(БҰРЫНҒЫ РЕДАКЦИЯ) «ҚҰҚЫҚТЫҢ (ТАЛАП ЕТУДІҢ) ӨТУ ЖАҒДАЙЛАРЫН ҚАМТИТЫН ША...

Құқықтың (талап етудің) өту жағдайларын қамтитын шарттар бойынша мәліметтер нысандарын бекіту туралы
Қазақстан Республикасы Қаржы министрінің 2018 жылғы 26 ақпандағы № 291 бұйрығы

(2021.06.05. берілген өзгерістермен)

 

Осы редакция 2023 жылғы 29 маусымда енгізілген өзгерістеріне дейін қолданылды

 

ҚР Қаржы министрінің 2021.06.05. № 434 бұйрығымен кіріспе жаңа редакцияда (бұр.ред.қара)

«Салық және бюджетке төленетін басқа да міндетті төлемдер туралы» (Салық кодексі) Қазақстан Республикасы Кодексінің 24-бабы 16-тармақшасына, 26-бабының 10-тармағына, 28-бабының 1-тармағына, «Қазақстан Республикасындағы банктер және банк қызметі туралы» Қазақстан Республикасы Заңының 50-бабы 4-тармағының 1-3) тармақшасына және «Коллекторлық қызмет туралы» Қазақстан Республикасы Заңының 15-бабы 1-тармағының 11-1) тармақшасына сәйкес БҰЙЫРАМЫН:

ҚР Қаржы министрінің 2021.06.05. № 434 бұйрығымен 1-тармақ жаңа редакцияда (бұр.ред.қара)

1. Мыналар:

1) осы бұйрыққа 1-қосымшаға сәйкес құқықтың (талап етудің) өту жағдайларын қамтитын шарттар бойынша коллекторлық агенттіктер, екінші деңгейдегі банктер, Қазақстан Республикасы бейрезидент банктерінің филиалдары мен жекелеген банк операцияларын жүзеге асыратын ұйымдар ұсынатын мәліметтер нысаны;

2) осы бұйрыққа 2-қосымшаға сәйкес құқықтың (талап етудің) өту жағдайларын қамтитын шарттар бойынша Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкі ұсынатын мәліметтер нысаны бекітілсін.

2. Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігінің Мемлекеттік кірістер комитеті (А.М. Теңгебаев) заңнамада белгіленген тәртіппен:

1) осы бұйрықтың Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркелуін;

Для того, чтобы получить доступ к документу, Вам нужно перейти по кнопке Войти и ввести логин и пароль.
Если у вас нет логина и пароля, зарегистрируйтесь.