3. Осы баптың 1-тармағының 3) тармақшасында көрсетілген негіз бойынша ғылыми қалашық мәртебесінен мерзімінен бұрын айыру туралы шешім мәртебе берілген кезден бастап кемінде бес жыл өткеннен кейін қабылданады.
4. Ғылыми қалашық мәртебесінен айрылған кезден бастап ғылыми қалашыққа қатысушылар Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес ғылыми қалашыққа қатысушылар тізілімінен шығарылады.
33-8-бап. Ғылыми қалашыққа қатысушылар болатын ғылыми қызметкерлерді әлеуметтік қамсыздандыру
1. Ғылыми қалашыққа қатысушылар болатын ғылыми қызметкерлердің Қазақстан Республикасының денсаулық сақтау саласындағы заңнамасына сәйкес денсаулық сақтау саласындағы құқықтарды қамтамасыз етудің әлеуметтік кепілдіктері болады.
2. Ғылыми қалашыққа қатысушылар болатын ғылыми қызметкерлердің Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тәртіппен тұрғын үй алуға немесе тұрғын үй жағдайларын жақсартуға құқығы бар.
3. Ғылыми қалашыққа қатысушылар болатын ғылыми қызметкерлердің балаларына тиісті әкімшілік-аумақтық бірліктің жергілікті атқарушы органдары балаларға арналған мектепке дейінгі мекемелерден бірінші кезекте орындар береді.
33-9-бап. Ғылыми-технологиялық парк
1. Ғылыми-технологиялық парк - жоғары және (немесе) жоғары оқу орнынан кейінгі білім беру ұйымындағы, дербес білім беру ұйымындағы, ғылыми ұйымдағы, сондай-ақ ғылыми ұйыммен бірлесіп, ғылыми әзірлемелер мен технологияларды өндіріске ендірген кәсіпорындағы аумаққа берілетін мәртебе.
Ғылыми-технологиялық паркте ғылыми және (немесе) ғылыми-техникалық және инновациялық қызметті жүзеге асыру, сондай-ақ ғылыми және (немесе) ғылыми-техникалық қызмет нәтижелерін коммерцияландыру үшін жағдай жасалады.
2. Аумаққа ғылыми-технологиялық парк мәртебесін беру өлшемшарттары:
1) ғылыми және (немесе) ғылыми-техникалық қызметтің ендірілген нәтижелерінің және (немесе) өндіріске ендірілген ғылыми әзірлемелер мен технологиялардың болуы;
2) ғылыми инфрақұрылымның және (немесе) зерттеу орталықтарының және (немесе) сынақ полигондарының және (немесе) технологиялық парктердің болуы.
3. Ғылыми-технологиялық парк мәртебесі уәкілетті орган мен ғылыми-технологиялық парктің тиісті саласы құзыретіне жататын салалық уәкілетті органның ұсынуы бойынша Қазақстан Республикасы Үкіметінің шешімі негізінде беріледі және айырылады.
4. Ғылыми-технологиялық парк қызметінің мақсаттары мен түрлері, оны басқарудың ұйымдық құрылымы оның уәкілетті органмен және ғылыми-технологиялық парктің тиісті саласы құзыретіне жататын салалық уәкілетті органмен келісілген жарғысында айқындалады.
5. Ғылыми-технологиялық паркті басқаруды жоғары және (немесе) жоғары оқу орнынан кейінгі білім беру ұйымдары, дербес білім беру ұйымдары, ғылыми ұйымдар, сондай-ақ басқарушы компанияның жарғысына және осы Заңға сәйкес ғылыми ұйыммен бірлесіп, ғылыми әзірлемелер мен технологияларды өндіріске ендірген кәсіпорын құрған немесе айқындаған басқарушы компания жүзеге асыруы мүмкін.
6. Уәкілетті орган ғылыми-технологиялық парктің тиісті саласы құзыретіне жататын салалық уәкілетті органмен бірлесіп, ғылыми-технологиялық парк қызметінің басым ғылыми бағыттарын қамтитын оның даму стратегиясын әзірлейді.
Жоғары ғылыми-техникалық комиссия ғылыми-технологиялық парктің даму стратегиясын бекітеді.
7. Ғылыми-технологиялық парк мәртебесінен мерзімінен бұрын айыру негіздері:
1) ғылыми, ғылыми-техникалық, инновациялық және өндірістік қызмет нәтижелерінің ғылыми-технологиялық парктің даму стратегиясының міндеттеріне сәйкес келмеуі;
2) бес жыл ішінде ғылыми-технологиялық парктің даму стратегиясының іске асырылуын мониторингтеу қорытындылары бойынша ғылыми-технологиялық парктің даму стратегиясында көзделген нәтижелерге қол жеткізбеу;
3) ғылыми-технологиялық парк мәртебесін берудің осы баптың 2-тармағында көзделген өлшемшарттарына сәйкес келмеу.»;
17) 34-бапта:
3-тармақ «субъектілерін» деген сөзден кейін «, оның ішінде Қазақстан Республикасының бюджет заңнамасына және Қазақстан Республикасының жер қойнауы және жер қойнауын пайдалану туралы заңнамасына сәйкес жер қойнауын пайдаланушылардың аударымдарынан түсетін арнаулы түсімдер есебінен» деген сөздермен толықтырылсын;
4-тармақта:
«ұйымы» деген сөзден кейін «және оның ұйымдары» деген сөздермен толықтырылсын;
мынадай мазмұндағы екінші бөлікпен толықтырылсын:
«Ғылыми, ғылыми-техникалық жобалар мен бағдарламаларды іске асыру мерзімі ғылыми, ғылыми-техникалық жобалар мен бағдарламаларды іске асыруға арналған шарт жасалған күннен бастап есептеледі және күнтізбелік жоспардың іс-шаралары орындалатын бүкіл кезеңді қамтиды.»;
18) 36-бапта:
1-тармақтың бірінші бөлігі:
«зерттеулер жүргізуге,» деген сөздерден кейін «оның ішінде тәжірибелік-конструкторлық жұмыстарға,» деген сөздермен толықтырылсын;
«коммерцияландыруға арналған грант» деген сөздерден кейін «, сондай-ақ Қазақстан Республикасының халықаралық шарттары шеңберіндегі грант» деген сөздермен толықтырылсын;
4-тармақ «ұйымдары» деген сөзден кейін «және олардың ұйымдары» деген сөздермен толықтырылсын;
6-тармақ «ұйымдары» деген сөзден кейін «және олардың ұйымдары» деген сөздермен толықтырылсын;
10-тармақ «интернет-ресурстарында» деген сөздерден кейін «уәкілетті орган белгілеген мерзімдерден кешіктірілмей» деген сөздермен толықтырылсын;
19) 37-бапта:
3-тармақтың бірінші бөлігі «ұйымдары» деген сөзден кейін «және олардың ұйымдары» деген сөздермен толықтырылсын;
5-тармақтың бірінші бөлігі «ұйымдары» деген сөзден кейін «және олардың ұйымдары» деген сөздермен толықтырылсын;
10-тармақтағы «интернет-ресурсында» деген сөздер «интернет-ресурстарында уәкілетті орган белгілеген мерзімдерден кешіктірілмей» деген сөздермен ауыстырылсын;
20) 41-бап 8) тармақшасындағы «тұлғалар ғылыми және (немесе) ғылыми-техникалық қызмет нәтижелерін коммерцияландыруға қатысушылар болып табылады.» деген сөздер «тұлғалар;» деген сөзбен ауыстырылып, мынадай мазмұндағы 9) тармақшамен толықтырылсын:
«9) ғылымды қажетсінетін аумақтар ғылыми және (немесе) ғылыми-техникалық қызмет нәтижелерін коммерцияландыруға қатысушылар болады.»;
21) 45-баптың 2-тармағы мынадай мазмұндағы 9) тармақшамен толықтырылсын:
«9) ғылыми және (немесе) ғылыми-техникалық қызметтің аккредиттелген субъектілеріне тәжірибелік-конструкторлық жұмыстарға арналған гранттар береді.»;
22) 52-бап мынадай мазмұндағы 6-тармақпен толықтырылсын:
«6. Бірлескен халықаралық жобаларды және (немесе) бағдарламаларды қоса қаржыландыру ғылымды қаржыландыру қағидаларына сәйкес гранттық немесе бағдарламалық-нысаналық қаржыландыру есебінен жүзеге асырылуы мүмкін.».
17. «Мемлекеттік сатып алу туралы» 2024 жылғы 1 шілдедегі Қазақстан Республикасының Заңына:
1) 1-баптың 10) тармақшасы «ұйымдары» деген сөзден кейін «және ғылыми және (немесе) ғылыми-техникалық қызметтің өзге де аккредиттелген субъектілері» деген сөздермен толықтырылсын;
2) 17-баптың 2-тармағы мынадай мазмұндағы үшінші бөлікпен толықтырылсын:
«Оқулықтар мен оқу-әдістемелік кешендерді сатып алу жөніндегі үлгілік шарттар «Білім туралы» Қазақстан Республикасының Заңында белгіленген ерекшеліктер ескеріле отырып жасалады.».
1) алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізілетін 1-баптың 6, 10, 11 және 14-тармақтарын, 16-тармағының 3) тармақшасын, 8) тармақшасының сегізінші - он жетінші абзацтарын;
2) алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін алты ай өткен соң қолданысқа енгізілетін 1-баптың 4-тармағы 6) тармақшасының үшінші, төртінші және бесінші абзацтарын;
3) 2027 жылғы 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгізілетін 1-баптың 2-тармағын, 5-тармағының 5) және 6) тармақшаларын, 7-тармағының 1), 3), 4), 5) және 9) тармақшаларын және 9-тармағын қоспағанда, алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік алпыс күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.
2. Осы Заңның 1-бабы 1-тармағының, 5-тармағы 3) тармақшасының күші осы Заң қолданысқа енгізілгенге дейін жасалған зейнетақы аннуитеті шарттарынан туындаған құқықтық қатынастарға қолданылады.
Қазақстан Республикасының
Президенті
Қ. ТОҚАЕВ
Астана, Ақорда, 2026 жылғы 24 маусым
№ 321-VIII ҚРЗ