Қаржы мониторингі жөніндегі уәкілетті органның сұрау салуы бойынша заңды тұлға және заңды тұлғаны құрмайтын шетелдік құрылымның бенефициарлық меншік иелері туралы мәліметтер мен құжаттарды ұсыну қағидалары мен мерзімдерін және заңды тұлға және заңды тұлғаны құрмайтын шетелдік құрылымның бенефициарлық меншік иелерін сәйкестендіру үшін қажетті мәліметтерді тіркеу нысанын бекіту туралы
Қазақстан Республикасы Қаржылық мониторинг агенттігі Төрағасының 2022 жылғы 16 қыркүйектегі № 33 бұйрығы
(2026.19.01. берілген өзгерістермен)
ҚР Қаржылық мониторинг агенттігі Төрағасының 2025.29.12. № 26 бұйрығымен тақырыбы жаңа редакцияда (2026 ж. 19 қаңтардан бастап қолданысқа енгізілді) (бұр.ред.қара)
ҚР Қаржылық мониторинг агенттігі Төрағасының 2025.29.12. № 26 бұйрығымен кіріспе жаңа редакцияда (2026 ж. 19 қаңтардан бастап қолданысқа енгізілді) (бұр.ред.қара)
«Қылмыстық жолмен алынған кiрiстердi заңдастыруға (жылыстатуға), терроризмді қаржыландыруға және жаппай қырып-жою қаруын таратуды қаржыландыруға қарсы іс-қимыл туралы» Қазақстан Республикасы Заңының 12-3-бабының 1 және 5-тармақтарына сәйкес БҰЙЫРАМЫН:
ҚР Қаржылық мониторинг агенттігі Төрағасының 2025.29.12. № 26 бұйрығымен 1-тармақ жаңа редакцияда (2026 ж. 19 қаңтардан бастап қолданысқа енгізілді) (бұр.ред.қара)
1. Қоса беріліп отырған Қаржы мониторингі жөніндегі уәкілетті органның сұрау салуы бойынша заңды тұлға және заңды тұлғаны құрмайтын шетелдік құрылымның бенефициарлық меншік иелері туралы мәліметтер мен құжаттарды ұсыну қағидалары мен мерзімдерін және заңды тұлға және заңды тұлғаны құрмайтын шетелдік құрылымның бенефициарлық меншік иелерін сәйкестендіру үшін қажетті мәліметтерді тіркеу нысаны бекітілсін.
2. Қазақстан Республикасының Қаржылық мониторинг агенттігінің (бұдан әрі - Агенттік) Қаржы мониторингі субъектілерімен жұмыс департаменті заңнамада белгіленген тәртіппен: