«Мұнайды есепке алу ақпараттық жүйесінің қалыптасуы және жұмыс істеу қағидасын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Энергетика министрінің 2015 жылғы 18 наурыздағы № 211 бұйрығы (күші жойылды)

Мұнайды есепке алу ақпараттық жүйесінің қалыптасуы және жұмыс істеу қағидасын бекіту туралы
Қазақстан Республикасы Энергетика министрінің 2015 жылғы 18 наурыздағы № 211 бұйрығы

 

ҚР Энергетика министрінің 2018 жылғы 28 сәуірдегі № 154 бұйрығымен 2018 ж. 29 маусымынан бастап күші жойылды

 

«Жер қойнауы және жер қойнауын пайдалану туралы» Қазақстан Республикасының 2010 жылғы 24 маусымдағы Заңының 18-бабының 23-4) тармақшасына сәйкес БҰЙЫРАМЫН:

1. Қоса беріліп отырған Мұнайды есепке алу ақпараттық жүйесінің қалыптасуы және жұмыс істеу қағидасы бекітілсін.

2. Қазақстан Республикасы Энергетика министрлігінің Ақпараттық технологиялар департаменті Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тәртіппен:

1) Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде осы бұйрықтың мемлекеттік тіркелуін;

2) Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркелгенінен кейін күнтізбелік он күн ішінде осы бұйрықтың көшірмесін мерзiмдi баспасөз басылымдарында және «Әділет» ақпараттық құқықтық жүйесінде ресми жариялауға жолдануын;

3) осы бұйрықтың Қазақстан Республикасы Энергетика министрлігінің ресми интернет-ресурсында және мемлекеттік органдардың интранет-порталында орналастыруын;

4) осы бұйрықты Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркегеннен кейін он жұмыс күні ішінде Қазақстан Республикасы Энергетика министрлігінің Заң қызметі департаментіне осы тармақтың 2) және 3) тармақшаларымен көзделген іс-шаралардың орындалуы туралы мәліметтерді ұсынуды қамтамасыз етсін.

3. Осы бұйрықтың орындалуын бақылау жетекшілік ететін Қазақстан Республикасы Энергетика вице-министріне жүктелсін.

4. Осы бұйрық алғашқы ресми жарияланғанынан кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.

 

 

 

«КЕЛІСІЛДІ»

Қазақстан Республикасының

Ұлттық экономика министрінің м.а.

М. Құсайынов

2015 жылғы 27 наурыз

 

Қазақстан Республикасы

Энергетика министрінің

2015 жылғы 18 наурыздағы

№ 211 бұйрығымен бекітілген

 

 

Для того, чтобы получить доступ к документу, Вам нужно перейти по кнопке Войти и ввести логин и пароль.
Если у вас нет логина и пароля, зарегистрируйтесь.