтыру бекітілген жағдайда, қамтамасыз етудің тиісті қосымша сомасы осындай жобалау құжатында көзделген жұмыстарды жүргізу басталғанға дейін енгізілуге тиіс.

2026.07.07. № 337-VIII ҚР Заңымен 6-тармақ жаңа редакцияда (2026 ж. 7 қыркүйектен бастап қолданысқа енгізілді) (бұр.ред.қара)

6. Өндіру салдарын жою жөніндегі міндеттеменің орындалуын қамтамасыз ететін кепіл нысанасы болып саналатын банктік салым жою жоспарында уран өндірудің жоспарланатын көлеміне пропорционалды түрде айқындалған сома мөлшеріндегі ақшалай жарна арқылы қалыптастырылады.

Уран бойынша жер қойнауын пайдалану салдарын жоюға жұмсалған шығындардың жалпы сомасы уран өндіру салдарын жою жөніндегі жұмыстардың нарықтық құны негізінде айқындалады жəне жою жоспарын əзірлеу шеңберінде кемінде үш жылда бір рет қайта есептелуге жатады.

7. Жер қойнауын пайдалану құқығын беру келісімшарт шарттары бойынша қалыптасқан кепілге салынған банктік салым бойынша құқықтарды қайта ресімдеудің (берудің) сөзсіз негізі болып табылады.

8. Келісімшарт тоқтатылған кезде қамтамасыз ету сомасы құзыретті органның келісімімен жер қойнауы учаскесінде орындалған және осы баптың 4-тармағында көзделген тәртіппен қабылданған жою жұмыстары құнының бөлігіне мөлшерлес азайтылуы мүмкін.

2026.07.07. № 337-VIII ҚР Заңымен 9-тармақ өзгертілді (2026 ж. 7 қыркүйектен бастап қолданысқа енгізілді) (бұр.ред.қара)

9. Егер жер қойнауын пайдалану жөніндегі операциялардың салдарын жоюға жұмсалған нақты шығындар қамтамасыз ету мөлшерінен асып түссе, онда жер қойнауын пайдаланушы жою жөніндегі жұмыстарды қосымша қаржыландыруды жүзеге асыруға міндетті. Егер жоюға жұмсалған нақты шығындар қамтамасыз ету мөлшерінен аз болса, онда қалған ақша осы Кодексте белгіленген жағдайларды қоспағанда, жер қойнауын пайдаланушыда қалады.

2026.07.07. № 337-VIII ҚР Заңымен 10-тармақпен толықтырылды (2026 ж. 7 қыркүйектен бастап қолданысқа енгізілді)

10. Жер қойнауын пайдаланушының өтініші бойынша уран саласындағы уəкілетті орган, егер жоюды жүргізу ауа райына жəне (немесе) табиғи-климаттық жағдайларға байланысты мүмкін болмаса немесе айтарлықтай қиындаған болса, уран өндіру жөніндегі операциялардың салдарын жою мерзімін жою жобасында көзделген мерзім өткен күннен бастап бір жылға дейінгі кезеңге ұзартады.

2026.07.07. № 337-VIII ҚР Заңымен 11-тармақпен толықтырылды (2026 ж. 7 қыркүйектен бастап қолданысқа енгізілді)

11. Уран өндіру салдарын прогрессивті жою осы Кодекстің 182-3-бабына сəйкес əзірленген уран өндіру салдарын жою жоспарына сəйкес жүргізіледі.

 

2020.25.06. № 347-VІ ҚР Заңымен 178-баптың тақырыбы жаңа редакцияда (бұр.ред.қара); 2026.07.07. № 337-VIII ҚР Заңымен 178-бап өзгертілді (2026 ж. 7 қыркүйектен бастап қолданысқа енгізілді) (бұр.ред.қара)

178-бап. Жер қойнауын пайдаланушылардың уран өндіру кезеңі ішіндегі оқыту, ғылым, цифрландыру және өңірді әлеуметтік-экономикалық дамыту саласындағы міндеттемелері

1. Өндіру кезеңі ішінде, екінші жылдан бастап жер қойнауын пайдаланушы жыл сайын:

2026.07.07. № 337-VIII ҚР Заңымен 1) тармақша өзгертілді (2026 ж. 7 қыркүйектен бастап қолданысқа енгізілді) (бұр.ред.қара)

1) уран саласындағы уəкілетті органның білім беру саласындағы уәкілетті органмен бірлесе отырып бекітетін тәртіппен алдыңғы жылдың қорытындылары бойынша жер қойнауын пайдаланушының уранды өндіру кезеңінде өндіру үшін шеккен шығындарының кемінде бір пайызы мөлшерінде қазақстандық кадрларды оқытуды қаржыландыруды жүзеге асыруға;

2020.25.06. № 347-VІ ҚР Заңымен 2) тармақша жаңа редакцияда (бұр.ред.қара); 2026.07.07. № 337-VIII ҚР Заңымен 2) тармақша өзгертілді (2026 ж. 7 қыркүйектен бастап қолданысқа енгізілді) (бұр.ред.қара)

2) уран саласындағы уəкілетті орган ғылым саласындағы уәкілетті органмен бірлесе отырып айқындаған тәртіппен ғылыми-зерттеу, ғылыми-техникалық және (немесе) тәжірибелік-конструкторлық жұмыстарды және (немесе) уран өндіру саласындағы уәкілетті орган ақпараттандыру саласындағы уәкілетті органмен бірлесе отырып айқындаған тәртіппен уран өндіру саласындағы цифрландыру жобаларын алдыңғы жылдың қорытындылары бойынша жер қойнауын пайдаланушының уранды өндіру кезеңінде өндіру үшін шеккен шығындарының кемінде бір пайызы мөлшерінде қаржыландыруды жүзеге асыруға;

2026.07.07. № 337-VIII ҚР Заңымен 3) тармақша өзгертілді (2026 ж. 7 қыркүйектен бастап қолданысқа енгізілді) (бұр.ред.қара)

3) алдыңғы жылдың қорытындылары бойынша уран өндіру кезеңінде уран өндіруге арналған келісімшарт бойынша инвестициялардың кемінде бір пайызы мөлшерінде өңірдің әлеуметтік-экономикалық дамуын және оның инфрақұрылымын дамытуды қаржыландыруды жүзеге асыруға міндетті.

2022.27.06. № 129-VII ҚР Заңымен 2-тармақ жаңа редакцияда (2023 ж. 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгізілді) (бұр.ред.қара)

2. Өңірдің әлеуметтік-экономикалық дамуына және оның инфрақұрылымын дамытуға арналған шығыстарды қаржыландыруға жер қойнауын пайдаланушының өңірдің әлеуметтік инфрақұрылым объектілерін дамыту мен қолдауға, әлеуметтік кәсіпкерлік субъектілерін қолдауға арналған шығыстары, сондай-ақ ол осы мақсаттарға мемлекеттік бюджетке аударатын қаражат жатады.

3. Осы баптың 1-тармағына сәйкес жүзеге асырылған, белгіленген минимумнан асатын қаржыландыру көлемі жер қойнауын пайдаланушының келесі жылы тиісті міндеттемелерін орындау есебіне ескеріледі.

 

2026.07.07. № 337-VIII ҚР Заңымен 179-бап өзгертілді (2026 ж. 7 қыркүйектен бастап қолданысқа енгізілді) (бұр.ред.қара)

179-бап. Уранды барлау немесе өндіру жөніндегі операцияларды жүргізу кезінде тауарларды, жұмыстарды және көрсетілетін қызметтерді сатып алу

2019.02.04. № 241-VІ ҚР Заңымен (бұр.ред.қара); 2023.20.04. № 226-VІІ ҚР Заңымен (2023 ж. 1 шілдеден бастап қолданысқа енгізілді) (бұр.ред.қара); 2026.07.07. № 337-VIII ҚР Заңымен (2026 ж. 7 қыркүйектен бастап қолданысқа енгізілді) (бұр.ред.қара) 1-тармақ өзгертілді

1. Уранды барлау немесе өндіру жөніндегі операцияларды жүргізу кезінде тауарларды, жұмыстар мен көрсетілетін қызметтерді сатып алу, соның ішінде мердігерлердің сатып алуы мынадай тәсілдерді:

1) ашық конкурс;

2) бір көзден алу;

3) төмендетуге арналған ашық конкурс (электрондық сауда-саттық);

2019.02.04. № 241-VІ ҚР Заңымен 4) тармақша өзгертілді (бұр.ред.қара)

4) осы тармақта көзделген тәсілдерді қолданбастан тауарларды, жұмыстар мен көрсетілетін қызметтерді сатып алу арқылы;

2019.02.04. № 241-VІ ҚР Заңымен 5) тармақшамен толықтырылды

5) тауар биржаларында жүзеге асырылады.

Уран өндіру жөніндегі операцияларды жүргізу кезінде жер қойнауын пайдаланушы пайдаланатын тауарларды, жұмыстар мен көрсетілетін қызметтерді сатып алу осы тармақтың 1), 2) және 3) тармақшаларында көрсетілген тәсілдермен жер қойнауын пайдалану жөніндегі операцияларды жүргізу кезінде пайдаланылатын тауарлардың, жұмыстар мен көрсетілетін қызметтердің және оларды өндірушілердің тізілімін немесе жұмысы осындай тізілімнің жұмысымен үйлестірілген интернеттің қазақстандық сегментінде орналасқан электрондық сатып алудың өзге де жүйелерін міндетті түрде пайдалана отырып жүргізіледі.

179-баптың 1-тармағының үшінші және төртінші бөліктері 2022 ж. 1 қаңтарға дейін 277-баптың 13-тармағының редакциясында қолданылды