Жердің ірі масштабты топырақ іздестірулерін жүргізу жөніндегі әдістемені бекіту туралы
Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрінің 2023 жылғы 22 ақпандағы № 75 бұйрығы
(2025.27.07. берілген өзгерістермен)
Қазақстан Республикасы Жер кодексінің 14-бабы 1-тармағының 4-5) тармақшасына сәйкес БҰЙЫРАМЫН:
1. Қоса беріліп отырған Жердің ірі масштабты топырақ іздестірулерін жүргізу жөніндегі әдістеме бекітілсін.
2. Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрлігінің Жер ресурстарын басқару комитеті заңнамада белгіленген тәртіппен:
1) осы бұйрықтың Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркелуін;
2) осы бұйрық ресми жарияланғаннан кейін оның Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрлігінің интернет-ресурсында орналастырылуын қамтамасыз етсін.
3. Осы бұйрықтың орындалуын бақылау жетекшілік ететін Қазақстан Республикасының ауыл шаруашылығы вице-министріне жүктелсін.
4. Осы бұйрық алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік алпыс күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.