(БҰРЫНҒЫ РЕДАКЦИЯ) ҚР ҮКІМЕТІНІҢ 2014.05.03 № 181 ҚАУЛЫСЫ

«Мерейлі отбасы» ұлттық конкурсын өткізу қағидаларын бекіту туралы
Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2014 жылғы 5 наурыздағы № 181 Қаулысы

 

Осы редакция 2015 жылғы 12 тамызда енгізілген өзгерістеріне дейін қолданылды

 

«Мерейлі отбасы» ұлттық конкурсы туралы» Қазақстан Республикасы Президентінің 2013 жылғы 6 желтоқсандағы № 250 өкімі 4-тармағының 1) тармақшасын іске асыру мақсатында Қазақстан Республикасының Үкіметі қаулы етеді:

1. Қоса беріліп отырған «Мерейлі отбасы» ұлттық конкурсын өткізу қағидалары бекітілсін.

2. Осы қаулы алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.

 

 

Қазақстан Республикасының

Премьер-Министрі

 

С. Ахметов

 

Қазақстан Республикасы

Үкіметінің 2014 жылғы 5 наурыздағы

№ 181 қаулысымен бекітілген

 

 

«Мерейлі отбасы» ұлттық конкурсын өткізу

қағидалары

 

1. Жалпы ережелер

 

1. «Мерейлі отбасы» ұлттық конкурсы (бұдан әрі - конкурс) өнегелі құндылықтарды жаңғыртуға және отбасы мен некенің (ерлі-зайыптылықтың) жағымды үлгісін таратуға, отбасы мәртебесін арттыруға бағытталған.

Конкурс жылдың басында жарияланады және «Қазақстан Республикасындағы кәсіптік және өзге де мерекелер туралы» Қазақстан Республикасы Президентінің 1998 жылғы 20 қаңтардағы № 3827 Жарлығына сәйкес Отбасы күніне орай қорытындыланады.

Конкурсты өткізудің мақсаттары:

1) отбасы институтын, адамгершілікті, руханилықты нығайту, жауапты ерлі-зайыптылықтың маңызын тану;

2) ата-аналардың бала тәрбиелеудегі жауапкершілігін арттыру;

3) отбасылық құндылықтарды, кәмелетке толған балаларының еңбекке қабілетсіз және егде жастағы ата-аналарына қамқор болуын дәріптеу, және кеңінен насихаттау;

4) қазақстандық отбасының жағымды имиджін насихаттау.

2. Конкурсқа отбасылар (бұдан әрі - үміткерлер) қатысады. Конкурс Қазақстан Республикасының бүкіл аумағында ашық нысанда өткізіледі.

3. Конкурстың жеңімпаз отбасысы жалпыға ортақ интерактивті дауыс беру негізінде айқындалады.

Для того, чтобы получить доступ к документу, Вам нужно перейти по кнопке Войти и ввести логин и пароль.
Если у вас нет логина и пароля, зарегистрируйтесь.