(БҰРЫНҒЫ РЕДАКЦИЯ) «ШЫМКЕНТ ҚАЛАСЫНЫҢ АУМАҒЫНДА САЙЛАУ УЧАСКЕЛЕРІН ҚҰРУ...

Шымкент қаласының аумағында сайлау учаскелерін құру туралы
Шымкент қаласы әкімінің 2018 жылғы 14 қарашадағы № 9 шешімі

(2020.07.02. берілген өзгерістермен)

 

Осы редакция 2022 жылғы 29 желтоқсанда енгізілген өзгерістеріне дейін қолданылды

 

«Қазақстан Республикасындағы сайлау туралы» Қазақстан Республикасының 1995 жылғы 28 қыркүйектегі Конституциялық заңының 23-бабының 1-тармағына сәйкес, Шымкент қаласының әкімі ШЕШІМ ҚАБЫЛДАДЫ:

1. Шымкент қаласының аумағында сайлау учаскелері осы шешімнің 1-қосымшасына сәйкес құрылсын.

2. Осы шешімнің 2-қосымшасына сәйкес Шымкент қаласы әкімінің кейбір шешімдерінің күштері жойылды деп танылсын.

3. «Шымкент қаласы әкімінің аппараты» мемлекеттік мекемесі Қазақстан Республикасының заңнамалық актілерінде белгіленген тәртіпте:

1) осы шешімнің аумақтық әділет органында мемлекеттік тіркелуін;

2) осы шешімнің мемлекеттік тіркелген күннен бастап күнтізбелік он күн ішінде оның көшірмесін баспа және электронды түрде қазақ және орыс тілдерінде Қазақстан Республикасы нормативтік құқықтық актілерінің эталондық бақылау банкіне ресми жариялау және енгізу үшін «Республикалық құқықтық ақпарат орталығы» шаруашылық жүргізу құқығындағы республикалық мемлекеттік кәсіпорнына жіберуді;

3) осы шешімді мемлекеттік тіркелген күннен бастап күнтізбелік он күн ішінде оның көшірмесін ресми жариялау үшін Шымкент қаласында таратылатын мерзімді баспасөз басылымдарына жіберуді;

4) осы шешімді ресми жариялағаннан кейін Шымкент қаласы әкімдігінің интернет-ресурсында орналастыруды қамтамасыз етсін.

4. Осы шешімнің орындалуын бақылау Шымкент қаласы әкімі аппаратының басшысы Е.Әлімқұловқа жүктелсін.

5. Осы шешім оның алғашқы ресми жарияланған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі.

 

 

Қала әкімі

Ғ.Әбдірахымов

 

«КЕЛІСІЛДІ»

Шымкент қаласының

аумақтық сайлау

комиссиясының төрағасы М.Елекеев

«18» қазан 2018 жыл

 

Шымкент қаласы әкімінің 2020.07.02. № 1 шешімімен қосымша жаңа редакцияда (бұр.ред.қара)

Шымкент қаласы әкімінің

2018 жылғы 14 қарашадағы

№ 9 шешіміне

1-қосымша

 

 

Для того, чтобы получить доступ к документу, Вам нужно перейти по кнопке Войти и ввести логин и пароль.
Если у вас нет логина и пароля, зарегистрируйтесь.