«Мүліктің меншік иелері бірлестігінің үлгілік жарғысын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Индустрия және инфрақұрылымдық даму министрінің 2020 жылғы 15 сәуірдегі № 205 бұйрығына өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы
Қазақстан Республикасы Өнеркәсіп және құрылыс министрінің м.а. 2025 жылғы 29 қыркүйектегі № 403 бұйрығы
БҰЙЫРАМЫЗ:
1. «Мүліктің меншік иелері бірлестігінің үлгілік жарғысын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Индустрия және инфрақұрылымдық даму министрінің 2020 жылғы 15 сәуірдегі № 205 бұйрығына (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 20412 болып тіркелген) мынадай өзгерістер мен толықтырулар енгізілсін:
тақырып мынадай редакцияда жазылсын:
«Көппәтерлі тұрғын үй мүлкінің меншік иелері бірлестігінің үлгілік жарғысын және пәтерлер (тұрғын емес үй-жайлар) меншік иелері кооперативінің үлгілік жарғысын бекіту туралы»;
кіріспе мынадай редакцияда жазылсын:
«Тұрғын үй қатынастары туралы» Қазақстан Республикасының Заңының 10-2-бабының 10-17) тармақшасына сәйкес БҰЙЫРАМЫН:»;
1-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:
«1. Бекітілсін:
1) осы бұйрыққа 1-қосымшаға сәйкес Көп пәтерлі тұрғын үй мүлкінің меншік иелері бірлестігінің үлгі жарғысы;
2) осы бұйрыққа 2-қосымшаға сәйкес Пәтерлер (тұрғын емес үй-жайлар) меншік иелері кооперативінің үлгі жарғысы;»;
Көрсетілген бұйрықпен бекітілген көп пәтерлі тұрғын үй мүлкінің меншік иелері бірлестігінің үлгі жарғысы осы бұйрыққа 1-қосымшаға сәйкес жаңа редакцияда жазылсын;
осы бұйрыққа 2-қосымшаға сәйкес көрсетілген бұйрыққа 2-қосымшамен толықтырылсын.
2. Қазақстан Республикасы Өнеркәсіп және құрылыс министрлігінің Құрылыс және тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық істері комитеті заңнамада белгіленген тәртіппен:
1) осы бұйрықты Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркеуді;
2) осы бұйрықты Қазақстан Республикасының Өнеркәсіп және құрылыс министрлігінің интернет-ресурсында орналастыруды.