Нұр-Сұлтан, Ақорда, 2021 жылғы 2 шілде
№ 615
Қазақстан Республикасы
Президентінің
2021 жылғы 2 шілдедегі
№ 615 Жарлығымен
БЕКІТІЛГЕН
Қазақстан Республикасы Президентінің кейбір жарлықтарына енгізілетін
өзгерістер
1. «Қазақстан Республикасының Мемлекеттік протоколын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Президентінің 2006 жылғы 12 қазандағы № 201 Жарлығында:
жоғарыда аталған Жарлықпен бекітілген Қазақстан Республикасының Мемлекеттік протоколында:
29-тармақтағы «Қазақстан Республикасы Президенті Протоколының (бұдан әрі - Президент Протоколы)» деген сөздер «Қазақстан Республикасы Президентінің Протокол қызметі (бұдан әрі - Президенттің Протокол қызметі)» деген сөздермен ауыстырылсын;
33-тармақтағы «Президент Протоколы» деген сөздер «Президенттің Протокол қызметі» деген сөздермен ауыстырылсын;
65-тармақтағы «Президент Протоколының» деген сөздер «Президенттің Протокол қызметінің» деген сөздермен ауыстырылсын;
92-тармақтағы «протоколы» деген сөз «Протокол қызметі» деген сөздермен ауыстырылсын;
95-тармақтағы «Президент протоколы» деген сөздер «Президенттің Протокол қызметі» деген сөздермен ауыстырылсын;
111-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:
«111. Шетелдік мемлекетке сапарды ұйымдастыру үшін онда құрамына Президенттің Протокол қызметінің, Президенттің Баспасөз қызметінің, Президент Әкімшілігі Сыртқы саясат және халықаралық байланыстар бөлімінің, Мемлекеттік күзет қызметінің және Президенттің Іс басқармасының, сондай-ақ Сыртқы істер министрлігінің өкілдері кіретін жұмыс тобы жіберіледі.»;
Для того, чтобы получить доступ к документу,
Вам нужно перейти по кнопке Войти и ввести логин и пароль.
Если у вас нет логина и пароля, зарегистрируйтесь.