«Базалық қаржыландыру субъектілері болып табылатын ұйымдар тізбесін бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрінің міндетін атқарушының 2022 жылғы 25 мамырдағы № 224 бұйрығы (күші жойылды)

Базалық қаржыландыру субъектілері болып табылатын ұйымдар тізбесін бекіту туралы

Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрінің міндетін атқарушының 2022 жылғы 25 мамырдағы № 224 бұйрығы

 

ҚР Ғылым және жоғары білім министрінің 2023 жылғы 6 наурыздағы № 94 бұйрығымен күші жойылды

 

«Ғылым туралы» Қазақстан Республикасы Заңының 25-бабының 3-тармағына сәйкес БҰЙЫРАМЫН:

1. Қоса беріліп отырған Базалық қаржыландыру субъектілері болып табылатын ұйымдардың тізбесі бекітілсін.

2. Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрлігінің Ғылым комитетіне осы бұйрықты:

1) салалық уәкілетті мемлекеттік органдардың назарына жеткізсін;

2) Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрлігінің интернет-ресурсында орналастыруын қамтамасыз етсін.

3. Осы бұйрықтың орындалуын бақылау жетекшілік ететін Қазақстан Республикасының Білім және ғылым вице-министріне жүктелсін.

4. Осы бұйрық қол қойылған күнінен бастап күшіне енеді, таныстырылуға және таратылуға жатады.

 

 

Министрдің міндетін атқарушы

Қ. Ерғалиев

 

Қазақстан Республикасының

Білім және ғылым

министрінің

міндетін атқарушының

2022 жылғы 25 мамырдағы

№ 224 бұйрығына

қосымша

 

 

Базалық қаржыландыру субъектілері болып табылатын

ұйымдардың тізбесі

 

№ р/н

Атауы

Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрлігі

1.

Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрлігі Ғылым Комитетінің «М.А. Айтхожин атындағы Молекулярлық биология және биохимия институты» шаруашылық жүргізу құқығындағы республикалық мемлекеттік кәсіпорыны

2.

Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрілігі Ғылым комитетінің «Генетика және физиология институты» шаруашылық жүргізу құқығындағы республикалық мемлекеттік кәсіпорыны

3.

Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрлігі Ғылым комитетінің «Алтай ботаникалық бағы» шаруашылық жүргізу құқығындағы республикалық мемлекеттік кәсіпорыны

Для того, чтобы получить доступ к документу, Вам нужно перейти по кнопке Войти и ввести логин и пароль.
Если у вас нет логина и пароля, зарегистрируйтесь.