«Қазақстан Республикасы Ұлттық қауіпсіздік комитеті Төрағасының кейбір бұйрықтарына өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» Қазақстан Республикасы Ұлттық қауіпсіздік комитеті Төрағасының 2025 жылғы 17 наурыздағы № 16/қе бұйрығы

Қазақстан Республикасы Ұлттық қауіпсіздік комитеті Төрағасының кейбір бұйрықтарына өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы
Қазақстан Республикасы Ұлттық қауіпсіздік комитеті Төрағасының 2025 жылғы 17 наурыздағы № 16/қе бұйрығы

 

БҰЙЫРАМЫН:

1. Қоса беріліп отырған Қазақстан Республикасы Ұлттық қауіпсіздік комитеті Төрағасының өзгерістер мен толықтырулар енгізілетін кейбір бұйрықтарының тізбесі бекітілсін.

2. Қазақстан Республикасы Ұлттық қауіпсіздік комитетінің Кадрлар департаменті заңнамада белгіленген тәртіпте осы бұйрық қол қойылған күнінен бастап күнтізбелік он күн ішінде оның орыс және қазақ тілдеріндегі көшірмелерін электронды түрде ресми жариялау және Қазақстан Республикасы нормативтiк құқықтық актілерiнiң эталондық бақылау банкiне енгізу үшін Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінің «Қазақстан Республикасы Заңнама және құқықтық ақпарат институты» шаруашылық жүргізу құқығындағы республикалық мемлекеттік кәсіпорнына жолдасын.

3. Қазақстан Республикасы Ұлттық қауіпсіздік комитеті Алматы, Ақмола, Қостанай, Маңғыстау, Ақтөбе, Қарағанды, Қызылорда облысы және Байқоңыр қаласы, Шығыс Қазақстан облысы, Павлодар, Атырау, Батыс Қазақстан облысы, Түркістан және Абай облыстары, Алматы және Шымкент қалалары бойынша департаменттері осы бұйрықтың 1-тармағында көрсетілген енгізілген өзгерістер мен толықтырулар туралы Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінің тиісті аумақтық органдарын бір айлық мерзімде хабардар етсін.

4. Осы бұйрық алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.

 

 

Комитет Төрағасы ұлттық

қауіпсіздік генерал-лейтенанты

 

Е. Сағымбаев

 

Қазақстан Республикасы

Ұлттық қауіпсіздік

комитеті Төрағасының

2025 жылғы 17 наурыздағы

№ 16/қе бұйрығымен

бекітілген

 

 

Қазақстан Республикасы Ұлттық қауіпсіздік комитеті Төрағасының өзгерістер мен толықтырулар енгізілетін кейбір бұйрықтарының

тізбесі

 

Для того, чтобы получить доступ к документу, Вам нужно перейти по кнопке Войти и ввести логин и пароль.
Если у вас нет логина и пароля, зарегистрируйтесь.