«Қазақстан Республикасы Ұлттық қауіпсіздік комитеті әскери полициясы органдарының гауптвахталарында күдікті және айыпталушы әскери қызметшілерді ұстаудың ішкі тәртібінің қағидаларын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Ұлттық қауіпсіздік комитеті Төрағасының 2014 жылғы 10 маусымдағы № 182 бұйрығына өзгерістер енгізу туралы
Қазақстан Республикасы Ұлттық қауіпсіздік комитеті Төрағасының 2020 жылғы 4 маусымдағы № 42/қе бұйрығы
Қазақстан Республикасы Президентінің 1996 жылғы 1 сәуірдегі № 2922 Жарлығымен бекітілген Қазақстан Республикасының Ұлттық қауіпсіздік комитеті туралы ереже 16-тармағының 125-15) тармақшасына сәйкес БҰЙЫРАМЫН:
1. «Қазақстан Республикасы Ұлттық қауіпсіздік комитеті әскери полициясы органдарының гауптвахталарында күдікті және айыпталушы әскери қызметшілерді ұстаудың ішкі тәртібінің қағидаларын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Ұлттық қауіпсіздік комитеті Төрағасының 2014 жылғы 10 маусымдағы № 182 бұйрығына (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 9574 болып тіркелген, 2014 жылғы 6 тамызда «Егемен Қазақстан» газетінде жарияланған) мынадай өзгерістер енгізілсін:
аталған бұйрықпен бекітілген Қазақстан Республикасы Ұлттық қауіпсіздік комитеті әскери полициясы органдарының гауптвахталарында күдікті және айыпталушы әскери қызметшілерді ұстаудың ішкі тәртібінің қағидаларында:
1-тараудың тақырыбы мынадай редакцияда жазылсын:
«1-тарау. Жалпы ережелер»;
2-тараудың тақырыбы мынадай редакцияда жазылсын:
«2-тарау. Әскери полиция органдарының гаупвахтасына күдіктілер мен айыпталушыларды қабылдау және орналастыру»;
3-тараудың тақырыбы мынадай редакцияда жазылсын:
«3-тарау. Күдіктілер мен айыпталушыларды жеке тінту, саусақтарының таңбасын алу, фотоға түсіру және заттарын тексеріп қарау»;
4-тараудың тақырыбы мынадай редакцияда жазылсын:
«4-тарау. Күдіктілерден немесе айыпталушылардан сақтауға және пайдалануға тыйым салынған құжаттарды, заттарды, нәрселерді, бұйымдарды, заттектерді, құндылықтарды, ақшалар мен азық-түліктерді алу»;
5-тараудың тақырыбы мынадай редакцияда жазылсын: