«Адам құқықтары мен заң үстемдігі саласындағы іс-қимыл жоспары туралы» Қазақстан Республикасы Президентінің 2023 жылғы 8 желтоқсандағы № 409 Жарлығы

ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫ ПРЕЗИДЕНТІНІҢ

 ЖАРЛЫҒЫ

 

Адам құқықтары мен заң үстемдігі саласындағы іс-қимыл жоспары туралы

 

Адам құқықтары мен заң үстемдігін қорғау жүйесін одан әрі дамыту мақсатында ҚАУЛЫ ЕТЕМІН:

1. Қоса беріліп отырған Адам құқықтары мен заң үстемдігі саласындағы іс-қимыл жоспары (бұдан әрі - Іс-қимыл жоспары) бекітілсін.

2. Қазақстан Республикасы Үкіметі:

1) Іс-қимыл жоспарын іске асыру бойынша қажетті шараларды қабылдасын;

2) жартыжылдық негізде 15 шілдеге және 5 қаңтарға дейін Қазақстан Республикасы Президентінің Әкімшілігіне Іс-қимыл жоспарының орындалу барысы туралы ақпарат ұсынсын.

3. Осы Жарлық қол қойылған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі.

 

 

Қазақстан Республикасының

         Президенті

 

Қ. Тоқаев

 

Астана, Ақорда, 2023 жылғы 8 желтоқсан

 

                   № 409

 

 

Қазақстан Республикасы

Президентінің

2023 жылғы 8 желтоқсандағы

№ 409 Жарлығымен

БЕКІТІЛГЕН

 

Адам құқықтары мен заң үстемдігі саласындағы

ІС-ҚИМЫЛ ЖОСПАРЫ

 

№

Іс-шараның атауы

Аяқталу нысаны

Іске асыру мерзімдері

Жауапты орындаушылар

 

1

2

3

4

5

1. Ерлер мен әйелдердің тең құқықтары мен мүмкіндіктерін ілгерілету

1.

Әкімнің гендерлік теңдік мәселелері бойынша штаттан тыс кеңесшісі лауазымын, оның ішінде азаматтық қоғам, сарапшылар және бизнес-қоғамдастық қатарынан құру

Президент Әкімшілігіне

ақпарат

2024 жыл

Үкімет, АҚҰО (келісім бойынша)

2.

Үкіметтің ерлер мен әйелдердің тең құқықтары мен мүмкіндіктерін ілгерілетуді қамтамасыз ету жөніндегі іс-қимыл жоспарын әзірлеу және қабылдау

Үкімет қаулысы

 

2024 жылғы тамыз

Үкімет, АҚҰО (келісім бойынша)

3.

БҰҰ, ЕҚЫҰ органдары мен институттарын ықтимал тарта отырып, әйелдердің, оның ішінде мемлекеттік қызметшілердің, саяси партиялар өкілдерінің және азаматтық белсенділердің біліктілігін арттыру мақсатында олар үшін семинар-тренингтер өткізу

тренингтер

2024-2025 жылдар

Үкімет

Для того, чтобы получить доступ к документу, Вам нужно перейти по кнопке Войти и ввести логин и пароль.
Если у вас нет логина и пароля, зарегистрируйтесь.