(БҰРЫНҒЫ РЕДАКЦИЯ) «ЖЫЛЖЫМАЙТЫН МҮЛІККЕ ҚҰҚЫҚТАРДЫ МЕМЛЕКЕТТІК ТІРКЕУ С...

Жылжымайтын мүлікке құқықтарды мемлекеттік тіркеу саласындағы статистикалық және өзге де есептік ақпаратты беру қағидаларын бекіту туралы
Қазақстан Республикасы Әділет министрінің м.а. 2018 жылғы 31 шілдедегі № 1192 бұйрығы

 

Осы редакция 2021 жылғы 20 сәуірде енгізілген өзгерістеріне дейін қолданылды

 

«Жылжымайтын мүлікке құқықтарды мемлекеттік тіркеу туралы» 2007 жылғы 26 шілдедегі Қазақстан Республикасы Заңының 18-1-бабының 4) тармақшасына, сондай-ақ «Мемлекеттік статистика туралы» 2010 жылғы 19 наурыздағы Қазақстан Республикасы Заңының 16-бабы 3-тармағының 2) тармақшасына сәйкес БҰЙЫРАМЫН:

1. Қоса берілген Жылжымайтын мүлікке құқықтарды мемлекеттік тіркеу саласындағы статистикалық және өзге де есептік ақпаратты беру қағидалары бекітілсін.

2. Мыналар:

1) «Азаматтарға арналған үкімет» мемлекеттік корпорациясының ғимараттарды, құрылыстарды және (немесе) олардың құрамдастарын мемлекеттік техникалық зерттеп-қарау саласындағы статистикалық және өзге есептілікті ұсыну қағидаларын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Әділет министрінің 2016 жылғы 28 қаңтардағы № 48 бұйрығынын (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 13042 болып тіркелген, 2016 жылғы 17 ақпанда «Әділет» ақпараттық-құқықтық жүйесінде жарияланған);

2) ««Азаматтарға арналған үкімет» Мемлекеттік корпорациясының ғимараттарды, құрылыстарды және (немесе) олардың құрамдастарын мемлекеттік техникалық зерттеп-қарау саласындағы статистикалық және өзге есептілікті ұсыну қағидаларын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Әділет министрінің 2016 жылғы 28 қаңтардағы № 48 бұйрығына өзгерістер енгізу туралы» Қазақстан Республикасы Әділет министрінің 2017 жылғы 27 сәуірдегі № 489 бұйрығы (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 15147 болып тіркелген, 2017 жылғы 5 маусымда нормативтік құқықтық актілер эталондық бақылау банкіде жарияланған) күші жойылды деп танылсын.

Для того, чтобы получить доступ к документу, Вам нужно перейти по кнопке Войти и ввести логин и пароль.
Если у вас нет логина и пароля, зарегистрируйтесь.