Қазақстан Республикасы Экология және табиғи ресурстар министрлігінің қызметкерлерін кеңсе керек-жарақтарымен және басқа да шығыс материалдарымен қамтамасыз етудің заттай нормаларын бекіту туралы
Қазақстан Республикасы Экология және табиғи ресурстар министрінің 2024 жылғы 9 желтоқсандағы № 294-Ө бұйрығы
ҚР Экология және табиғи ресурстар министрінің 2025 жылғы 4 маусымдағы № 150-Ө бұйрығымен күші жойылды
Қазақстан Республикасы Бюджет кодексінің 69-бабының 2-тармағына және «Мемлекеттік органдарды материалдық-техникалық қамтамасыз етудің заттай нормаларын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Қаржы министрінің 2021 жылғы 1 шілдедегі № 633 бұйрығына (Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде 2021 жылғы 9 шiлдеде № 23445 болып тіркелді) сәйкес БҰЙЫРАМЫН:
1. Қоса беріліп отырған:
1) Қазақстан Республикасы Экология және табиғи ресурстар министрлігінің қызметкерлерін кеңсе керек-жарақтарымен және басқа да шығыс материалдарымен қамтамасыз етудің заттай нормалары осы бұйрыққа 1-қосымшаға сәйкес;
2) Қазақстан Республикасы Экология және табиғи ресурстар министрлігінің ведомстволық бюджеттік комиссиясының жауапты жұмыс органы Мемлекеттік активтерді басқару және бюджет саясаты департаментінің қыметкерлерін кеңсе керек-жарақтарымен және басқа да шығыс материалдарымен қамтамасыз етудің заттай нормалары осы бұйрыққа 2-қосымшаға сәйкес бекітілсін.
2. Қазақстан Республикасы Экология және табиғи ресурстар министрлігінің Мемлекеттік активтерді басқару және бюджет саясаты департаменті заңнамада белгіленген тәртіппен:
1) осы бұйрықтың көшірмесін мемлекеттік және орыс тілдерінде Қазақстан Республикасы нормативтік құқықтық актілерінің эталондық бақылау банкіне ресми жариялау және енгізу үшін Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінің «Қазақстан Республикасының Заңнама және құқықтық ақпарат институты» шаруашылық жүргізу құқығындағы республикалық мемлекеттік кәсіпорнына жіберілуін;