«QazExpoCongress» ұлттық компаниясы» акционерлік қоғамының кейбір мәселелері туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2025 жылғы 19 мамырдағы № 349 Қаулысы (2025.15.10. берілген өзгерістермен)

«QazExpoCongress» ұлттық компаниясы» акционерлік қоғамының кейбір мәселелері туралы
Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2025 жылғы 19 мамырдағы № 349 Қаулысы

(2025.15.10. берілген өзгерістермен)

 

«Мемлекеттік мүлік туралы» Қазақстан Республикасы Заңының 166-бабының 2-тармағына сәйкес Қазақстан Республикасының Үкіметі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:

1. «QazExpoCongress» ұлттық компаниясы» акционерлік қоғамы (бұдан әрі - Қоғам) акцияларының мемлекеттік пакетіне 100 (жүз) пайыз мөлшерде иелік ету және пайдалану құқығы Қазақстан Республикасының Цифрлық даму, инновациялар және аэроғарыш өнеркәсібі министрлігіне берілсін.

2. Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігінің Мемлекеттік мүлік және жекешелендіру комитеті Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тәртіппен:

1) Қоғамның акцияларының мемлекеттік пакетіне иелік ету және оларды пайдалану құқықтарын Қазақстан Республикасының Цифрлық даму, инновациялар және аэроғарыш өнеркәсібі министрлігіне беруді қамтамасыз етсін;

2) осы қаулыдан туындайтын қажетті шараларды қабылдасын.

3. Қоса беріліп отырған Қазақстан Республикасы Үкіметінің кейбір шешімдеріне енгізілетін өзгерістер мен толықтырулар бекітілсін.

4. Осы қаулы 2025 жылғы 1 шілдеден бастап қолданысқа енгізіледі.

 

 

 

Қазақстан Республикасы

Үкіметінің

2025 жылғы 19 мамырдағы

№ 349 қаулысымен

бекітілген

 

 

Қазақстан Республикасы Үкіметінің кейбір шешімдеріне енгізілетін

өзгерістер мен толықтырулар

 

Для того, чтобы получить доступ к документу, Вам нужно перейти по кнопке Войти и ввести логин и пароль.
Если у вас нет логина и пароля, зарегистрируйтесь.