Нотариаттық іс жүргізу жөніндегі ережені бекіту туралы
Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінің 2012 жылғы 31 қаңтардағы № 32 бұйрығы
(2021.31.08. берілген өзгерістер мен толықтырулармен)
Осы редакция 2022 ж. 1 қаңтарға дейін қолданылған редакция
ҚР Әділет министрінің 2019.29.03. № 150 бұйрығымен кіріспе жаңа редакцияда (бұр.ред.қара)
«Нотариат туралы» 1997 жылғы 14 шілдедегі Қазақстан Республикасы Заңының 32-бабының 3) тармақшасына сәйкес, бұйырамын:
1. Қоса беріліп отырған нотариаттық іс жүргізу жөніндегі ереже бекiтілсін.
2. «Нотариаттық іс жүргізу жөніндегі нұсқаулықты бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Әділет министрінің 2011 жылғы 23 тамыздағы № 294 бұйрығының күші жойылды деп танылсын (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 7182 болып тіркелген).
3. Осы бұйрықтың орындалуын бақылау Қазақстан Республикасы Әділет министрлігі Тіркеу қызметі және құқықтық көмек көрсету комитетінің төрағасына жүктелсін.
4. Осы бұйрық алғашқы ресми жарияланғанынан кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.