Бағалау қызметімен айналысу құқығына үміткер адамдарға біліктілік емтиханын өткізу қағидаларын бекіту туралы
Қазақстан Республикасы Әділет министрінің 2014 жылғы 26 желтоқсандағы № 382 бұйрығы
Осы редакция 2018 жылғы 10 қаңтарда енгізілген өзгерістеріне дейін қолданылды
«Қазақстан Республикасындағы бағалау қызметі туралы» 2000 жылғы 30 қарашадағы Қазақстан Республикасы Заңының 20-бабы 2-тармағына сәйкес БҰЙЫРАМЫН:
1. Қоса беріліп отырған Бағалау қызметімен айналысу құқығына үміткер адамдарға біліктілік емтиханын өткізу қағидалары бекітілсін.
2. Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінің Тіркеу қызметі және заң қызметін ұйымдастыру департаменті (Б.Ш. Әбішев):
1) осы бұйрықты мемлекеттік тіркеуді қамтамасыз етсін;
2) осы бұйрық мемлекеттік тіркелгеннен кейін ресми жариялануын қамтамасыз етсін.
3. Осы бұйрықтың орындалуын бақылау Қазақстан Республикасы Әділет министрінің орынбасары Б.Ж. Әбдірайымға жүктелсін.
4. Осы бұйрық алғаш рет ресми жарияланғаннан кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.