«Электрондық үкіметтің» ақпараттық-коммуникациялық инфрақұрылымының операторына бекітіліп берілетін «электрондық үкіметтің» ақпараттық-коммуникациялық инфрақұрылымы объектілерінің тізбесін бекіту туралы
Қазақстан Республикасы Инвестициялар және даму министрінің м.а. 2016 жылғы 28 қаңтардағы № 107 бұйрығы
(2021.15.06. берілген өзгерістер мен толықтыруларымен)
Осы редакция 2021 жылғы 4 тамызда енгізілген өзгерістеріне дейін қолданылды
ҚР Цифрлық даму, инновациялар және аэроғарыш өнеркәсібі министрінің 2020.21.10. № 396/НҚ бұйрығымен тақырыбы жаңа редакцияда (бұр.ред.қара)
«Ақпараттандыру туралы» Қазақстан Республикасының 2015 жылғы 24 қарашадағы Заңының 7-бабының 5) тармақшасына сәйкес БҰЙЫРАМЫН:
ҚР Цифрлық даму, инновациялар және аэроғарыш өнеркәсібі министрінің 2020.21.10. № 396/НҚ бұйрығымен 1-тармақ жаңа редакцияда (бұр.ред.қара)
1. Қоса беріліп отырған «Электрондық үкіметтің» ақпараттық-коммуникациялық инфрақұрылымының операторына бекітіліп берілетін «электрондық үкіметтің» ақпараттық-коммуникациялық инфрақұрылымы объектілерінің тізбесі бекітілсін.
2. Қазақстан Республикасы Инвестициялар және даму министрлігінің Байланыс, ақпараттандыру және ақпарат комитеті (Т.Б. Қазанғап):
1) осы бұйрықты Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркеуді;
2) осы бұйрық Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркелгеннен кейін оның көшірмелерін баспа және электрондық түрде күнтізбелік он күн ішінде мерзімді баспа басылымдарында және «Әділет» ақпараттық-құқықтық жүйесінде ресми жариялауға, сондай-ақ тіркелген бұйрықты алған күннен бастап күнтізбелік он күн ішінде Қазақстан Республикасы нормативтік құқықтық актілерінің эталондық бақылау банкіне енгізу үшін Республикалық құқықтық ақпарат орталығына жіберуді;
3) осы бұйрықты Қазақстан Республикасы Инвестициялар және даму министрлігінің интернет-ресурсына және мемлекеттік органдардың интранет-порталына орналастыруды;