Жергілікті маңызы бар балық шаруашылығы су айдындарының және (немесе) учаскелерінің тізбесін бекіту туралы
Солтүстік Қазақстан облысы әкімдігінің 2016 жылғы 24 қазандағы № 408 Қаулысы
Солтүстік Қазақстан облысы әкімдігінің 2018 жылғы 8 ақпандағы № 31 Қаулысымен күші жойылды
«Жануарлар дүниесін қорғау, өсімін молайту және пайдалану туралы» Қазақстан Республикасының 2004 жылғы 9 шілдедегі Заңының 10-бабы 2-тармағының 3) тармақшасына сәйкес Солтүстік Қазақстан облысының әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
1. Жергілікті маңызы бар балық шаруашылығы су айдындарының және (немесе) учаскелерінің тізбесі осы қаулының қосымшасына сәйкес бекітілсін.
2. «Жергілікті маңызы бар балық шаруашылығы су айдындары және (немесе) учаскелерінің тізбесін бекіту туралы» Солтүстік Қазақстан облысы әкімдігінің 2015 жылғы 20 шілдедегі № 256 қаулысының («Солтүстік Қазақстан» газетінде 2015 жылғы 11 тамызда жарияланды, нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 3338 болып тіркелді) күші жойылды деп танылсын.
3. Осы қаулының орындалуын бақылау «Солтүстік Қазақстан облысының табиғи ресурстар және табиғат пайдалануды реттеу басқармасы» мемлекеттік мекемесіне жүктелсін.
4. Осы қаулы алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.
| Солтүстік Қазақстан облысының әкімі | Е. Сұлтанов |
әкімдігінің
2016 жылғы 24 қазандағы
№ 408 қаулысымен бекітілген
Жергілікті маңызы бар балық шаруашылығы су айдындарының және (немесе) учаскелерінің
тізбесі
| № | Cу айдыны және (немесе) учаскесі | Алаңы, гектар | Орналасқан жері |
| Айыртау ауданы | |||
| 1 | Ақанбұрлық өзені саласындағы тоған | 18 | Төменгі Бұрлық ауылынан оңтүстік-шығысқа қарай 2 километр |
| 2 | Аралтөбе өзеніндегі № 1 тоған | 4 | Карлов ауылынан оңтүстік шығыста |
| 3 | № 5 Арықбалық тоғаны | 25 | Арықбалық ауылынан оңтүстік-батысқа қарай 8,2 километр |
| 4 | Бармачное көлі | 35 | Шалқар ауылынан оңтүстік-шығысқа қарай 5,6 километр |