«Тауар нарықтарындағы бәсекелестіктің жай-күйіне талдау жүргізу жөніндегі әдістемені бекіту туралы» Қазақстан Республикасының Бәсекелестікті қорғау және дамыту агенттігі төрағасының 2022 жылғы 3 мамырдағы № 13 бұйрығына өзгеріс енгізу туралы
Қазақстан Республикасының Бәсекелестікті қорғау және дамыту агенттігі Төрағасының 2023 жылғы 27 шілдедегі № 11 бұйрығы
БҰЙЫРАМЫН:
1. «Тауар нарықтарындағы бәсекелестіктің жай-күйіне талдау жүргізу жөніндегі әдістемені бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Бәсекелестікті қорғау және дамыту агенттігі төрағасының 2022 жылғы 3 мамырдағы № 13 бұйрығына (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 27883 болып тіркелген) мынадай өзгеріс енгізілсін:
көрсетілген бұйрықпен бекітілген Тауар нарықтарындағы бәсекелестіктің жай-күйіне талдау жүргізу жөніндегі әдістеме осы бұйрыққа қосымшаға сәйкес жаңа редакцияда жазылсын.
2. Қазақстан Республикасы Бәсекелестікті қорғау және дамыту агенттігінің Бәсекелестікті құқықтық реттеу департаменті заңнамада белгіленген тәртіппен:
1) осы бұйрықты Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркеуді;
2) осы бұйрық ресми жарияланғаннан кейін оны Қазақстан Республикасы Бәсекелестікті қорғау және дамыту агенттігінің интернет-ресурсында орналастыруды қамтамасыз етсін.
3. Осы бұйрықтың орындалуын бақылау Қазақстан Республикасы Бәсекелестікті қорғау және дамыту агенттігінің аппарат басшысына жүктелсін.
4. Осы бұйрық алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.