«Кірістерді заңдастыру (жылыстату) және терроризмді қаржыландыру тәуекелдерін бағалау үшін мемлекеттік органдардан және қаржы мониторингі субъектілерінен деректер жинау әдіснамасын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Қаржы министрінің 2017 жылғы 29 наурыздағы № 196 бұйрығы

Кірістерді заңдастыру (жылыстату) және терроризмді қаржыландыру тәуекелдерін бағалау үшін мемлекеттік органдардан және қаржы мониторингі субъектілерінен деректер жинау әдіснамасын бекіту туралы
Қазақстан Республикасы Қаржы министрінің 2017 жылғы 29 наурыздағы № 196 бұйрығы

 

«Қылмыстық жолмен алынған кірістерді заңдастыруға (жылыстатуға) және терроризмді қаржыландыруға қарсы іс-қимыл туралы» 2009 жылғы 28 тамыздағы Қазақстан Республикасының Заңы 11-1-бабының 2-тармағына сәйкес БҰЙЫРАМЫН:

1. Қоса беріліп отырған кірістерді заңдастыруға (жылыстату) және терроризмді қаржыландыру тәуекелдерін бағалау үшін мемлекеттік органдардан және қаржы мониторингі субъектілерінен деректер жинау әдіснамасы бекітілсін.

3. Осы бұйрық қол қойылған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткеннен соң қолданысқа енгізіледі.

 

 

 

Қазақстан Республикасы

Қаржы министрінің

2017 жылғы 29 наурыздағы

№ 196 бұйрығымен

бекітілген

 

 

Кірістерді заңдастыру (жылыстату) және терроризмді қаржыландыру
тәуекелдерін бағалау үшін мемлекеттік органдардан және қаржы
мониторингі субъектілерінен деректер жинау

 әдіснамасы


1-бөлім. Жалпы ережелер

 

1. Осы Кірістерді заңдастыру (жылыстату) және терроризмді қаржыландыру тәуекелдерін бағалау үшін мемлекеттік органдардан және қаржы мониторингі субъектілерінен деректер жинау әдіснамасы (бұдан әрі - Әдіснама) қаржы мониторингі жөніндегі уәкілетті органның қылмыстық жолмен алынған кірістерді заңдастыру (жылыстату) және терроризмді қаржыландыру тәуекелдерін бағалау үшін деректер жинау (бұдан әрі - деректер жинау) жөнінде қызметін ұйымдастыруды айқындайды.

2. Деректер жинаудың мақсаты қылмыстық жолмен алынған кірістерді заңдастыру (жылыстату) және терроризмді қаржыландыру тәуекелдерін анықтау және сараптау болып табылады.

Для того, чтобы получить доступ к документу, Вам нужно перейти по кнопке Войти и ввести логин и пароль.
Если у вас нет логина и пароля, зарегистрируйтесь.