(БҰРЫНҒЫ РЕДАКЦИЯ) «БОЛАШАҚ» ХАЛЫҚАРАЛЫҚ СТИПЕНДИЯСЫ ИЕГЕРЛЕРІНІҢ ӨТІНІ...

«Болашақ» халықаралық стипендиясы иегерлерінің өтініштерін қарау жөніндегі комиссия құру туралы
Қазақстан Республикасы Ғылым және жоғары білім министрінің 2024 жылғы 23 шілдедегі № 366 бұйрығы

 

Осы редакция 2024 жылғы 13 желтоқсанда енгізілген өзгерістеріне дейін қолданылды 

 

«Шетелде кадрлар даярлау жөніндегі республикалық комиссия туралы» Қазақстан Республикасы Президентінің 2000 жылғы 12 қазандағы № 470 Жарлығымен бекітілген Шетелде кадрлар даярлау жөніндегі республикалық комиссия туралы ереженің 10-тармағының 10) тармақшасына және Қазақастан Республикасы Үкіметінің 2022 жылғы 19 тамыздағы № 580 қаулысымен бекітілген Қазақстан Республикасы Ғылым және жоғары білім министрлігі туралы ереженің 15-тармағының 73-17) тармақшасына сәйкес БҰЙЫРАМЫН:

1. Осы бұйрыққа 1-қосымшаға сәйкес құрамда «Болашақ» халықаралық стипендиясы иегерлерінің өтініштерін қарау жөніндегі комиссия (бұдан әрі - Комиссия) құрылсын.

2. Осы бұйрыққа 2-қосымшаға сәйкес Комиссия туралы ереже бекітілсін.

3. Осы бұйрыққа 3-қосымшаға сәйкес Қазақстан Республикасы Ғылым және жоғары білім министрлігінің кейбір бұйрықтарының күші жойылсын.

4. Осы бұйрықтың орындалуын бақылау Қазақстан Республикасы Ғылым және жоғары білім министрлігінің аппарат басшысына жүктелсін.

5. Осы бұйрық қол қойылған күнінен бастап күшіне енеді.

 

 

Министр

С. Нұрбек

 

 

Қазақстан Республикасы

Ғылым және жоғары білім министрінің

2024 жылғы 23 шілдедегі

№ 366 бұйрығына

1-қосымша

 

«Болашақ» халықаралық стипендиясы иегерлерінің өтініштерін қарау жөніндегі комиссияның
құрамы

 

1. Қазақстан Республикасы Ғылым және жоғары білім министрлігінің аппарат басшысы, комиссия төрағасы;

2. Қазақстан Республикасы Ғылым және жоғары білім министрлігі Халықаралық ынтымақтастық департаментінің директоры, комиссия төрағасының орынбасары;

3. Қазақстан Республикасы Ғылым және жоғары білім министрлігі Халықаралық ынтымақтастық департаменті директорының орынбасары, комиссия мүшесі;

Для того, чтобы получить доступ к документу, Вам нужно перейти по кнопке Войти и ввести логин и пароль.
Если у вас нет логина и пароля, зарегистрируйтесь.