«Жердің ірі масштабты топырақ іздестірулерін жүргізу жөніндегі әдістемені бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрінің 2023 жылғы 22 ақпандағы № 75 бұйрығына өзгерістер енгізу туралы» Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрінің 2025 жылғы 9 шілдедегі № 218 бұйрығы

«Жердің ірі масштабты топырақ іздестірулерін жүргізу жөніндегі әдістемені бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрінің 2023 жылғы 22 ақпандағы № 75 бұйрығына өзгерістер енгізу туралы
Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрінің 2025 жылғы 9 шілдедегі № 218 бұйрығы

 

БҰЙЫРАМЫН:

1. «Жердің ірі масштабты топырақ іздестірулерін жүргізу жөніндегі әдістемені бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрінің 2023 жылғы 22 ақпандағы № 75 бұйрығына (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 31999 болып тіркелген) мынадай өзгерістер енгізілсін:

көрсетілген бұйрықпен бекітілген Жердің ірі масштабты топырақ іздестірулерін жүргізу жөніндегі әдістемеде:

6-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:

«6. Жерлердің ірі масштабты топырақ іздестірулерінің нәтижелері (топырақ карталары мен картограммалары) мемлекеттік жер кадастрының ақпараттық жүйесіне жұмыстар орындалған жылдан кейінгі жылдың 31 наурызына дейін енгізіледі.»;

8-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:

«8. Топырақ іздестірулер бойынша дала жұмыстары басталғанға дейінгі дайындық кезеңінде Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрлігі Жер ресурстарын басқару комитетінің «Жерлерге зерттеп-қарау жұмыстарын жүргізу мемлекеттік институты» шаруашылық жүргізу құқығындағы республикалық мемлекеттік кәсіпорны «Жер қатынастары саласындағы мемлекеттік қызметтерді көрсету жөніндегі қағидаларды бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрінің 2020 жылғы 1 қазандағы № 301 бұйрығымен (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 21366 болып тіркелген) бекітілген «Іздестіру жұмыстарын жүргізу үшін жер учаскелерін пайдалануға рұқсат беру» мемлекеттік қызметін көрсету қағидаларына сәйкес іздестіру жұмыстары үшін жер учаскесін пайдалануға рұқсат алады.»;

9-тармақтың 1) тармақшасы мынадай редакцияда жазылсын:

«1) картографиялық: қағаз және цифрлық тасығыштардағы фотожоспарлар, аэрофотосуреттер, ғарыштық суреттер және мемлекеттік жер кадастрының ақпараттық жүйесінің цифрлық деректері;»;

28, 29 және 30-тармақтар мынадай редакцияда жазылсын:

Для того, чтобы получить доступ к документу, Вам нужно перейти по кнопке Войти и ввести логин и пароль.
Если у вас нет логина и пароля, зарегистрируйтесь.