«2019 – 2021 жылдарға арналған республикалық бюджет туралы» Қазақстан Республикасының Заңына өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» Қазақстан Республикасының 2019 жылғы 13 сәуірдегі № 246-VІ Заңы

ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫНЫҢ

ЗАҢЫ

 

«2019 - 2021 жылдарға арналған республикалық бюджет туралы»

Қазақстан Республикасының Заңына өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы

 

1-бап. «2019 - 2021 жылдарға арналған республикалық бюджет туралы» 2018 жылғы 30 қарашадағы Қазақстан Республикасының Заңына (Қазақстан Республикасы Парламентінің Жаршысы, 2018 ж., № 21, 77-құжат) мынадай өзгерістер мен толықтырулар енгізілсін:

1) 1, 5 және 7-баптар мынадай редакцияда жазылсын:

«1-бап. 2019 - 2021 жылдарға арналған республикалық бюджет тиісінше осы Заңға 1, 2 және 3-қосымшаларға сәйкес, оның ішінде 2019 жылға мынадай көлемдерде бекiтiлсiн:

1) кiрiстер - 10 452 544 581 мың теңге, оның iшiнде:

салықтық түсiмдер бойынша - 6 859 679 761 мың теңге;

салықтық емес түсiмдер бойынша - 119 822 186 мың теңге;

негiзгi капиталды сатудан түсетiн түсiмдер бойынша - 6 884 960 мың теңге;

трансферттер түсiмдерi бойынша - 3 466 157 674 мың теңге;

2) шығындар - 11 461 352 695 мың теңге;

3) таза бюджеттiк кредиттеу - 199 375 848 мың теңге, оның iшiнде:

бюджеттiк кредиттер - 315 403 588 мың теңге;

бюджеттiк кредиттердi өтеу - 116 027 740 мың теңге;

4) қаржы активтерiмен жасалатын операциялар бойынша сальдо - 156 451 524 мың теңге, оның iшiнде:

қаржы активтерiн сатып алу - 156 451 524 мың теңге;

5) бюджет тапшылығы - -1 364 635 486 мың теңге немесе елдiң iшкi жалпы өнiмінің 2,1 пайызы;

6) бюджеттің мұнайға қатысты емес тапшылығы - -5 445 623 486 мың теңге немесе елдiң iшкi жалпы өнiмінің 8,5 пайызы;

7) бюджет тапшылығын қаржыландыру - 1 364 635 486 мың теңге.»;

«5-бап. 2019 жылға арналған республикалық бюджетте облыстық бюджеттерден, республикалық маңызы бар қаланың, астана бюджеттерінен республикалық бюджетке бюджеттік алып қоюлардың көлемдері 285 972 085 мың теңге сомасында көзделсін, оның ішінде:

Атырау облысынан - 105 177 356 мың теңге;

Маңғыстау облысынан - 35 365 489 мың теңге;

Алматы қаласынан - 115 389 732 мың теңге;

Нұр-Сұлтан қаласынан - 30 039 508 мың теңге.»;

«7-бап. 2019 жылға арналған республикалық бюджетте Қазақстан Республикасының Ұлттық қорынан кепiлдендірiлген трансферт мөлшерi 2 700 000 000 мың теңге сомасында көзделсiн.»;

2) мынадай мазмұндағы 7-1-баппен толықтырылсын:

«7-1-бап. 2019 жылға арналған республикалық бюджетте Қазақстан Республикасының Ұлттық қорынан Қазақстан Республикасының Президенті айқындаған мақсаттарға нысаналы трансферт 370 000 000 мың теңге сомасында көзделсін.»;

3) 13-баптың бірінші бөлігінде:

17) тармақша мынадай редакцияда жазылсын:

«17) азаматтық қызметшілердің жекелеген санаттарының, мемлекеттік бюджет қаражаты есебінен ұсталатын ұйымдар қызметкерлерінің, қазыналық кәсіпорындар қызметкерлерінің жалақысын көтеруге;»;

20), 21), 22), 23), 24) және 25) тармақшалар алып тасталсын;

мынадай мазмұндағы 25-1), 32-1), 33-1), 33-2) және 33-3) тармақшалармен толықтырылсын:

«25-1) бастауыш, негізгі және жалпы орта білім беру ұйымдарының мұғалімдері мен педагог-психологтарының еңбегіне ақы төлеуді ұлғайтуға;»;

«32-1) аз қамтылған көп балалы отбасыларға коммуналдық тұрғын үй қорының тұрғын үйін сатып алуға;»;

«33-1) «Ауыл - Ел бесігі» жобасы шеңберінде ауылдық елді мекендердегі әлеуметтік және инженерлік инфрақұрылым бойынша іс-шараларды іске асыруға;

33-2) мемлекеттік әкімшілік қызметшілердің жекелеген санаттарының жалақысын көтеруге;

33-3) «Бизнестің жол картасы - 2020» бизнесті қолдау мен дамытудың мемлекеттік бағдарламасы шеңберінде жаңа бизнес-идеяларды іске асыру үшін жас кәсіпкерлерге мемлекеттік гранттар беруге;»;

4) 14 және 15-баптар мынадай редакцияда жазылсын:

«14-бап. Облыстық бюджеттерге, республикалық маңызы бар қалалардың, астана бюджеттеріне облыс орталықтарында, Нұр-Сұлтан, Алматы, Шымкент, Семей қалаларында және моноқалаларда кәсіпкерлікті дамытуға жәрдемдесуге 2019 жылға арналған кредиттер сомаларын бөлу Қазақстан Республикасы Үкіметінің шешімі негізінде айқындалады.

15-бап. Нәтижелі жұмыспен қамтуды және жаппай кәсіпкерлікті дамытудың 2017 - 2021 жылдарға арналған «Еңбек» мемлекеттік бағдарламасының іс-шараларын іске асыруға арналған қаражатты бөлу және (немесе) пайдаланудың тәртібі Қазақстан Республикасы Үкіметінің шешімі негізінде айқындалады.»;

5) 17, 18, 19 және 20-баптар мынадай редакцияда жазылсын:

«17-бап. Қазақстан Республикасы Үкiметiнiң 2019 жылға арналған резервi 67 840 330 мың теңге сомасында бекiтiлсiн.

18-бап. Қазақстан Республикасы Цифрлық даму, қорғаныс жəне аэроғарыш өнеркəсібі министрлігінің 2019 жылға арналған шығындарының құрамында мемлекеттiк материалдық резервті қалыптастыруға және сақтауға республикалық бюджет кірістерінде жаңарту тәртібінде шығарылған материалдық құндылықтарды өткізуден түскен 6 884 960 мың теңге сомасындағы қаражатты көрсете отырып, 10 947 307 мың теңге сомасында қаражат көзделгені ескерілсін.

19-бап. Қазақстан Республикасы Индустрия және инфрақұрылымдық даму министрлігінің 2019 жылға арналған шығындарының құрамында мемлекеттік мүлікті сенімгерлік басқару шарты бойынша міндеттемелерді орындауға «ҚазАвтоЖол» ұлттық компаниясы» акционерлік қоғамына аудару үшін 26 666 940 мың теңге сомасында қаражат көзделгені ескерілсін.

20-бап. 2019 жылға арналған республикалық бюджетте мемлекет кепiлдiк берген қарыздарды өтеу және оларға қызмет көрсету үшiн 646 417 мың теңге көзделсiн.»;

6) көрсетілген Заңға 1 және 4-қосымшалар осы Заңға 1 және 2-қосымшаларға сәйкес редакцияда жазылсын.

2-бап. Осы Заң 2019 жылғы 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгiзiледi.

 

 

Қазақстан Республикасының

         Президенті

 

      Қ. ТОҚАЕВ

 

Нұр-Сұлтан, Ақорда, 2019 жылғы 13 сәуір

                  № 246-VІ

 

 

 

«2019 - 2021 жылдарға арналған

республикалық бюджет туралы»

Қазақстан Республикасының

Заңына өзгерістер мен

толықтырулар енгізу туралы»

2019 жылғы 13 сәуірдегі

Қазақстан Республикасының

№ 246-VI Заңына

1-ҚОСЫМША

 

«2019 - 2021 жылдарға арналған

республикалық бюджет туралы»

2018 жылғы 30 қарашадағы

Қазақстан Республикасының

№ 197-VI Заңына

1-ҚОСЫМША

 

 

2019 жылға арналған республикалық бюджет