«Жер қойнауын пайдалануға арналған және жер қойнауы учаскесін өзгертуге арналған лицензияларды беруге (қайта ресімдеуге, ұзартуға) өтініштер нысандарын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Инвестициялар және даму министрінің 2018 жылғы 24 мамырдағы № 384 бұйрығына өзгерістер енгізу туралы
Қазақстан Республикасы Өнеркәсіп және құрылыс министрінің 2026 жылғы 15 сәуірдегі № 179 бұйрығы
БҰЙЫРАМЫН:
1. «Жер қойнауын пайдалануға арналған және жер қойнауы учаскесін өзгертуге арналған лицензияларды беруге (қайта ресімдеуге, ұзартуға) өтініштер нысандарын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Инвестициялар және даму министрінің 2018 жылғы 24 мамырдағы № 384 бұйрығына (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 17022 болып тіркелген) (бұдан әрі - бұйрық) мынадай өзгерістер енгізілсін:
көрсетілген бұйрықпен бекітілген Жер қойнауын пайдалануға арналған және жер қойнауы учаскесін өзгертуге арналған лицензияларды беруге (қайта ресімдеуге, ұзартуға) өтініштер нысандарында:
Осы бұйрыққа 1, 2, 3, 4, 5, 6, 7, 8, 9, 10 және 11-қосымшалар осы бұйрыққа 1, 2, 3, 4, 5, 6, 7, 8, 9, 10 және 11-қосымшаларға сәйкес жаңа редакцияда жазылсын.
2. Қазақстан Республикасы Өнеркәсіп және құрылыс министрлігінің Жер қойнауын пайдалану департаменті заңнамада белгіленген тәртіппен:
1) осы бұйрықты Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркеуді;
2) осы бұйрықты Қазақстан Республикасы Өнеркәсіп және құрылыс министрлігінің интернет-ресурсында орналастыруды қамтамасыз етсін.
3. Осы бұйрықтың орындалуын бақылау жетекшілік ететін Қазақстан Республикасының Өнеркәсіп және құрылыс вице-министріне жүктелсін.
4. Осы бұйрық алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік алпыс күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.
| Қазақстан Республикасының Өнеркәсіп және құрылыс министрі |
Е. Нагаспаев |
«КЕЛІСІЛДІ»
Қазақстан Республикасы
Жасанды интеллект
және цифрлық даму
министрлігі
«КЕЛІСІЛДІ»
Қазақстан Республикасы
Қаржы министрлігі
«КЕЛІСІЛДІ»
Қазақстан Республикасы
Ұлттық экономика
министрлігі