«Кейбір бұйрықтарға өзгерістер енгізу туралы» Қазақстан Республикасы Ішкі істер министрінің 2023 жылғы 23 қазандағы № 758 бұйрығы

Кейбір бұйрықтарға өзгерістер енгізу туралы
Қазақстан Республикасы Ішкі істер министрінің 2023 жылғы 23 қазандағы № 758 бұйрығы

 

БҰЙЫРАМЫН:

1. Өзгерістер енгізілетін кейбір бұйрықтардың қоса беріліп отырған тізбесі бекітілсін.

2. Қазақстан Республикасы Ішкі істер министрлігінің Кадр саясаты департаменті Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тәртіппен:

1) осы бұйрықты Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркеуді;

2) осы бұйрықты Қазақстан Республикасы Ішкі істер министрлігінің ресми интернет-ресурсына орналастыруды;

3) осы бұйрықты Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркегеннен кейін күнтізбелік он күн ішінде Қазақстан Республикасы Ішкі істер министрлігінің Заң департаментіне осы бұйрықтың 1) және 2) тармақтарында көзделген іс-шаралардың орындалуы туралы мәліметтерді ұсынуды қамтамасыз етсін.

3. Осы бұйрықтың орындалуын бақылау Қазақстан Республикасы Ішкі істер министрінің жетекшілік ететін орынбасарына жүктелсін.

Осы бұйрық алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.

 

 

 

Қазақстан Республикасы

ішкі істер министрі

2023 жылғы 23 қазандағы

№ 758 бұйрығына

қосымша

 

 

Өзгерістер енгізілетін кейбір бұйрықтардың тізбесі

 

1. «Қазақстан Республикасы ішкі істер органдарындағы кадр саясатын іске асырудың кейбір мәселелері туралы» Қазақстан Республикасы Ішкі істер министрінің 2015 жылғы 7 желтоқсандағы № 998 бұйрығында (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 12679 болып тіркелген):

көрсетілген бұйрықпен бекітілген Қазақстан Республикасы ішкі істер органдарында кәсіби құзыреттерді, негізгі көрсеткіштерді және бәсекеге қабілеттілік көрсеткіш есебін айқындау қағидалары мен әдістерінде:

26-тармақ алып тасталсын.

Для того, чтобы получить доступ к документу, Вам нужно перейти по кнопке Войти и ввести логин и пароль.
Если у вас нет логина и пароля, зарегистрируйтесь.