(БҰРЫНҒЫ РЕДАКЦИЯ) АКЦИОНЕРІ МЕМЛЕКЕТ БОЛЫП ТАБЫЛАТЫН ҰЛТТЫҚ БАСҚАРУШЫ ...

ҚР Ұлттық экономика министрінің 2018.08.08. № 8 бұйрығымен қағида жаңа редакцияда (бұр.ред.қара)

Қазақстан Республикасы

Ұлттық экономика министрінің

2015 жылғы 27 ақпандағы

№ 149 бұйрығымен

бекітілген

 

Осы редакция 2022 жылғы 30 наурызда енгізілген өзгерістеріне дейін қолданылды

 

Акционері мемлекет болып табылатын ұлттық басқарушы холдингтердiң, ұлттық холдингтердiң, ұлттық

компаниялардың даму жоспарларын әзірлеу, бекіту, сондай-ақ олардың іске асырылуын мониторингілеу және бағалау

қағидалары
(2019.06.03. берілген өзгерістер мен толықтырулармен)

 

 

1-тарау. Жалпы ережелер

 

1. Осы Қағидалар «Мемлекеттік мүлік туралы» 2011 жылғы 1 наурыздағы Қазақстан Республикасы Заңының 13-бабы 4-4) тармақшасына сәйкес әзірленген және «Самұрық-Қазына» ұлттық әл-ауқат қоры» акционерлік қоғамнан басқа (бұдан әрі - Қор) акционері мемлекет болып табылатын ұлттық басқарушы холдингтердiң, ұлттық холдингтердiң, ұлттық компаниялардың даму жоспарларын (бұдан әрі - даму жоспары) әзірлеу, бекіту, сондай-ақ олардың іске асырылуын мониторингілеу және бағалау тәртібін айқындайды.

2. Осы Қағидаларда пайдаланылатын негізгі ұғымдар:

1) атқарушы орган - алқалы орган немесе атауы компанияның жарғысында белгіленетін атқарушы органның функциясын дара басшылықпен жүзеге асыратын тұлға;

2) даму жоспары - ұлттық басқарушы холдинг, ұлттық холдинг және ұлттық компания қызметiнiң негiзгi бағыттарын және қаржы-шаруашылық қызметiнiң көрсеткiштерiн айқындайтын бесжылдық кезеңге арналған құжат;

3) компания - акционері мемлекет болып табылатын Қорды қоспағанда ұлттық басқарушы холдингтер, ұлттық холдингтер, ұлттық компаниялар;

Для того, чтобы получить доступ к документу, Вам нужно перейти по кнопке Войти и ввести логин и пароль.
Если у вас нет логина и пароля, зарегистрируйтесь.